Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



бет51/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Жобалау әрекетінің құрылымы. Жобалау әрекетінің белгілерін төмендегідей анықтауға болады:

  • нақты нәтиже алуға бағытталуы;

  • алынатын нәтиженің, өнімнің алдын ала сипатталуы;

  • эскиз түрінде тұтас және бөлігінің нақтылануы

  • нәтиженің орындалу мерзімдерінің қатаң белгіленуі;

  • нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті шаралардың алдын ала жоспарлануы;

  • жобаның түпкілікті нәтижесін қамтамасыз ететін жеке жұмыстардың нәтижелерімен олардың орындалу мерзімдері көрсетілген жоспарлы бағдарлама болуы;

  • әрбір әрекеттің барысын қадағалау мониторингі мен түзетіліп отыратын жағдай болуы;

  • жобалау әрекетінің нәтижесі ретінде алынған өнімнің алдын ала белгіленген нәтижеге сәйкестігі тексерілуі, талдануы және одан арғы жұмыстың жоспарлануы;

Жобалау әрекеті барысында аталған жұмыстар бірінен кейін бірі кезекпен орындалады деп түсінуге болмайды. Жобаны жүзеге асыруда бірнеше әрекеттер бір мезгілде жасалып, олар бір–бірімен үйлестіріліп отырады. Бірақ олардың ішінде негізгі әрекеттер мен қосымша әрекеттер болатыны, әрқайсысының жобадағы орны қатысушыларға түсінікті болуы тиіс.
Жобаның ең маңызды ерекшелігі–жобалау алдындағы нақты жағдайдың талдану қажеттігі. Атап айтқанда, жобалау арқылы жүзеге асырылатын жұмыста сол кезге дейін қалыптасқан жағдайды талдау оны өзгертуге, орындауға деген қажеттіктің нақтылануына мүмкіндік береді.
Жобалаудың түпкі идеясы қалыптасқан жағдайды өзгертуге және түйінді мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан жобалау алды талдау өзгеріс енгізілетін нысанды жан–жақты зерделеуді қажет етеді. Олай болмаған жағдайда жобалау арқылы алынған нәтиже жобаның мақсатына сай болмайды.
Жобалаудың түпкілікті нақты нәтижеге бағытталу ерекшелігі оның модельдеумен ұқсастығын көрсетеді. Қалыптасқан жағдайды өзгерту немесе белгілі бір құбылыстарға ықпал ету үшін, ең алдымен, оларды көз алдына елестету қажет. Осылайша, болашақ нәтиженің (жоба өнімінің) сұлбасы пайда болады. Берілген сұлбаны (бейнені) нақтырақ көрсету үшін оның мақсаты, орындау жолдары, т.б анықталады. Бұл – модельдеу үдерісі. Белгілі бір жағдайды модельдеу үшін оны толық білу, яғни ақпарат жинақтау қажет болады. Ақпараттың жеткіліксіз болу модельдің толық бейнесін құрастыруға мүмкіндік бермейді, осы себепті жобалау мақсаты орындалмайды.
Жобалау және ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу туралы шешім белгілі бір сұраққа жауап іздеу немесе бір логикалық байланыстың кем болуы немесе ғылымда бар тәсілдер және түсініктердің қоршаған орта тануға жеткіліксіз болуы жағдайында пайда болады.
Зерттеу идеясының өзінде оның пайда болуынан бастап–ақ түпкілікті нәтижесінің қандай да бір көрінісі, оған жету амалдары, бақылау және түзету жолдары орын алуы мүмкін.
Бірақ зерттеу нәтижесі сол ғылымның түсініктік аясына (понятийный ландшафт) ене отырып, оның дамуына, өзгерістеріне ықпал етеді. Ғылыми зерттеудің осы салалары оны жобаның қасиеттеріне жақын екенін білдіреді.
Солай бола тұра, жоба мен зерттеудің елеулі айырмашылықтары да бар. Оның ең негізгісі - әрқайсысының жүзеге асырылатын кеңістіктерінің біздей еместігі. Ғылыми зерттеуде түсініктік кеңістігі сол ғылымның теориясы болып табылады да, зерттеу нәтижесінде алынған жаңа ұғымдар теориялық кеңістікке өзгеріс енгізіледі.
Ал жобалауда–практикалық әрекеттер жүзеге асырылып, тәжірибе өзгеріп отырады. В. В. Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті квазизерттеу ретінде орындалады, сондықтан, оқу әрекеті барысында қалыптасқан ғылыми теория, түсініктік кеңістік өзгермейді, яғни оқушылар ғылыми теорияны дамытуға араласпайды.
Солай бола тұра, субьектілік түсініктік кеңістік өзгереді, оқушыларда жаңа түсініктер пайда болады және олардың қоршаған ортаны тану амалдары мен жолдары өзгереді, яғни оқушының өз теориялары, өз көзқарастары пайда болады, дамиды.
Ғылыми зерттеу жобаға немесе оның құрамдас бөлігіне айнала алады. Бұл адамның жаңа білімі оның өзін ғана емес, оның өз ортасын, әлеуметтік ортасын да өзгерте алатын жағдайда пайда болады. Сондай–ақ, жаңа білім тәжірибеде жүзеге асырылғанда ғана жобаға айнала алады.
Жаңа білім құралға, практикалық әрекеттің құралына (средство) айналуы арқылы жобаның бөлігі болып қызмет етеді.
Ғылыми зерттеулер мен жобалардың көптеген ортақ жерлері бар, бір – біріне айнала алатын тұстары да бар. Зерттеулер жобаның бөлігіне айналып, оған еніп те кетуі мүмкін. Іргелі ғылыми зерттеулер жобаның бірнеше сериясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені, зерттеу нәтижелері белгілі болмай кейбір жобаларды орындау мүмкін емес. Керісінше, кейбір жобаларда өз алдына құндылықтары бар зерттеулер пайда болады.
Жобалау және жобалауға қабілеттілік. Жобалау мәселесінің тағы бір аспектісі бар, ол жобалаушы адамның қандай қабілеттері болуы қажет. Жоба нәтиже ретіндегі белгілі бір өнім алуға, жасауға байланысты қолданылатын ұғым, ол өнім материалдық немесе идеалдық тұрғыларда қарастырылады және ол белгілі бір мәселені шешу үшін қажет болады.
Психология ғылымында Өнімді ойлау (продуктивное мышление) деген ұғым бар, ол шығармашылық ойлау деген ұғымның синонимі ретінде адамның жаңа тұрғыдағы, жаңа деңгейдегі интеллектуалдық міндеттерді шеше білуімен байланыстырылады. Өнімді ойлаудың негізгі кезеңдері төмендегідей белгіленеді:

  1. тақырыптың пайда болу кезеңі (жұмысты бастауға қажеттік), қалыптасқан жағдайды талдау;

  2. мәселені анықтау кезеңі: тақырыпқа сәйкес идеялық–тұжырымдамалық немесе бейнелік–символикалық модель құрылуы, модель ішінде мәселе туғызатын қайшылықтарды айқындау арқылы мәселе нақты көрінеді;

  3. мәселені шешу кезеңі: бұл кезеңде болжау жасалып қана қоймай, ол тексеріледі, дұрыс болған жағдайда мәселені шешу жолдары белгіленеді;

  4. мәселені шешудің оны обьект ретінде қарастырудың, жүзеге асырудың техникалық, орындаушылық кезеңі;

Бұл әрекеттер негізінен мәселені шешу жолдарын ойша іздеудің сипатталуы екені көрініп тұр. Өнімді ойлауды сипаттау барысында ең маңызды әрекет – ойлау актісі, өйткені, онда ойлану арқылы болжам құрылады, тексеріледі.
Өнімді ойлаудың екінші кезеңінде мәселені анықтау, оны бейнелік, тұжырымдық немесе символдық тілде құрастырып, қайта қарау. Бұл – модельдеу кезеңі, оны түрліше құруға болады. Жобалаушыға қажетті Өнімді ойлау қабілетінен басқа – креативтік ойлау әрекетін жүзеге асыра алу – аса маңызды. Креативтілік мәселені шешуде белгілі әрекеттерді орындауға бағытталған формальды түрдегі интеллектке жатпайды, ол – жаңа идеяларға бейімділік. Креативтілік деңгейін диагностикалау да адамның «дұрыс» жауапты таңдай білуі емес, мәселені анықтай алуынан бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген, бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.
Креативтіліктің тағы бір ерекшелігі–қарама–қайшылықтарын көре білуі және одан туындайтын мәселені, болжамын жасай білу арқылы шешу жолдарын анықтап, нәтижесіне дейін жеткізе білуі.
Кесте 6 - Өнімді ойлауға және жобалауға тән түсініктер
«Өнімді ойлауға» тән түсініктер «Жобалауға» тән түсініктер

  • Өнімді ойлау әрекеті

  • Креативтілік

  • Проблеманы шеше білу

  • Шешім қабылдау

  • қалыптасқан жағдайды талдау

  • қайшылықтарды көре білу

  • болжам жасау, тексеру, қадағалау

  • нәтижеге қол жеткізу

Жоғарыдағы 6-кестеге көңіл аударсақ, түсініктік, ұғымдық ақпараттары әр түрлі болғанымен психологияның әрекет ретіндегі өнімді ойлаудың бойында ұйымдастырушылық әрекет түрі ретіндегі жобалаудың барлық аспектілері бар екені, олардың логикалық және бірізділік сапалары ұқсас екені көрінеді.


Психологтардың пікірінше, ойлаудың түрлері туралы теориялар бірін–бірі толықтырып отырады деуге болмайды. Өйткені, олар интеллекттің формальдық теориясы сияқты бір–біріне тәуелсіз түрде пайда болады және дамиды. Дәстүрлі білімдік парадигма XX ғасырдың аяғына қарай қажет бола бастаған жаңа индивидтік қасиеттерді түсіндіру, сипаттау үшін жеткіліксіздігі белгілі болды. Соған орай, көптеген теорияларда индивидтің туындаған мәселеге қатысты талдау жасау, ситуацияны модельдеу, шешім қабылдау әрекеті және ол үшін өз жауапкершілігін мойындау сияқты сапалары басым көрсетіле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет