Кедейшілік – индивид немесе отбасы қажеттіліктерінің қолда бар
құралдарынан асып кетуі жағдайы.
Кейнстік экономикалық теория – капиталистік экономиканың
өздігінен ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ете алмай-
тындығын және олардың толық қамтылуына қол жеткізу үшін бюджет-
салық және ақша-несие саясаттарын қолдану керектігін түсіндіретін
және экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігін жақтайтын
көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт.
Классикалық экономикалық теория – капиталистік экономика-
ның мемлекеттің араласуынсыз өздігінен ресурстарды толық қолдана
алатындығын түсіндіретін ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт.
Коммерциялық банктер – халықтың уақытша бос ақша-
қаражаттарын тартып несие берумен айналысатын және банктік
операцияларды жүргізуге үкіметтен рұқсаты бар фирмалар.
Коуз теоремасы – сыртқы әсерлердің мәселесін мемлекеттің
қатысуын-сыз өзара мүдделі жақтармен белгілі бір келісімдерге келу
арқылы шешуге болатындығын дәлелдейтін теория.
Көлденең кесінді – өндіріс көлемінің өзгеруіне қарамастан бағалар
деңгейінің тұрақтылығы сақталатын жиынтық ұсыныс қисығының
көңденең бір бөлігі.
«Үміт үзген» жұмысшылар – жұмыс таба алмағаны үшін жұмыс
күші құрамынан шыққан жұмысшылар.
Көлденеңінен бірігу – өндірістің белгілі бір кезеңін жүзеге
асыратын және бір фирманың меншігі болып табылатын кәсіпорындар
тобы.
Көлденеңінен қосылу – өнімнің белгілі бір түрін өндіретін
бірнеше фирмалардың бір фирма болып толығуы.
«Көрінбейтін қол» – қоғам мүдделерін ең жақсы жағынан
қамтамасыз ету және қажеттіліктерді максималды түрде қанағат-
342
тандыру мақсатында фирмалардың және ресурс иелерінің бәсекелес
нарықтарда мүмкіндігінше көбірек пайда табуларына итермелейтін
ынталары мен күш-жігерлері.