75
Сонымен, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-
педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек,
сонымен
бірге ол білімдерін нақты бір ситуацияларда қолданылуы қажет.
Кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісінде шебер болуын анықтайды
деп айтуға болады.
Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және
практикалық дайындығынан құралады. Олар өз кезегінде
педагогикалық
іскерліктерге
бөлінеді.
Педагогикалық
құзыреттіліктің құрылымы:
Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және
үйлесімді тұлғаны дамытуға бағытталаған, бірізді жүзеге асатын
автоматтандырылыған әрекеттердің жиынтығы. (В. А. Сластенин)
Педагогикалық іскерліктер – мұғалімінің әр түрлі әрекеттерінің
жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық іс-әрекеттің қызметіне
сәйкес келеді, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық
ерекшеліктерін анықтайды. (В. А. Мижериков).
Мұғалімнің теориялық дайындығы
педагогикалық ойлау іскерлігі
түрінде көрінеді.
Педагогтың теориялық дайындығына:
- аналитикалық іскерлік;
- болжау іскерлігі;
- жобалау іскерлігі;
- рефлексивті іскерлік кіреді.
Аналитикалық іскерлік төмендегі іскерліктерден құралады:
- педагогикалық құбылыстарды талдай алу;
- зерттейтін құбылыстарға сәйкес педагогикалық теорияларды,
заңдылықтарды анықтау;
- педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу;
- негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру;
- міндеттерді тиімді шешу жолдарын анықтау.
Болжау іскерлігі білім беру процесін басқарумен байланысты
және ол басқару субъектісі мен күтілетін нәтижеге бағытталады.
Педагогикалық болжау педагогикалық процестің логикасы мен
мәні туралы нақты білімге негізделеді.
Болжау іскерлігі құралады:
- білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтау;
- оларға жету үшін әдістерді таңдау;
- мүмкін
болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу;
76
- білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін
шығындарды болжау;
- білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсерлесу
мазмұнын жоспарлау.
Болжау іскерлігі болжау объектісіне байланысты үш топқа
бөлінеді:
- ұжым дамуын болжау;
- тұлға дамуын болжау;
- педагогикалық процесті болжау.
Жобалау іскерлігі дегеніміз:
- оқыту және тәрбие жолдарын нақтылау;
- оларды
кезеңдер бойынша негіздеу;
- іс-әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау;
- білім беру процесінің құрылымын, формаларын анықтау;
- оқушылармен жеке жұмысты жоспарлау;
- ата-аналармен, қоғаммен байланыс орнатуды жоспарлау.
Рефлексивті іскерлік педагогтың өзіне бағытталған бақылау-
бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады.
•
Рефлексия - өзімізді, әрекеттерімізді талдауға бағытталған
теориялық іс-әрекеттің ерекше түрі. Рефлексия латынша өткенге
қайта оралу дегенді білдіреді.
Рефлексивті іскерлік:
- берілген үлгілер бойынша жеткен нәтижені сәйкестендіру
негізінде бақылау;
- ойша күтілетін әрекеттер нәтижесі негізінде бақылау;
- нақты орындалған әрекеттерді талдау негізінде бақылауды
білдіреді.
Аталған педагогикалық іскерліктер нақты педагогикалық
әрекетте көрініс табады. Олай болса,
педагогикалық іс-әрекет
ұғымын түсіндірместен бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Іс-
әрекет – адамның қоғамдық тарихи болмысының ерекше формасы.
Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл адамның табиғи
және әлеуметтік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі
ретінде түсіндіруге болады. Іс-әрекет ұғымын бірнеше мағынада
түсіндіруге болады: ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихы
болмыстың ерекше түрі, бар болудың және даму тәсілі ретінде.