240
Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылар санын арттыру,
капитал салымдарын көбейту, тұтынылатын шикізат көлемін арттыру,
т.б.
Экономикалық өсудің интенсивті типі өндірістің аса тиімді
құралдары мен технологияларын қолдануға негізделеді. Мұндай
жағдайда экономикалық өсу өндіріс факторларын қолдануды сапалық
жағынан жақсарту есебінен орындалады.
Экономикалық өсудің
интенсивті факторлары өндірістік ресурстарды қолданудың тиімділі-
гін арттыру есебінен өндіріс көлемін ұлғайтудың сапалық жағын
сипаттайды. Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылардың
біліктілігін көтеру, ғылыми-техникалық прогресс, үнемдеу тәртібі,
технологияны, еңбектің ұйымдастырылуы мен өндірісті жетілдіру,
өнімнің
сапасын көтеру, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: