Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Білім берудің жаңа нәтижелерін қамтамасыз ететін п



бет40/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Білім берудің жаңа нәтижелерін қамтамасыз ететін педагогикалық жүйелерді басқарудың аталған мәселелерін шешу оның құрылымдары мен компоненттерін қамтитын ұйымдастырушылық өзгерістер жүргізуді қажет етеді. Бұл өзгерістер мәні белгілі бір жүйені күтілетін жүйеге сәйкестендіру үшін: 1) іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін өзгерту; 2) оны күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру; 3) іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге өту үдерісін жоспарлау; 4) шешімді жүзеге асыру - логикасында жүзеге асырылады.
Жаңа қоғамда адамның өз әрекетін ұйымдастыра алуы оның табысты өмір сүруіне қажетті өзіндік ресурсы болып саналады, ол дамыған сайын адамның тәжірибесіне еніп, өзін - өзі сарқылмас капиталға айналдыратын өмірдің басты мазмұнына айналады. Сондықтан, субъектінің өзіндік әрекетін ұйымдастыра білу, оның өздігінен білім алуына мүмкіндік туғызу жобалаушылық құзыреттіліктерді дамытуды қажет етеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлеріне сипаттама беріңіз.

  2. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі неде?

  3. Педагогикалық жобалаудың міндеттері.

  4. Жоба құрастырудың жалпы логикасы.

  5. Педагогикалық жүйелерді классикалық сипатта басқарудың мәні.

  6. Педагогикалық жүйелерді басқаруда жобалауды ұйымдастырудың мәні мен ерекшеліктері.

  7. Жобалау ресурстары мен оны ұйымдастыру.

  8. Жобаны жүзеге асыратын топтар не командаларға қойылатын талаптар.

  9. Жобалау негізіндегі ұйымдастыршылық өзгерістер мәні.

  10. Глоссарийді жалғастыр.



4. Педагогикалық жобалаудың нәтижелері және бағалау
Педагогикалық жобалаудың нәтижелері педагогикалық жүйелерді дамыту мақсаты арқылы анықталады, олар, сонымен қатар, мақсатты орындауды көздейтін сан түрлі әдістердің болуын қажет етеді. Педагогикалық жүйелерді дамыту сыртқы–қоғамның әлеуметтік талап - сұраныстары және ішкі – әлеуметтік - педагогикалық жағдайларына тікелей байланысты. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары басқа да педагогикалық жүйелер сияқты қол жеткізген нәтижелердің деңгейіне қатысты сипатталады.
Кез келген деңгейдегі мақсат-мазмұндық толықтыққа ие болуы тиіс, оның мәні–алынатын нәтиженің барлық сапаларының қажеттіктер мен талаптарға сәйкес белгіленуінде. Сонымен қатар, мақсатқа сай күтілетін нәтижелерді анықтау барысында оларды диагностикалауға, бақылауға келетін параметрлері белгіленуі тиіс. Яғни, мақсатты анықтау дегеніміз–күтілетін нәтижелердің сипаттамасын тексеруге, өлшеуге болатындай етіп көрсету. Мақсат толықтай диагностикалауға келетін болуы тиіс, сондықтан, оны осы талаптарға сай дәл қоя білу қазіргі басқарушылардың құзыреттілігінің, басқарушылық ой– әрекеттері деңгейінің басты көрсеткіштері болып табылады.
Жобалауға тән негізгі белгілерінің бірі – олардың белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатыны, саналы түрде қойылған мақсат бұдан кейін оны жүзеге асыру барысында қалыптасатын белгілі бір түпкілікті нәтижеге айналады. Сөйтіп, педагогикалық жобалардың мақсатқа сәйкес іс- әрекеттердің орындалуына байланысты оның мақсаттылық, мақсатқа ұмтылушылық қасиеті белгіленеді.
Мысалы, педагогикалық жүйе ретіндегі дәстүрлі сабақ үдерісін алатын болсақ, оның білімдік, дамытушылық және тәрбиелікке негізделген мақсаты сабақтың құрылымдық бөліктеріне (тапсырманы тексеру, қайталау, жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту, қорыту) қатысты таратылады, яғни сабақты әр бөлігінің мақсаты айқындалады.
Педагогикалық жүйе ретіндегі еліміздің жалпы білім беру жүйесі алынатын болса, оның мақсаты жоғары білім беру жүйесі, техникалық-кәсіби білім беру жүйесі, жалпы орта білім беру жүйесі, мектепке дейінгі білім беру жүйесі, педагогтардың кәсіби біліктілігі арттыру жүйесі, т.б. мақсаттарына қатысты декомпозицияланады.
Одан кейінгі кіші жүйелердің әрқайсысының өзіндік мақсаттарына сай алынатын түпкілікті өнімді білдіретін күтілетін нәтиже белгіленеді. Мақсаттар жүйесінің деңгейлері жүйенің күрделілігіне қарай тағы да одан да кіші элементтерді қамтып, одан әрі сатылануы мүмкін. Сондықтан, шартты түрде аяқталған құрылымдық мақсаттар жүйесінің таралымы (декомпозициясы) одан әрі - төртінші деңгейде – кіші жүйелердегі іс-әрекеттердің мақсаттарымен жалғасады. Оларды құрастыру үшін ең кіші жүйелердегі басқару қызметінің кіруден бастап, шығуға дейін қамтитын іс-әрекеттерді қарастырылады.
Іс-әрекеттердің таралымы (декомпозициясы) басқару қызметінің типтік моделіне негізделіп, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру мен реттеу, ынталандыру, бақылау, талдау элементтерінен тұрады.

Кіру Шығу:


ПА МҚ ЖҚ ЖА ББ

Cурет 11 − Мақсаттық- бағдарлы жобаларды ұйымдастыру кезеңдері


Соңғы, бесінші деңгейдегі қызметтік мақсаттарды декомпозициялау төмендегі мақсаттық- бағдарлы жобалау қызметінің кезеңдері негізінде жүргізіледі:


Мақсаттық-бағдарлы жобалау қызметін ұйымдастыру кезеңдері жоғарыда көрсетілген бағыттар ретімен жүргізіледі, суреттегі шартты белгілердің мәні:
МА-мәселені анықтау;
МҚ-мәселе анықталғаннан кейін оны мақсатты - бағдарлы жобалау қызметі арқылы шешу мақсатын қою;
ЖҚ-жобалар құрастыру: оның тиімділік көрсеткіштерін белгілеу, варианттарын қарастыру арқылы тиімді жобаны бекіту;
ЖА-қабылданған шешімді жүзеге асыру, орындау;
ББ-жобаны жүзеге асыру барысын бақылау, орындалу нәтижесін бағалау (сурет 11).
Жүйелік тұрғыдан басқару категорияларына сай, педагогикалық жүйені басқаруда орын алып отырған мәселені шешу жолы–нақты мақсат қою, басқару қызметін жүйелі ұйымдастыру, ондағы адам ресурстарының сапасын жетілдіріп отыруға жағдай туғызу арқылы негізгі үдерістерді дамыту. Мәселені шешу мақсаттық - бағдарлы жобалар құрастыру, қалыптасқан жүйенің бір негізгі компонентін өзгертіп, іс жүзіндегі нәтижеден күтілетін нәтижеге өту үдерісін жоспарлау және шешімді жүзеге асыру кезеңдерінен тұрады.
Бүгінгі инновациялық үдерістер білім берудің құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыру үдерісін жобалау қызметі арқылы мазмұндық және технологиялық қамтамасыз етуді қарастыруда. Бұлар білім беру ұйымдарындағы нақты өзгерістерді қажет ететіндіктен, педагогикалық жүйелерді басқару болашақ өзгерістердің алдын – ала отырып жүргізілуі тиіс.
Атап айтқанда, басқарудағы жобалау қызметі негізінде белгілі бір жүйені дамытудағы нақты жаңа өзгерістерді қамтамасыз етуге қажетті құзыреттіліктерді анықтап алу; басқару субъектілерінің өзгерістерді жүзеге асыруға қажетті құзыреттіліктерін жобалау бағдарламасы негізінде қалыптастыру. Осылайша, жүйені дамытудағы алдын ала белгіленген жаңа өзгерістерін мақсатты бағдарлы жобалар арқылы жүзеге асыру орындалады.
Жобалау қызметі негізінде педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың белгілі бір мәселені шешудегі мақсаттарын біріктіріп, күтілетін нәтижені мазмұндық, әдіс-тәсілдік, ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ететін мақсаттық - бағдарлы дамыту жобалары жасалады.
А талған жобалар жүйенің құрылымдық компонентіндегі адам ресурстарын өзіндік дамыту арқылы жүйенің тұтас дамуын қамтамасыз ете алатын жобалау субъектісі ретінде алады.
Жобалау қызметі негізінде педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың белгілі бір мәселені шешудегі мақсаттарын біріктіріп, күтілетін нәтижені мазмұндық, әдіс-тәсілдік, ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ететін мақсаттық бағдарлы дамыту жобалары жасалады. Біздің зерттеуімізде бұл жобалар жүйенің тұтас дамуын қамтамасыз ете алатын басты қызмет ретінде алынып отыр.
Жобалау қызметін ұйымдастыру педагогикалық жүйенің барлық деңгейлердегі басқарушылардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттілігін дамытуды қажет ететін болғандықтан, оларды ұйым ішінде оқыту мен тәжірибені ұштастыру арқылы жүргізілуі тиіс. Ол үшін мақсаттық – бағдарлы жобалар ретінде оқу-тәжірибелік алаңдар мен зертханалар ұйымдастырылады. Субъектаралық және іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын оқыту жобалары нәтижесінде оған қатысушылар – әр деңгейдегі жүйе басшылары, педагогтар, білім алушылар өзіндік білім алу мақсатын қоя алатын, өзінің мүмкіндіктерін дамытуды көздейтін деңгейге жете алады.
Мақсаттық - бағдарлы дамыту жобаларының күтілетін нәтижесі түрлі деңгейлердегі басқарушылардың, педагогтардың құзыреттілігін дамыту болуы жалпы жүйе дамуының стратегиялық мақсаты–білім алушылардың күтілетін нәтижелерін қамтамасыз ету мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйелерді дамыту үдерісінің құрылымдық толықтығын қамтамасыз ету өзгерілетін компоненттің процедураларын реттеп отыруды қажет етеді.
Мақсаттық - бағдарлы жобалау барысындағы аралық нәтижелерді бағалаудың көрсеткіштерін құрастыру аса маңызды, өйткені, бұл параметрлерді жасау әр кезеңнен нақты не күтілетінін анықтауға, оның мақсатқа сәйкестігін бағалауға, түзетіп отыруға, сөйтіп, күтілетін өзгерістерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Педагогикалық жүйедегі ұйымдастырушылық, сапалық өзгерістер жасалуына мүмкіндік беретін маңызды факторлар–оларды басқарушылардың құзыреттіліктерінің дамуы болып табылады.
Жоба жетекшілері ретінде басқарушылар құзыреттіктерін арнайы дамыту, өз кезегінде, жүйенің қызметтік және құрылымдық компоненттеріне белгілі бір өзгерістер ендіріп, оның мазмұндық, құрылымдық, стратегиялық дамуындағы жаңа сапалық өзгерістерді қамтамасыз ететіні анықталды. Төмендегі суретте өзгерістердің жүзеге асырылу кезеңдері берілген.


5 - кезең - КН -5

4 - кезең - КН -4


3- кезең - КН -3

2 – кезең - КН -2


1 - кезең - КН -1

Сурет 12 − Өзгерістердің жүзеге асырылу кезеңдері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет