Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 ббк б 45



бет61/111
Дата20.09.2024
өлшемі0.57 Mb.
#503826
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   111
жобалау негіздері

Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру қатар да, бір – бірінен бөлек те қызмет ете алады. Мысалы жобалау тобының құрамында креативті адамдар (жобаны ойлап табатындар оның орындалуының ерекше түрлерін, жаңа әдістерін жасайтындар; орындаушылар, рәсімдейтін адамдар мен презентациясын жасайтындар, жобаны тұтас басқарушылар, т.б). Жобаны басқару – оның өмір сүруін, тарап кетпеуін қадағалай отырып, топ мүшелерінің жобаны тұтас байланыстырып отыратын қызмет. Басқару қажет пе, әлде өздігінен еркін жұмыс жасау қажет пе?
Бақылау барысында кіші жастағы оқушылардың еркін ойнау әрекеттерін бақылау барысында олардың бірнеше топтарға бөлініп алып бірнеше ойындар ойлап тауып, оны жүзеге асыруға тырысқандығы байқалды. Олар белгілі бір уақыт ішінде бірнеше жобаны бастап, біреуін де аяғына дейін жеткізе алмады. 10 – 12 жастардағы қыздардың үй тұрмысы ойындары да сол сияқты, ойын кеңістігі бар, құралдары бар, бірақ ойын әрекеттері одан әрі дамымайды, өйткені қыздар уақытын бір – бірімен сөйлесуге жібереді; әрекеттерін, олар одан әрі не істейтіндерін әңгімелеумен болады. Ойын кеңістігі құрылып, өздері ойлап шығарған оқиғаларын жалғастыруға болар еді; бірақ бөлек – бөлек үзінді ойындар ретіндегі әрекеттер сюжеттерін тұтас жалғастыруға мүмкіндік бермейді.
Жасөспірімдердің де қарым – қатынастарының мазмұны да осыған ұқсас келеді. Олар айналысатын сан түрлі сюжеттердің барлығына ортақ белгі – талқылаудың көп болуы: олар жоспарларын әңгімелейді, орындалған істеріне талдау жасайды, бір – бірінің қылықтары мен іс - әрекеттегі тәртібіне көңіл бөле талқылайды.
Осы аталған ситуациялардың идеясын анықтауда барлығына тән жалпы сипаттамалары бар екені байқалады.
Біріншіден, балалардың ұсынатын идеялары бұрын болмаған немесе болған, бірақ оны жаңаша құру, өздеріне өте қажет өнім жасау ұсыныстары болуы;
Екіншіден, идеяның ұжымдық болуы, яғни, ол бірнеше баланың қатыстыратын, біріктіретін іс болуы (бірақ жеке балаға да тән болуы мүмкін);
Үшіншіден, қатысушылардың өзара қарым – қатынасы идеяның, түпкі ойды жүзеге асыру әрекеттерінің айналасында шоғырланып, олар жаңа өнім алу, не қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін әр адамның міндеттерін анықтап, бөлісіп алады;
Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды жүзеге асыруға арналған арнайы әрекеттер жасалмаса, идеядан айырылып қалуы да мүмкін. Кейбір жағдайда бір идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған көшіп кетуі де ғажап емес.
Идеяның жүзеге асырылмауы – оқушылардың түпкі ойды ұзақ уақыт ұстап тұруға шамасы келмейтіні болуынан дей аламыз. Мысалы, идеяны іске асыру барысында кездесетін техникалық қиындықтар оқушылардың ынтасын басуы, сонымен қатар, сол істен көңілдерін қалдыруы да мүмкін.
Әсіресе мектепке дейінгі жастағы, кіші мектеп жасындағы оқушылар жобасы орындалмаса оның ешкімге қажеті жоқ іспен айналысқандық немесе уақыт жоғалтқандық деп түсінбейді. Олардың пайымдауынша, ойласқан идеяның жүзеге асырылмауы мүмкін емес, тіпті олар өз қолдарынан келмейтін іс болмайды деп санайды. Әрине, кіші мектеп жасындағылардың көптеген жобалары орындаусыз қалып та жатады, бірақ біз үшін олардың орындалуына үлкендер күш салуы қажет.
Жобалауда идея мен оның жүзеге асырылуын бірлікте қарау - өте маңызды нәрсе және осы сапаны жобалау әрекетінің мәндік негізі деп санауға болады. Оның бірнеше себептері бар. Мысалы алғанда, жобаның идеясы мен оны жүзеге асыруда бірлікте қалау жобаның ерекше өзіндік белгісі: жобаны жүзеге асыру барысында екеуінің біреуін ғана өзгертуге болмайды. Олардың өзгерістері бірдей болуы тиіс. Тіпті, бастапқы идея мен оның жүзеге асырылуының өзара тығыз байланысы субьектінің жобалау әрекеті субьектісінің одан әрі дамуы басталатын нүктені құрайды. Идеяны орындау қаржы мен құралдарды топтық жұмысты, уақытты басқаруды қажет етеді. Жоба барысында алынған өнім қиялдан туған, орындалмас арман ретінде емес, белгілі бір ойлау деңгейін талап етеді.
Мысалы, егер өнім компьютерлік бағдарлама құрастыру көздесе, ол бағдарлама аяғында шынайы жұмыс ретінде белгілі бір уақытта орындалуы тиіс, немесе мерекеге арналған сценарий де, химиялық тәжірибе де, ландшафт картасы да белгіленген тәртіппен, белгілі бір уақыт ішінде даяр болып, іске асыруға тиімді болуы тиіс.
Жобалау тобында креативті адам да, орындаушылар да, басқарушылар да болуы мүмкін. Жобаның сәттілігі оның идеясы мен мазмұны сәйкес ұйымдастырылуына байланысты. Жобаның ортақ болуына байланысты ондағы орындалу әрекеттері де ортақ болуы тиіс. Жоба мен топ организм ретінде болғандықтан олардың мазмұны бірге асырылғаны жөн, бұл жағдайда адамдар өзі үшін жауапкершілік алуы тиіс.
Жоба және жобалаушылар, бірлігі және «идея – оны орындау» бірлігі жүзеге асырылғанда ғана жобалау әрекетінің тиімділігі артады. Осы бірлікті қатаң сақтау арқылы жауапкершілік қалыптасады.
Егер жобалауды өз бетімен жіберіп, оқушылар әрекеттері ересектер тарапынан қадағаланбаса, балалар қиялдау мен шынайылықтың арасын айыра алмай қалуы, тек қиялға беріліп кетуі мүмкін. Бұл төменгі класс оқушыларына тән құбылыс. Өйткені балалардың өз алдына белгілі бір мақсат қойып, орындауға күш жұмсауы, психологтардың айтуынша, негізінен 15 – 16 жастан ғана басталады.
Осылайша, «Жобаның идеясы мен орындалуының бірлігін» түсіне отырып, соған сүйеніп жұмыс істеуді оқушылар жобалау әрекетінің басталуы бөлігінде қолдарынан келмеуі мүмкін. Педагогтың міндеті – оларды орындалмайтын қиялдаудан, тек орындаушылық қана әрекеттерден сақтандырып отыру. Оны белгілі бір пән шеңберіндегі жобалау (өйткені пән мұғалімі өз пәнінің қыр – сырын жақсы біледі) немесе сабақтан тыс жұмыстарды жобалау арқылы қалыптастыруға мүмкіндік көптеу болады. Бұған керісінше, пәнаралық жобалауды ұйымдастыру қиынырақ дей аламыз, оның себебі, ондай жобаларда бірнеше педагогтардың бірлескен әрекеттерінен тұрады, соған орай жобаның нәтижелі болуы қатысушы педагогтардың өзара тіл табыса алуына да байланысты.
Жобаның екі жағын құрайтын жобалау идеясы мен жоба өнімін байланыстыратын тағы бір жері – іс - әрекет туралы шешім қабылдау барысы. Жобалау мәдениетін қалыптастырудың және қатысушылардың қабілеттерін дамытудың басты шараларының бірі – іс - әрекет жасау үшін шешім қабылдау фактілері. Адамның жобалау туралы шешім қабылдауының өзі оның өзіне жауапкершілік алуы, оның болуы мүмкін қиындықтары мен проблемаларын біле отырып, оны өз мойнына алуы адамның белсенділігін көрсетеді және ол жобалау барысында қалыптасатын жаңа сапаларына негіз болады.
Мектеп оқушыларының жобалау әрекетін алатын болсақ, білім беру үрдісінде жүзеге асырылатын жобалардың қиындық туғызбаушылығы алдын ала ойластырылып, жобалауды ұйымдастыруда оқушылар үшін барлық жағдайлар жасалады. Сондықтан оқушылар үшін «шешім қабылдау» процесі арнайы ұйымдастырылады. Оны оқушылардың өз таңдауына салып, оларға «шешім қабылдаушылық» немесе «педагогтың айтқанын орындаушылық» рольдерінің бірін таңдауларын ұсынуға да болады. Қалай болғанда да оқушылар мұғалімдердің бағалауына, қолдауына, сыныптастарының алдындағы беделіне немқұрайлы қарай алмайды.
Сондықтан жобалау әрекеті дәстүрлі оқытуды түгелдей ауыстырады деп айтуға болмайды. Оқушыларға таңдау мүмкіндігі үнемі беріліп отыруы керек, бұл әсіресе жасөспірім шақта, негізгі мектепте үнемі ұйымдастырылған жөн. Бастауыш мектептердегі мини – жобалар баға қойылмайтын және еркін қатысу жағдайында орындалуы тиіс. Негізгі мектепте жобалау оқушылардың жетекші әрекеттері деп есептеліп, білім беру әдісі ретінде оқыту барысында кеңінен қолданылғаны дұрыс.
Жоба оқушыларға тапсырма ретінде педагог тарапынан ұсынылғанымен, онда таңдау мүмкіндігі белгілі бір деңгейде болуы тиіс. Мысалы, оқушылар жобаның күрделілік деңгейін, мерзімін, тапсырмалардың альтернативаларын, т.б таңдауына болады. Таңдау мүмкіндіктерін педагог өзі де анықтай алады. Әсіресе оқушылар жобаны орындауға тапсырма алады, бірақ оның қандай пән шеңберінде орындайды, оған қатысушыларды таңдау қалай жүреді т.б. Негізгі мектеп оқушылары әртүрлі жастағы балалардан құрылған топтарды қамтитын үлкен масштабы жобаға да қатысуға таңдау жасай алады. Ондай жұмыстар педагогтардың бірлескен әрекеттерін, олардың өзара келісімге келе білулерін, жалпы педагогикалық ұжымның қатысуын қажет етеді, сондай – ақ, жобалау біртұтас білім беру кеңістігінде орындалатындықтан оған әкімшілік міндетті түрде қатысуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет