Тапсырмалар
Өз жұмысыңызға байланысты, немесе, өзіңізді қызықтыратын тақырыпты зерттеуге арналған жобалау зертханасын ұйымдастыру мазмұнын құрастырыңыз. Оның қысқаша негіздемесі, мақсаты мен болжамы, кезеңдері және сатылық қадамда бойынша жүргізу алгоритмі болуына көңіл аударыңыз.
Жобаны жеке немесе топпен ортақ тақырыпта орындауға болады.
Жобаны міндетті түре өзіңіз оқитын немес жұмыс істейтін білім беру ұйымы жұмысын дамытуға байланысты болуы тиіс.
3. Жобалау зертханасын ұйымдастыру технологиясы
Жобалау зертханасын ұйымдастыруда зертханалық жұмыс мазмұны ғана емес, оны ұйымдастыру, аудиториялық және өзіндік практикалық жұмыс түрлерін ұштастыра жүргізудің көптеген әдістемелері талдануы тиіс. Жобалау технологиясын меңгеруге арналған әрбір тақырып қатысушылардың теориялық білімі ғана емес, оны тәжірибеде, өзінің рефлексиясымен, өзінің негізгі жұмысындағы прблемалармен байланыстыра меңгеруі маңызды міндет ретінде қойылуы тиіс.
Сондықтан, жобалау зертханасы нақты бір жүйедегі ұйымдастырушылық өзгерістер ретінде құрастырылып, ондағы берілетін ақпараттар мазмұны, тақырыптарды меңгеру үшін американдық ғалым Давид Колбтың ересектерді оқытуға арналған тәжіибе арқылы оқыту әдістемесі тиімді болып табылады. Өйткені, жобалау зертханасы оған қатысушылардың негізгі жұмысынан қол үзбей, жобалау әрекетін өзінің қызмет істейтін білім беру ұйымымен тығыз байланыста жүргізу қажет болғандықтан аталған әдістеме бірден бір оқытудың тиімді әдісі бола алады.
Дэвид Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту» – (experiential learning, 1984), атты моделі ересектерді қызмет орнындағы тәжірибе барысында оқытудың бірнеше түрлерін, соның ішінде, жобалау әдісін де қамтиды. Джон Дьюи, Карл Роджерс және Жан Пиаже идеяларына сүйене отырып, Колб оқытуды кезеңдерге бөлуді ұсынады. Әр кезең төрт процестен тұрады және оқыту өз мақсатына жету үшін бұл талаптардың берілген ретпен орындалуы міндетті. Бұл әдіс бойынша оқыту кезеңдері төмендегідей:
Тәжірибе (ситуация);
Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну);
Түсініктерді жинақтау (тұжырымдар құрастыру, кейбір қажетті шешімдер қабылдау);
Тәжірибені жобалау
Автордың ойынша, бұл жерде білім алу көзі тәжірибе (ситуация, болған жағдай, сабақ тақырыбы, ақпарат, т.б.) ғана емес, негізінен алғанда сол тәжірибені ойша түсіну, ұғыну, қорыту, өздері үшін оның маңызын анықтау, түйін жасау. Одан соң, яғни, жаңағы тәжірибе (ситуация, болған жағдай, сабақ тақырыбы, ақпарат, т.б.) – қатысушының өз алдындағы жеке мақсатына, міндеттеріне, кәсіби қызметіне қатысты ой елегінен өткізіліп, ұғынылып, тиісті мағына берілгеннен кейін – оның әрі қарай жасалатын қызметінің шартына айналады.Д.Колбтың түсіндіруінше, тәжірибе барысындағы оқыту, оны дамыту процесі деуге де әбден болады, осылайша, жүзеге асырылады.
Колб идеясын тәжірибеде пайдалануда берілген ақпарат, немесе, оқиға жеке тәжірибеде ұғынылып, адамның өз тәжірибесіне тұтастай енгенде ғана оқыту мақсатына айнала алады. Олай болмаған күнде, индивид үшін ол өзіне мәлім көп ақпараттардың бірі күйінде қалады деп есептейді.
Әлемдік тәжірибеде Д.Колб моделінің көптеген модификацияланған түрлерін кезедстіруге болады, бірақ олардың барлығы да автордың негізгі қойған талабын – тек тәжірибе базасында оқыту, кезеңдерге бөлу және әр кезеңде төрт процесті орындау қатаң сақталған (сурет 15).
Сурет 15 - Д. Колбтың «тәжірибе арқылы оқыту» моделі
Жобалауды басқарушылар үшін оқу модельдерінің төмендегі нұсқаларын пайдалануға болады. Мысалы:
Бірінші кезең. Тәжірибе. Қатысушылардың жобалау тақырыбына қатысты нақты тәжірибесі алынады. Оның аудиториялық бөлігінде әр адам осы проблема бойынша өзіндік тәжірибесін өз бетінше құрастырады.
Екінші кезең.Рефлексия. Қатысушылар оның мағынасын ұғыну үшін өз тәжірибесіне рефлексиялық бақылау жасайды. Яғни, тақырыпқа сай өзінің тәжірибесіне рефлексиялық талдайды, қандай бағыттар ол үшін жеңіл орындалады, қажетті білімдері жеткілікті, қай жерде қиындықтар кездеседі, неліктен, ол неге байланысты болады, нені өзгерту керек, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |