Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 ббк б 45



бет57/111
Дата20.09.2024
өлшемі0.57 Mb.
#503826
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   111
жобалау негіздері

Жобалау типтері. Білім беру құралдары ретінде қолданылатын жобаларды бірнеше типке бөле аламыз. Мысалы, оқу пәндеріне сай типке бөлу, тәрбиелік, немесе әдістемелік т.б. жобалар.
Жалпы алғанда жобалар моножоба (бір пән аумағында), полижоба (пәндер аралық), пәннен тыс (сабақтан тыс) жобалар т.б. Осы бағытта қарастырсақ білім беру жобалары, тәрбие жобалары деп те бөлінеді.
Жобаның басты белгісі – оның ұзақтығы. Жобалар қысқа мерзімге (мысалы, бір аптаға дейін), орта мерзімді (бір айға дейін), ұзақ мерзімдік (1 тоқсаннан бастап – жарты жылға дейін). Одан ұзаққа созылатын жобаларды да жоққа шығаруға болмайды. Ұзақ мерзімді жобалар бірнеше кезеңге бөлініп, әр кезең өз алдына бөлек жоба бола алады.
Жобаның қатысушыларына қарап та оны типтерге бөлуге болады: топтық, жеке, ішкі топтар, кіші топтармен орындалатын жобалар.Жобалауға қатысушылар соны 12 – ден асса, олар кіші топтарға бөлуге болады. Сондай – ақ, топтар туралы өзгеріп отыратын немесе құрамы өзгермей отыратын деп те бөлінеді. Өзгермелі құрамды топтар арнайы да ұйымдастырылады, оның құрамы белгілі бір кезеңдер үшін ғана құрылуы мүмкін.
Басқару түріне байланысты жобалар педагогтың тікелей басқарумен орындалатын, немесе педагог кеңес берушілік қызмет қана атқаратын жобалар болып та бөлінеді.
Жобаларды дифференциялаудың тағы бір түрі – жобалау әрекетінің түрлері. Мысалы, жобалар зерттеушілік немесе қолданбалы да болып бөлінеді. Сондай – ақ, шығармашылық, тәжірибелік болып та бөлуге болады.
Жобалауды типтерге бөлу неліктен қажет? Әрине, тұрақты типтік түрлері болмаған соң оларды типке бөлмесе де болар еді. Жобалау әрекеті ұйымдастыруда да, орындауда да типтерге бөле аламыз. Мысалы, жоспарлау арқылы жобаның соңғы кезеңінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттері артатынын ескере отырып, оқушының жобалаудың барлық кезеңдерінен өтуін қадағалауға болады.Сондай – ақ, жобалау типтеріне сүйене отырып, педагогтың тікелей жетекшілік ететін жобаларынан – кеңес берушілік роліне өтуге, сол арқылы қатысушылардың субъектілігін арттыру амалдарын жүзеге асыруға болады.
Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері. Оқушылар жобаларының түрлері сан алуан идеялардан туындайды, пайда болады. Оған жаңа жағдайлар, жаңадан алынған ақпарат, жаңадан алынған құралдар да негіз бола алады.
Біздің тәжірибеміздегі жобалау оқушылардың «кітап шығару» идеясынан туындаған түрін қарастырып көрейін. Ойша елестетуден (идеядан) пайда болған болашақ кітаптың (өнімнің) бейнесі оқушылардың осы жұмысты бастап кетуіне түрткі болды. Бұл жағдайды бақылау барысында балалардың тек қана кітап үшін мәтіндер даярлаумен ғана емес, кітапты тұтастай елестете отырып, онда болуы тиіс суреттер, фотолар, т.б кітаптың мазмұнына қарай құрастыруға тырысқаны байқалды.
Сондай – ақ, жобалау әрекетін бастау үшін белгілі бір тарихи оқиғамен танысу да себеп бола алады. Оның мысалы ретінде, біз бақылаған оқушылардың қаладағы «жұмбақ» үйдің тарихы туралы алынған аз мағлұмат қызықтырғандығын бір сынып үшін үлкен жобаны бастауға негіз болғанын айта кетуге болады.
Оқушыларды өз әрекеттерін бақылауға үйрету, жобаның идеясын қайта құру, дамыту арқылы бастамасындағы жоба мүлдем өзгеріп те кетуі мүмкін. Оны да біздің тәжірибеміздегі балалардың, ең әуелі, өз күштеріне сеніп бастаған «компьютерлік ойындар құрастыру» идеясының өзгеріп кеткені туралы мысалмен түсіндіруге болады. Атап айтқанда, «компьютерлік ойын бағдарламасын» жасау барысында графикалық элементтер құру қажет болды. Оның бірнеше нұсқаларының сәтті жасалуы оқушылардың жаңа өнім жасау шешім қабылдап, «компьютерлік ойындар құру» идеясы «графикалық өнімдер» жасап, тәжірибеге ұсынумен ауыстырылды. Міне, осылайша жобалаудың өте күрделі түрі таңдалатын болса, оған қызығу бірте – бірте азайып, басқа жобаға ауысып кету, не жобаны аяқтамау сияқты жағдайлар да болуы мүмкін.
Бұған ұқсас жобалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, тым оңай, әрі тез орындалатын жобалар таңдағанда да бола алады. Осы мысалдар арқылы жобаның пайда болу идеясы оны жүзеге асыру процесі, нәтижесі немесе өнімі туралы идеяның өзгеру мүмкіндіктерінің арасындағы тығыз әрі күрделі байланыста екенін көрсетеді. Мысалдарға сүйене отырып, жобалардың өзгеру түрлерінің төмендегі нұсқалары бар деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет