Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



бет28/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Білім берудің нәтижелеріне қойылатын жаңа талаптардың әлемдік деңгейде қарастырылуы.

  2. Қазақстанда білім берудің жаңа нәтижелерінің айқындалуы.

  3. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы білім берудің жаңа нәтижелері.

  4. Жаңа білім нәтижелерін қамтамасыз етуде педагогтарға қойылатын жаңа талаптар.

  5. Педагогикалық ұжымды білім берудің жаңа міндеттерін жүзеге асыруға теориялық, әдістемелік және технологиялық дайындау жолдары.

  6. Педагогикалық жобалау негізінде педагогтардың арнайы құзыреттіліктері және оларды дамыту.

  7. Педагогикалық жобалаудың жаңа білім нәтижелерін қалыптастырудағы рөлі.

  8. Педагогикалық ұжымдағы жобалау нәтижелерін бағалау.

  9. Глоссариймен жұмыс.

6. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары
Мақсатты әрекет ретіндегі жобалаудың мәні өзгерістерді басқару идеясымен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда жалпы жобалау қызметінің де, нақты жобалардың да ауқымы жобалау қызметін жүзеге асыру нәтижесінде болатын өзгерістер деңгейіне қатысты өлшенеді. Сондықтан, нәтижесінде нақты жобалар құрастырылатын (басқарушыларды оқыту бағдарламасы, тренингтер, семинарлар, жаңа оқулықтар, белгілі бір педагогикалық зерттеу нәтижесі ретіндегі өнім, т.б.) жобалау мен сол нәтижелердің педагогтар мен білім алушыларды, басқарушыларды, ұйымды немесе жалпы жүйені дамытуға жасайтын ықпалын айыра білу және оны пайдалана білудің маңызы зор.
Жобалауды педагогикалық инновация тұрғысынан қарастырсақ, оның өзі шын мәніндегі инновация болып табылады. Өйткені, жобалау негізінде жүзеге асырылатын қайта құрулар ұйымның дамуы мен ондағы өзгерістердің инновациялық механизмін жасайды. Сөйтіп, жобалауды ұйымдастыру, жобалардың ішкі мазмұнын, жоба құрастыру жолдарын және жобалау нәтижесінде берілген жүйенің дамуына ықпал ету жолдарын қамтиды.
Соған орай, ұйымдастырушылар назарында үнемі екі топтағы мәселелер тұруы тиіс, олар: 1) жобалау қызметін ұйымдастыру – орындалатын жобаның мазмұны мен оған қажетті ресурстары және 2) күтілетін нәтижелер – жүйенің өзін дамытуы.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жобалау әрекетін ұйымдастыру бірнеше деңгейден: жобалау тұжырымдамасын жасау, оның мазмұндық және үдерістік қызметтерін құрастыру және орындаудан тұрады.
Жобалаудың бастапқы кезеңінде оның түпкілікті нәтижесі нақтыланады. Оның барысында жүйені дамытудағы күтілетін нәтиженің мәні нені қалыптастыру қажет, ол – жаңа қатынастар деңгейі ме, әлде құзыреттілік пен кәсібиліктің жаңа деңгейі ме, оқыту мен тәрбиедегі жаңа дәстүрлер бола ма нақты анықталады.
Жобаланатын педагогикалық құрылымның компоненттік бөліктерінің әртүрлі құрастырыла алатын қасиеттеріне сай жобалау қызметі де түрлі бағыттарда жүргізіле алады. Сөйтіп, жобалау әрекеті жүйені жан- жақты дамытуға, яғни, оның ішкі қызметтік - құрылымдық байланыстары мен адам ресурстарын дамытуға бағытталады.
Бірақ, қай жағдайда да жүйенің құрылымын жобалауда жүйе құрылымдарының изоморфтығы (гр.isos және morphе -ұқсас құрылымдар арасындағы сәйкестік қасиеті ұғымы) туралы ережеге сүйену қажет болады. Құрылымдық компоненттерінің артықтығы да немесе жетіспеушілігі де жүйенің дамуына кері әсер ететіні есте болуы қажет. И. А. Колесникова, оны тірі организмдер жүйесімен ұқсастырады: табиғат тірі организм бойында ұқсас қызметтер атқаратын немесе бәсекелес органдар болмайтыны тәрізді, педагогикалық жүйелердің ішінде де артық, бірін–бірі қайталаушы қызметтер атқаратын құрылымдар болуы тиіс емес. Әйтпесе, педагогикалық қызметке жатпайтын, бөлекше, қолайсыз қатынастар қалыптасуға негіз қаланады.
Педагогикалық жүйелердің компоненттік құрамы белгілі бір мақсатты көздейтін жобалау қызметінің жүргізілу логикасын қамтамасыз етуге қажетті және жеткілікті болуы тиіс. Компоненттер құрамына енгізілетін өзгерістер міндетті түрде негізделеді, оның себептері мен нәтижелері алдын ала нақтыланады. Соған сай, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау қызметі жүйенің құрылымдық толықтығын өзгертпей, оған жаңа компонент қосылмайтындықтан қажетті және жеткілікті құрылымдық логикасын бұзбайды.
Жобалау – бұл, ең алдымен – ойлау қызметі, өйткені, оның барысында оймен болжам жасау, ойша құрастыру жүзеге асырылады. Жобалау «алға қойылған» деген ұғыммен түсіндірілетіндіктен, оны шешім қабылдау үшін алға қойылған ойлау қызметі деуге болады. Мысалы: адамның өзінің әрекеттерін басқаруда алға қойылған ойлау қызметі; бірлескен әрекеттерді орындауда өзге адамдарды тарту үшін олардың алдына қойылған ойлау қызметі, мәселенің шешілуіне ықпал ете алатын адамдардың алдына қойылған, ойлау қызметі ресурстық қамтамасыз ете алатын адамдардың алдына қойылған, ойлау қызметі жобалау нәтижелі болуына мүдделі адамдардың алдына қойылған ойлау қызметі, т.б.
Бұлардың барлығы да жобалаудың ойлау қызметімен байланысты екенін көрсететіндіктен, басқа адамдарға түсінікті құжат болуын талап етеді. Оның негізгі белгілері:
− мәселенің нақты және кешенді қойылуы;
− күнделікті атқаратын қызметтен бөлек шектелуі;
− айқын мақсаты болуы;
− ресурстардың нақты жоспарлануы;
− уақыттың (жобаның басталуы мен аяқталуы) дәл көрсетілуі;
− ішкі ұйымдастырылу түрінің белгіленуі;
кімге арналғанының белгіленуі;
− нәтижелердің тиімділігін нақты тексеру өлшемдерінің болуы.
Педагогикалық жобалаудың заңдылықтарын қарастыруда оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, жүйенің өмір сүру және дамуы жағдайлары туралы түсініктерді ұғыну қажет. Сондықтан, жобалаудың өзіне тән заңдылықтары мен принциптерінің анықталуы және сақталуы тиіс. Мысалы, Ю. А. Конаржевский ұсынған басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата-аналардың белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл шешім қабылдауда, қатысушыларды таңдауда, қажетті ақпараттарды алуда, педагогтардың ұйымдағы мәселелерден хабардар болуында аса маңызды.
Жобалау қызметіндегі ізгіліктік көзқарас – адамдардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, олардың өзін - өзі басқаруға жағдай туғызуы болып табылады. Ізгіліктік құндылықтарына сүйене отырып, басқару әр адамның өзіндік құндылығын, адами көзқарастарын дамытуды көздейді. Сөйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым-қатынастың орнығуына негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет