Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі



Pdf көрінісі
бет57/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   295
Экономикалык теория

4.2. Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі 
теориялары
Тауар ерекше экономикалық игілік ретінде кез келген экономика-
лық жүйенің жасушасы болып табылады. Адам еңбегінің нәтижесі 
болып табылатын өнім тауарға айнала алады. Себебі ол өзінің ғана 
емес, басқа адамның тұтынуына арналады, айырбасқа және сату-сатып 
алуға бағытталады.
Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам 
іс-әрекетінің нәтижесі. Тауардың 2 қасиеті бар:
1. Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың 
қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола 
алады. 
2. Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа 
айырбастала алуы.
Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының 
екі жақтылығын көрсетеді. Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі 
жақтылығынан туындайды. Демек, кез келген тауар өндірушінің еңбегі 
екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір тұтыну 
құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан, бұл адамның 
жұмыс күші шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі. 
Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Мәселен, 
ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі – үстел, тігіншінікі – көйлек 
және т.б. болып табылады. Бірақ ағаш ұстасы да, тігінші де нақты 
еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып, ақыл-ой 
және дене еңбегін шығындайды. Адамның осындай шығындары 
тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол оның нақты түріне тәуелсіз 
болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп атайды. 
Демек, нақты және абстрактілі еңбек – бұл тауарды жасайтын сол 
бір еңбектің екі жағы.
Нарық жағдайында тауардың құны жеке еңбек шығынымен емес, 
қоғамдық қажетті еңбек шығынымен және қоғамға қажетті жұмыс 
күшімен анықталады.


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет