Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет32/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Педагогикалық 
жобалаудағы 
мақсатты 
айқындаудың маңызы неде? 
2. Стратегиялық мақсат қою мен жобалаудың 
байланысын мысал арқылы дәлелдеңіз. 
3. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері деп нені 
айта аламыз? 
4. Педагогикалық 
жобалаудың 
субъектілерді 
дамытушылық ролі қалай айқындалған? 
5. Мақсатты–бағдарлы педагогикалық жобалардың 
ерекшеліктері. 
6. Педагогикалық (оқыту) жүйесі дамыту жобасын 
құрастыру реттері. 
7. ҚР Білім беру Заңында білім беру мақсаты қалай 
анықталған? 
8. Бүгінгі білім беруден күтілетін нәтижелер қандай 
және оларға сипаттама беріңіз. 
9. Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы 
негізгі мақсаттар жүйесін атаңыз. 
10. 
Білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал ететін 
факторлар. 
11. 
«Педагогикалық жобалаудың бүгінгі мақсаты 
– субъектінің ӛзіндік дамуын қамтамасыз ету» 
тұжырымын нақты тақырып бойынша жобалау 
тәжірибесі негізінде дәлелдеңіз. 
4. Педагогикалық жобалау және басқару 
Педагогикалық жобалау білім берудегі белгілі бір 
жүйенің (басқару, оқыту, тәрбиелеу, зерттеу, әдістемелік, 
т.б.) осы кездегі жағдайымен салыстырғанда жобаланып 
отырған болашақ жағдайының тиімділігін ұғыну, оны жоба 
ретінде ұйымдастыру және жүзеге асыруды кӛздейді. Бұл 
жерде жобалау қызметіне даму қадамдарын орындаушы 
«белсенді агент» позициясы беріледі және ол белгілі бір 
мақсаттық–құндылықтық ұстанымдары негізінде күтілетін 


91 
нәтижені орындаудың жолдарын белгілейді, басқарады, 
ұйымдастырады, бағалайды.
Педагогикалық жобалау нысандарын И. А. Колесникова 
білім беру ұйымын басқарудағы жобалау, оқу-тәрбие 
жүйесін басқарудағы жобалау, қоғамдық басқаруды 
жобалау деп анықтайды. Жобалау барысында пайда 
болатын ӛнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына 
байланысты білім беру жобалары тұжырымдамалық, 
мазмұндық, технологиялық және үдерістік деңгейлерде 
жүзеге асырылады. 
Жүйе құрамындағы басқарушы және басқарылушы 
компоненттердің ӛзара қатынастары мен жүйенің ӛзін-ӛзі 
дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа 
сәйкес күтілетін нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді 
механизмі – басқарудағы жобалау болып табылады. 
Басқарудағы жобалау білім беру саласын жаңартатын, 
оқыту мен тәрбие үдерісі үшін жаңа жағдайлар жасай алатын 
кӛпфункционалдық педагогикалық үдерісті басқару қызметі 
ретінде қарастырылуда. Жобалаудың білім берудегі қызметін 
анықтауда жоғарыда келтірген зерттеушілер пікірлеріне 
сүйене 
отырып, 
зерттеушілік, 
талдаушылық, 
жобалаушылық, 
жаңартушылық, 
нормалаушылық, 
құрастырушылық, т.б. кӛптеген сипаттағы мәндерін белгілей 
аламыз.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау білім 
беру үдерісінің синергетикалық заңдылыққа сәйкес ӛзін-ӛзі 
дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен 
мақсаттарға негізделуі тиіс. Педагогикалық жүйелер 
жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің 
ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, ӛйткені, 
жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің ӛзін 
дамытумен қатар, қоғамдық – саяси, мәдени, экономикалық 
салалардағы оң ӛзгерістерді жүзеге асыруға болады.
Білім 
беру 
ұйымын 
басқарудағы 
жобалау. 
Педагогикалық жүйелердің басқа да әлеуметтік жүйелер 
сияқты білім беру ұйымының нәтижелігі мен тиімділігі оның 
құрылымдық, ақпараттық әлеуеттерінің, ресурстарының
тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп отыруынан ғана емес, ең 
бастысы, 
ұйымды 
басқарудың 
ұтымды 
жүйесін 


92 
құрастырудан және оны үнемі жетілдіріп, әрі дамытып 
отырудан болады. 
Қоғам дамуындағы қайта құрулар білім жүйесіндегі 
ӛзгерістердің, 
оны 
басқарудың 
жаңа 
сипаттарын 
қалыптастырудың алғы шарттары болады. Мысалы, Ф. 
Кумбс «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде, оның 
әкімшілікке негізделген құрылымы одан шығу жолдарын 
ұсына алмайды, ӛйткені, бұл құрылым баяғы заманнан бері
ӛзгерген жоқ. Сондықтан, оның жай дамуы бұдан бұрынғы 
білім мен сол кездегі қоғам туғызған қарапайым
міндеттерге сай болғанымен, бүгінгі қоғамның жаңа 
талаптарын орындауға дайын еместігін кӛрсетеді. Ол-білім 
беруді жаңаша ұйымдастыру, оған сыни кӛзқараспен қарау 
және жаңалықтарды белсенді ендіруді жүзеге асыруға 
есептелмеген құрылым» деп атап кӛрсеткен. 
Жүйелерді ұйымдастырушылық дамытудың логикасына 
сай педагогикалық жүйелер ӛз құрамындағы белгілі бір 
кіші жүйелерден тұратын болғаннан кейін оны дамыту 
мақсатты, мазмұнды және әдістерді ӛзгертуді кӛздейді. 
Сонымен қатар, басқару үдерісі барлық білім беру 
деңгейлерін қамтитын болғаннан кейін сол жүйелердің 
әрқайсысын дамытуды кӛздейтін басқару міндеттері 
қойылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет