І. Дайындық кезеңі.
Мақсаты: педагогикалық ұжымды инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығын қамтамасыз ету. Мазмұны:
1. Педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлық деңгейі диагностикалау.
2. Ақпараттық база төмендегіше құрастырылады:
Білім беру саласындағы жаңалықтар базасы жасалады;
Тақырыптық семинарлар жүргізілді, әдебиеттермен, жаңа әдістемелермен қамтамасыз етіледі;
Педагогтарды өз проблемалары бойынша қалалық семинарлар, ашық сабақтар, облыстық институттың курстары мен теориялық семинарларына жүйелі қатысуы ұйымдастырылады.
3. Университеттен таңдалған ғылыми жетекшілермен және кеңесшілермен байланыс жасалып, оларды семинарларға тарту, инновациялар туралы ғылыми ақпараттармен танысу жүзеге асырылады.
4. Инновациялық жаңалықтар мен технология түрлері педагогтардың қажеттіктері бойынша таңдалады.
5. Педагогтар, сонымен қатар, өз пәндері бойынша білім алушылардың қажеттіктері бойынша ізденістік инновацияларды таңдауға да жағдай туғызылады.
6. Жобаны жүзеге асыруда болуы мүмкін кедергілерді, сәйкессіздіктер мен кері нәтижелеріне болжау жасалады.
7. Білім алушыларды, ата-аналарды жоба жұмысымен таныстырып, жұмысқа белсенді қатысуға мотивациялау жүргізіледі.
ІІ. Ұйымдастырушылық кезең
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды теориялық қамтамасыз етуге даярлық жұмысын жүргізу.
Мазмұны:
Иерархиялық түрдегі әдістемелік қызмет құрылымына өзгерістер енгізу: матрицалық шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдарын, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топтар құрылады;
Педагогтардың ғылыми - әдістемелік, инновациялық білімдерін толықтыру үшін тақырыптық семинарлар мен тренингтер жүргізіледі;
Педагогтардың зерттеушілік сапаларын дамыту, зерттеу тақырыптары бойынша іс тәжірибелерін жүргізуге жағдай туғызылады;
Ғалымдармен байланыстар нығайтылып, жеке және топтық кеңес беру, семинарлар өткізу үшін филиалдық жұмыстар басталады;
Педагогтарды ынталандыру ережелерін құрастырылды;
Өзара шараларға, сабақтарға қатысу, дөңгелек үстел, жобаларын қорғау, шығармашылық есептер тыңдау, презентациялар жоспар бойынша орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |