Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет104/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   195
кітап тарбие туралы

Жастардың өнерлі болуына ар-
налған ойы:
«Біздің халықтың ішінде жік те 
жоқ, құл да жоқ. Біртегіс өнер білім 
алуға құқы бар, ерікті теңдес азамат-
тары ғана бар екенін білеміз. Біздің 
мақсатымыз: өнер-білімнің жарық 
сәулесіне ерікті азаматтарға жол ашу, 
тұйықта жатқан сансыз таланттар-
дың (озаттықтардың) өрбуіне себеп-
ші болу. Сөйтіп, өнер, білім жемісін 
халыққа тегіс жеткізу әр адамның 
ақыл күші дамуына кең майдан 
ашамыз, көпке бірдей білім негізін 
құрамыз».
(Аймауытов Ж. шығармалар 
жинағы. Т.4. – Алматы: «Ғылым», 
1998. – 446 б., 281-б.)
Жүсіпбек Аймауытұлының өнеге-
лі сөздері
Ана тілі – халық болып жасаған-
нан бергі жан дүниесінің айнасы; 
һаман өсіп-өніп, түрлене беретін, 
мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүрек-
тің терең сырларын басынан кешір-
ген дәуірлерін, дүниеге көзқарасын
нанымын-айманын, қайғысын, қуа-
нышын, қысқасы жанының бар лық 
толқындарын 
тұқымнан-тұқымға 
жет кізіп, сақтап отыратын – сол хал-
қының тілі. 
Естеріңізде болсын: қара халық-
тың мәдениетті болуынан мәдениетті 
кісінің қазақ болуы қиын, баласына 
осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ 
өміріне жақындатып тәрбиелеу ке-
рек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт 
қызметкері бола алмайды. Қазаққа 
аюдай ақырған шенеунік табылуы 
оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай, 
шақырмай іс бітіретін, терісі қалың 
көнбіс, табанды қызметкер табылуы 
қиын. Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, 
ақша жегіш жалтырауық шенеунік-
тің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі 
жоқ; адал күшімен өгіздей өрге сүй-
рейтін жұмысшы керек.
Ана тілін меңгеру – сөздерді жат-
тау, олардың жүйесін, өзгеру заң-
дарын білу ғана емес, тіл үйренумен 
бірге бала тілдің сансыз көп ұғым-
дарын, ойларын, сезімдерін, сұлу 
үлгілерін, ойлау жүйесін, ой фәлсә-
фасын да меңгереді. 
Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – 
сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл же-
тілу қатар жүреді. 
Тіл – ішкі сырды сыртқа шығара-
тын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды 
әр түрлі шығаратын болған.


199
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Ана тілі – халық болып жасалған-
нан бері жан дүниесінің айнасы, 
өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құ-
ла майтын бәйтерегі.
Баланы бұзуға, түзеуге себеп бо-
латын бір шарт – жас күнінде көрген 
өнегесі.
Әдебиеттер
1. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. V том. – Алматы: «Ғылым», 
1999. – 290 б.
2. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы: «Ана тілі», 1993. – 182 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет