Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет268/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   295
Экономикалык теория

Алыпсатарлық – пайда табуға бағытталған сатушының немесе 
сатып алушының қайта сату бойынша әрекеттері.
Амортизация – негізгі капиталды тұтыну.
Аралық өнімдер – қайта сату, алғашқы өңдеу немесе дайындау 
үшін сатып алынатын тауарлар.
«Арзан» ақшалар саясаты – экономикалық белсенділікті көтеру 
үшін айналымдағы ақша массасын ұлғайту саясаты.
Артықшылық – берілген бағалар (тепе-теңдік бағадан жоғары) 
кезінде тауардың ұсыныс көлемінің оған деген сұраныс көлемінен 
артып кетуін білдіретін шама.
Асимметриялық ақпарат – нарықта сатушының (сатып 
алушының) сатып алушыға (сатушыға) қарағанда тауарлар немесе 
қызметтер туралы аса маңызды ақпараттарға ие болу жағдайы.
Атаулы жалақы – жұмыскердің жұмыс уақытының бірлігіне 
(сағатына, күніне және т.б.) алатын ақшалай табысының көлемі.
Атаулы пайыз мөлшерлемесіелдегі инфляция қарқынын 
ескермейтін банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыз 
қойылымы.
Атаулы табыс – жекелеген тұлғалардың және топтардың белгілі 
бір нақты уақыт аралығында тапқан табыстарының ақшалай көлемі.
Ашық нарықтағы операциялар – мемлекеттің орталық банк 
арқылы айналымдағы ақша массасын реттеу үшін бағалы қағаздарды 
сату және сатып алу әрекеттері.
Ашық экономика – тауарлар мен қызметтердің экспорты мен 
импортын жүзеге асыратын елдің экономикасы.


335
Әлеуетті бәсекелестік – салада жұмыс істейтін фирмаларға жо-
ғары экономикалық пайда алуды қамтамасыз ететін жаңа фирмалар-
дың сол салаға кіру мүмкіндіктері.
Әміршіл-әкімшіл экономика – барлық материалдық ресурстар 
мемлекеттік меншікті құрайтын және экономикалық қызметтің бағы-
ты орталықтандырылған экономикалық жоспарлау жолымен жүзеге 
асырылатын шаруашылықты ұйымдастырудың бір әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет