Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет14/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1.9. Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы дүниежүзінің көптеген елдерімен стандарттау саласында өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда. Бұл ынтымақтастық:


- ҚР әлемдік экономикалық кеңістікке саудадағы техникалық кедергіні жою арқылы кіруге көмек көрсету;
- халықаралық ұйымдар аумағында, стандарттау және заңдастырылған метрология бойынша бірлесіп жұмыс істеу ережелері мен іс-ретін қабылдау және қалыптастыру;
- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекетаралық қарым-қатынастың маңызды бағыттары мен пішімдері бойынша ортақ іс-әрекетті келісу;
- тауар алмасуда техникалық және кедендік кедергілерді жою, өндірістің тиімділігін арттыру;
- ғылыми-зерттеулер, ғылыми-техникалық бағдарламалар, жоспарлар және жобалардың негізгі бағдарларын қарастыру және қабылдау мәселелерін шешуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасы – стандарттау бойынша Халықаралық ұйымдардың (ISO – International Or­ganiza­tion for Standardization), заңдастырылған метрология (OIML – Interna­tional Or­ganization of Legal Metrology) және Стандарттау бойынша Аймақаралық Ассоциа­циясының (МАС) толыққанды мүшесі.
Қазақстан Республикасымен:
- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында ТМД елдерімен қарым-қатынас туралы өкіметаралық келісім;
- стандарттау, метрология және сертификаттау саласында Иран Ислам республикасы өнеркәсіп зерттеулері мен стандарттар институтымен (ISIRI Institute of Standards and Industrial Research of Iran ), Неміс нормальдар институтымен (DIN Deutsches Institut fur Nor­mung), Түрік стандарттар институтымен (TSE Turkish Standards Instition) ұлттық ұйымдар деңгейіндегі меморандумдар мен қарым-қатынас туралы келісімдер бар.
Стандарттау саласы бойынша: Қытай Халық Республикасы, Болгария, Иран, Ресей Федерациясы, Қырғыз республикасы, Әзербайжан, Украина, Грузия, Молдово, Беларусь, Польша және басқа мемлекеттермен келісім дайындалуда.
2005 жылы Қазақстан Халықаралық өлшем және салмақ ұйымына
ассоциирланған мүше ретінде қабылданса, 2008 жылдың 31 желтоқсанында оған мүше болды. Евро-Азиялық ұлттық метрологиялық мекемелер қарым-қатынасы (КООМЕТ) 2010 жылдың қарашасындағы сапа Форумында Қазақстан метрологиялық институтына ИСО/МЭК 17025 стандартына сәйкес институттың сапа менеджмент жүйесін мойындауы туралы куәлігін тапсырды. Бұл сертификат қазақстандық метрологияның халықаралық деңгейін мойындаутұғын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет