149
Екі адам оқитын дәріс –
бұл екі оқытушының диалогы
барысында материалды проблемалық жолмен ұсынудың түрі.
Теориялық және практикалық сұрақтарды талқылаудың шынайы
кӛрінісін екі оқытушы (мысалы, түрлі ғылыми мектептердің
ӛкілдері, теоретик және практик, қорғаушы немесе қарсы шығушы)
модельдейді. Оқытушылардың диалогы пікірталас жүргізу
мәдениетін кӛрсететіндей болуы керек, пікірталасқа студенттерді
қатысуға, ӛз пікірін дәлелдеуге,
сұрақ қоюға итермелейтіндей
болуы керек. Артықшылықтары:
1. диалогты түсініп, оған қатысу үшін студенттерде бар білім
ӛзектілікке иеленеді;
2. проблемалық ситуация туындайды, дәлелдер жүйесі
белгіленеді және т.б.;
3. екі ақпарат кӛзінің болуы түрлі пікірлерді салыстыруға,
таңдау жасауға, ӛз кӛзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
4. пікірталасты жүргізу мәдениеті жайында кӛрнекі түсінігі
қалыптасады;
5. педагогтың кәсібилігі айқындалады түседі, оның тұлғасы
танылады.
Алдын-ала жоспарланған қателері бар дәріс студенттердің
зейінін шоғырландыруға, олардың ақыл-ой әрекетін дамытуға,
сарапшы,
сыншы
рольдерінде
сӛз
сӛйлеу
іскерліктерін
қалыптастыруға бағытталған. Дәріске алдын-ала жоспарланған
қателер (мазмұндық, әдістемелік, әрекеттік сипаттағы) енгізіледі де,
оларды оқытушы дәріс соңында студенттерге ұсынады. Типтік
қателер таңдалып алынады, бұнда студенттердің міндеті дәрісті оқу
барысында
қателерді тауып, оларды шығарып отыру. Қателерді
талдауға 10-15 минут уақыт бӛлінеді. Дұрыс жауапты тек оқытушы
емес, студенттер де атап отырады. Дәріс ынталандырушы, бақылау,
диагностикалық міндеттерді атқарады.
Дәріс-пресс-конференция. Дәріс тақырыбын айтқаннан кейін
оқытушы білім алушыларға тақырып бойынша жазбаша түрде ӛзіне
сұрақтар қоюын сұрайды. 2-3 минут ішінде студенттер ӛздерін
толғандырған сұрақтарды жазып, оқытушыға береді. Оқытушы 3-5
минут ішінде сұрақтарды мазмұны бойынша сұрыптайды. Бұнда
дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, тұтас мәтін түрінде оқылады.
Оны баяндау барысында берілген сұрақтарға жауаптар құрылады.
Дәріс соңында оқытушы берілген жауаптарды талдайды. Бұл
дәрісті мына жағдайларда ӛткізген қолайлы: тақырыптың басында
150
топтың қажеттіліктерін,
қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін,
мақсаттарын анықтау үшін; ортасында курстың негізгі мәселелері
қаралған жағдайда студенттерді тарту үшін; соңында – меңгерілген
білімнің даму перспективасын анықтау үшін.
Колледж және ЖОО-ның білім беру жүйесінің оқу үрдісін
ұйымдастырудың келесі түрі – семинарлар мен практикалық
сабақтар болып табылады.
Колледж және ЖОО-ның оқу үрдісіндегі
практикалық
Достарыңызбен бөлісу: