Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет13/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

проблемалық-мақсаттық 
жобалау 
әлеуметтік-
экономикалық даму мақсаттарына сай болашақтағы 
әлеуметтік проблемаларды қолда бар ресурстарды ескере 
отырып шешу жолдарын жасауға бағытталған әлеуметтік 
технологияға жатады. Жобалаудың мақсаты-басқарушылық 
шешімді алдын ала ғылыми негіздеу. Автор сонымен қатар, 
аталған технологияның ғылым мен тәжірибеде сол кезде 
терең қарастырылмағанын үш бӛліктен тұратын - болжау -
жобалау – бағдарлама немесе жоспарлау басқару жүйесінде 
ортаңғы бӛліктің, яғни әлеуметтік жобалау бӛлігінің 
болмауынан-деп түсіндіреді, ӛйткені, дәл сол бӛлікте 
әлеуметтік үдерістерді басқарудың тиімділігін арттыратын 


41 
ғылыми негіздемелердің үлкен резерві жатыр – дейді. 
Жобалаудың осы сипаттары әлеуметтік басқаруды ғылыми 
негіздеумен тығыз байланысты әлеуметтік проблемалар 
мен міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар 
құруға мүмкіндік туғызады. 
Жобалау қызметі мен әлеуметтік жобаларды басқару 
бағдарламалары алдын ала жасалатын болғандықтан 
жобалауды болжау мақсатында да пайдалануға болады, оны 
болжаулық жобалау деп те атайды. Жобалауды әлеуметтік 
ортада шағын топтарда қолдану әрекеті басқарушылық 
ықпал етудің бір түрі деп қарастырылады, бұл жерде 
жобалау басқарудың бӛлігі деп есептеледі. Жобалау 
идеялары 
мен 
әлеуметтік 
жобаларды 
басқарудың 
жақындастырылуы әлеуметтік жобалаудың пайда болуына 
әкелуде, бұл кӛптеген әлеуметтік проблемаларды шешу 
жолдарының нақтылануға әсер етеді. 
Жобалаудың тағы бір қызметі – келісу, келісіп әрекет 
жасауды қамтамасыз ету. Қалыптасқан үдеріс негізінде 
қызмет атқаратын кез келген сала, соның ішінде, әлеуметтік 
салалар бірнеше әрекет түрлерінен тұратын күрделі 
ұйымдастырылған жүйеден тұрады.
Әлеуметтік жүйелердің әрбір бӛлігі үшін ӛз 
нормативтері мен заңдылықтары біртұтас әрі мызғымас 
сипатта болады. Бірақ жобаны басқарушы үшін жүйенің 
әрбір бӛлігі тұтас жүйенің компоненттері болып есептеледі. 
Осы жағдайларды есепке ала отырып, жобаны басқарушы 
түпкілікті нәтижеге жету барысында немесе оған жеткен 
жағдайда жүйенің әрбір бӛліктерінде болуы мүмкін 
ӛзгерістерді алдын ала ескеріп, ӛзара сәйкестендіру 
қызметтерін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Жобаны 
басқарушының іс – әрекеті бағдарламасы немесе әрекеттерді 
дамыту бағдарламалары құрастырылған соң жобалау қызметі 
басталады. 
Әлеуметтік жобалаудың бірнеше механизмдері бар. 
Мысалы, жүйедегі негізгі үдерістің күрделендіруі оның 
барлық бӛліктерінде де сол әрекеттердің белгілі бір деңгейде 
жүргізілуіне, әр бӛліктің ӛзіндегі әрекеттердің нәтижесін 
қамтамасыз етуге әкеледі. Мысалы, педагогикалық 
жүйелерде бұл сипатты мектепке дейінгі, бастауыш 


42 
мектептегі, орта мектеп, одан әрі жоғары мектеп 
бӛліктеріндегі оқыту әрекеттерімен қамтамасыз етілуінен 
кӛруге болады. Ал олардың біріктірілуі негізінде біртұтас 
талап пайда болатыны белгілі. 
Басқарудың 
жоғарыдағы 
үдерістік 
қасиеттері
жобалауға да тән, сонымен қатар, қазіргі жағдайда жеке 
адамдар шешімін ғана емес, ұжымдық қарым-қатынасты
бірнеше адамдар мен топтардың кӛзқарастарын ескеруді 
қажет етеді. Оның бүгінгі күн талаптарына сай сипаты–
топтық, алқалық немесе клубтық басқару түрінің кеңінен 
қанат жаюынан кӛрінеді.
Әлеуметтік 
жүйелерде 
мемлекеттікке 
қарағанда 
қоғамдық фактор бағдарламалық тұрғысынан жетекші рӛлге 
ие болса, онда басқарудың қоғамдық түрі мемлекеттікке 
бағынышты позицияда болса, мемлекеттік-қоғамдық басқару 
сипатына ие болады. Бұл жерде «қоғамдық» деген түсінік 
тұрғындардың 
тарихи, 
мәдени–ұлттық 
және 
тілдік 
қоғамдасуы ретінде қарастырылады, оны бүгінгі жағдайда
әлі де дамыту қажеттігі белгілі. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі 
басқарудың тек мемлекеттік түрінен гӛрі, мемлекеттік-
қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік түрлері болғаны жӛн.
Осылайша, жобалау қызметінің басқаруға объект 
болатын басқарылушы әрекетті дамыту, қайта жаңғыртуды 
кӛздейтін 
негізгі 
қызметі 
ретіндегі 
үдерістік 
сипаттамасының әдіснамалық негіздері қалыптасуымен 
қатар, жобалау қызметі технологиялық жағынан да 
қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет