122
Бірінші түйінді бағыт – дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық.
Бұл бағыт бірінші он жылдық кезеңінде нәтижесі көрінетін
шараларды қамтиды. Ол шаралар – біршама қолайлы бизнес орта
құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені жетілдіру.
Стратегиялық жоспар – 2020-ны іске асырудың алғашқы
жылдары мемлекет отандық кәсіпкерлер үшін де және халықаралық
инвесторлар үшін де бизнес жүргізудің құнын азайтуға бағытталған
белсенді шараларға бастама жасайды.
Бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі стратегиялық мақсаттарының
кейбіреулері: 2020 жылға қарай
экономиканың шикізат емес
секторларына салынатын отандық және шетелдік инвестициялар
(өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қызметтер)
кемінде 30%-ға ұлғаяды; жалпы ішкі өнімдегі тікелей шетел
инвестицияларының үлесі он пайыздық деңгейге ұлғаяды; ЖІӨ-
дегі шағын және орта бизнестің үлесі 7-10%-ға ұлғаяды және т.б.
Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде қаржы жүйесін
мемлекеттік қолдау сақталады. Жалпы алғанда, қаржы секторының
дамуы елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы үшін
қаржы ресурстарын тартуға бағытталады.
Отандық құқықтық жүйені жаңғыртудың тұжырымды
ұстанымдары және оның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі
бағыттары Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға
дейінгі кезеңге арналған құқықтық
саясат тұжырымдамасында
айқындалған.
Екінші түйінді бағыт – экономиканы әртараптандыруды
жетілдіру. Стратегиялық жоспарды іске асыру кезеңінде үдемелі
индустрияландыру жолымен экономиканы әртараптандыру
жеделдетіледі. Әртараптандыруды жүзеге асыру үшін қолайлы
экономикалық орта қалыптастыру қажет; бұл мәселені қолдау үшін
макроэкономикалық жетілдіруді талап етеді; ұлттық инновациялық
жүйені құруды қарастырған жөн. Себебі шетелдік тәжірибені талдау
әлемінің барлық үздік инновациялық жүйелері көп жағдайда елеулі
мемлекеттік қолдауға ие болатындығын айғақтайды.
Сонымен қатар бұл түйінді бағытты іске асыру үшін табысты
индустрияландыру қағидаттарын басшылыққа алу керек.
Қазақстанды индустрияландыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) мемлекеттік және жеке меншік секторлардың рөлдерін
нақты анықтау;
123
2) компаниялар мен мемлекеттік органдардың қызметінің
ашықтығын арттыру;
3) тауарлар сапасы және жұмыстар мен қызмет көрсетулердің
өнімділігінің өсуі, олардың құнын төмендетудің жетекші факторы
ретінде бәсекелестікті қамтамасыз ету.
Экономиканы әртараптандырудың
стратегиялық мақсаттары
2020 жылға қарай:
1) Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің
үлесі кемінде 13%-ды құрайды;
2) шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің
жиынтық өндірісінің кемінде 50%-ын құрайды;
3) өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2 есе
ұлғаяды;
4) агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 4 есеге
ұлғаяды;
5) шикізаттық емес сектордың өзіндік құнындағы көлік
шығыстардың үлесі кемінде 15%-ға қысқарады;
6) ЖІӨ энергия сыйымдылығы кемінде 25%-ға азаяды,
инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20%-ға дейін ұлғаяды.
Үшінші бағыт – болашаққа салынған инвестициялар –
Қазақстанның адам ресурстарының сапасын ұзақ мерзімді кезеңде
арттыруға үшін қажетті шараларды қамтиды (білім, денсаулық
сақтау, еңбек ресурстары).
Экономикалық пайдалар болашақта жұмыс күшінің сапасы
мен өнімділігін елеулі түрде арттыратын білім беру мен денсаулық
сақтауға инвестициялар салумен тығыз байланысты.
Үшінші бағыттағы еңбек ресурстарының санын ұлғайту үшін
мынандай стратегиялық мақсаттар қойылады: 2020
жылға қарай
Қазақстан халқы санының өсуі 10%-дан кем емес көрсеткішті
құрайтын болады; шетел жұмыс күшін қарастырудың мемлекеттік
квотасы шеңберінде иммигранттар арасында білікті мамандардың
өсуі – 50%-ға дейін қамтамасыз етіледі.
Төртінші түйінді бағыт (халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық). Бұл стратегияның мақсаттары 2020
жылға қарай:
а) жұмыссыздық 5%-дан төмен деңгейде болады;
б) халық арасындағы жұмыспен қамтамасыз етілген жоғары
санаты бар жұмыс күшінің үлес салмағы 50%-ға дейін өседі;
124
в) ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық еңбек қатынастары
жүйесі 90-95%-ға қамтамасыз етіледі;
г) зейнетақы жүйесінің барлық
деңгейлерінде зейнетақының
барабар және әлеуметтік әділ деңгейі қамтамасыз етіледі;
д) елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70%-ы
коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады.
Бесінші түйінді бағыт – ұлтаралық келісім, қауіпсіздік
халықаралық қатынастардың тұрақтылығы, ішкі тұрақтылықты
қолдау. Ішкі саяси салада 2020 жылға дейінгі кезеңде бейбітшілік пен
келісімді, Қазақстан қоғамының орнықтылығы мен тұрақтылығын
сақтау негізгі мақсаттар болып қала береді.
Қазақстанның 2020-шы жылға дейінгі бес түйінді бағыты негізгі
ұтымды макроэкономикалық саясат болып табылады.
Бұл стратегиялық жоспар елдің «Қазақстан-2030» бас
стратегиясының негізгі идеясын жүзеге
асырудағы шешуші кезең
және соның нақтылы бағыттары мен көрсеткіштерін орындауда
ерекше рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар ол стратегиялық
басқару тек жәй болжамы ғана емес екенін және ол қамтитын
үдерістер мен үрдістер өмірдегі шынайы құбылыстар екенінің
айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: