Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет105/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   195
кітап тарбие туралы

 2.16. Мұстафа Шоқайдың 
тәрбиелік мұралары
Шоқайұлы Мұстафа отар-
шылдықтың 
озбыр 
саясаты-
на қарсы жүргізген қоғамдық 
қозғалыс көсемдерінің бірі, түркі 
халықтарынан шыққан тұңғыш 
рет демократиялық Еуропаның 
ортасында Түркістандық саяси 
эмиграциялық қызметтің негізін 
қалаушы патриот, қоғам қайрат-
кері. Ол орыс империясының езгі-
сіне түскен түркі халықтарын азат 
ету үшін күреседі. Оның негізгі ар-
маны Орта Азияда «Түркі мемле-
кетін» құру идеясы болатын. 
Түркі халықтарының болашағын 
ойлап, тұтас ел болуын аңсаған 
қазақтың біртуар ұлы Мұстафа 
Шоқайұлының отансүйгіштік тәрбие 
идеялары бүгінгі күннің өзекті мәсе-
лесі болып табылады. Тарихи дерек-
намаларды негізге алатын болсақ: 
«Мұстафа Шоқайұлы (25.12.1886 
жылы Қызылорда облысы Шиелі ау-
даны Сұлутөбе ауылында дүниеге 
келген – 27.12.1941 жылы Алмания-
да Берлин қаласында қаза тапқан) –
Алаш қозғалысының қайраткері, 
Түркістан өлкесі халықтарының азат-
тық күресі жетекшілерінің бірі, пуб-
лицист. М. Шоқай сауатын ауылда 
ашады да, Сұлутөбе станциясындағы 
орыс мектебінде оқиды. 1902 жылы 
Ташкент қаласындағы гимназияға 
қабылданып, оны 1910 жылы «өте 
жақсы» деген үлгеріммен аяқтайды. 
Ол осы жылы Санкт-Петербург уни-
верситетінің заң факультетіне оқуға 
түсіп, оны 1917 жылы тамамдайды» 
[1, 621-622-бб.].
Оның саяси өмірге араласуы 
1914 жы лы Ә. Бөкейханұлының ұсы-
нуымен Ресей мемлекеттік думасын-
дағы Мұсылман фракциясының хат-
шысы қызметіне тағайындалуы нан 
басталып, бұл міндетті ол 1917 жыл-
ғы революциялық өзгерістерге дейін 


200
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
атқарады. 1916 жылы Түркістандағы 
ұлт-азаттық көтерілістің себеп-сал-
дарын тексеруге осында депутаттар 
А.Ф. Керенский және К.М. Тевкелев-
пен бірге М. Шоқай да келеді. 1917 
жылы соғыс майданындағы окоп 
қазу жұмысына алынған мыңдаған 
қазақ басқа түркістандық жастарды 
өз елдеріне жеткізу жұмысына ат-
салысады. Осы жылы Түркістанның 
саяси орталығы Ташкентке келіп, 
Түркістан мұсылмандарының Ұлт-
тық Орталығына (Милли Мәркәзи) 
басшылық етіп, қазақ тілінде шығып 
тұрған «Бірлік туы» газетін ұйым-
дастырып, оған редакторлық жа-
сайды. Бұл аталған саяси ұйым мен 
басылым Түркістанның түркі және 
мұсылман халықтарының тұтастығы 
жолында күресті. 1917 жылы қараша-
да Ташкентте орнаған кеңестік билік 
жергілікті мұсылман халықтарының 
саяси билікке араласу құқын мойын-
дамауына байланысты Қоқан қа-
ласында өз жұмысын бастаған Түр-
кістан мұсылмандарының құрыл-
тайы Қоқан автономиясын жариялап, 
оның Уақытша үкіметін бекітеді. 
М. Шоқай бұл үкіметте алдымен 
Сыртқы істер министрі, сонан соң 
Бас министрі міндетін атқарады. 
1918 жылы қаңтар айында Кеңес 
үкіметі әскерлері Қоқан қаласына 
басып кіріп, М. Шоқай басқарған 
Түркістан автономиясы үкіметін 
күшпен таратып жібереді. 1917 
жылы 5-13 желтоқсанда болып өт-
кен II Жалпықазақ құрылтайы Алаш 
автономиясының құрылатындығын 
мәлімдеп, онда Алашорда үкіметінің 
іс-құжаттарын бекітеді, М. Шоқай 
соның құрамына енеді. 1918 жылы 
көктемде Ташкенттен жасырынып 
шыққан М. Шоқай азамат соғысы 
жылдары кеңестік билікке қарсы оп-
позицияның қатарында болып, 1919 
жылы Маңғыстау арқылы Тбилисиге 
өтіп, «Вольный горец», «Борьба» га-
зеттерінде қызмет істеп, «На рубеже» 
журналына редакторлық жасайды. 
1921 жылы ақпанда Тбилиси қызыл 
әскерінің қолына өткен соң Мұста-
фа Шоқай зайыбы Мариямен бір-
ге Стамбулға аттанады. 1921 жылы 
жазда олар Парижге келіп, М. Шоқай 
орыс эмигранттарының «Дни» және 
«Последние новости» газеттерінде 
қызмет жасайды. 1927 жылы Зәки 
Уәлиди Тоғанмен бірге «Янги Түр-
кестан» журналын ұйымдастырып, 
1929 жылдан бастап өзі редакторлық 
жасаған «Яш Туркестан» журналын 
шығара бастайды. Берлин қаласын-
да жарық көрген «Яш Туркестан» 
1939 жылға дейін Польша үкіметі 
тарапынан бөлінген қаржыға шығып 
тұрды. Мұстафа Шоқайұлының са-
яси арманы Түркістан автономиясын 
құру, болашақта түркі халықтарын 
бір тудың астына біріктіріп «Түркі 
мемлекетін» қалыптастыру болды. 
Ол біз үшін маңызды патриоттық 
өсиетінде: «Жалпыұлттың мүддесін 
жеке топтардың мүддесінен жоғары 


201
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
қоя білген, өзінің белгілі бір түзімге 
белгілі бір себептермен қалыптасқан 
қатынасын, оған тәуелділігін жалпы 
ұлт мүддесі тұрғысына сәйкес, ұлт-
тың жалпы жағдайына үйлесетін тү-
зім жолында өзін құрбан ете білген 
адамдар ғана нағыз ұлттың патриоты 
және ұлтқа пайдалы қызметші бола 
алады», – деп тұжырымдайды [2, 
7-б.].
Сондай-ақ Мұстафа Шоқайұлы-
ның жаңа ғылыми деректер келтіріп, 
тарихи тұлға туралы (М. Шоқайдың 
дүниетанымы және қайраткерлік 
болмысы) зерттеулерінде К.Л. Ес-
мағамбетов: «Мұстафа Шоқайұлы –
туған халқына ғана емес, өзбек, қыр-
ғыз, тәжік, түркімен, әзербайжан 
және басқа да түркі халықтарының 
бостандығы үшін күрескен тұлға. 
Осы жолда өмірінің соңғы сәті-
не дейін өзінің ой-қабілетін сарқа 
жұмсаған М. Шоқайдың қайрат-
керлік, шығармашылық болмысын 
жан-жақты пайымдаудың еліміздің 
мұрат-мақсаттарын негіздеуге берері 
мол», – деп әділ бағасын береді [3, 
5-б.].
Мұстафа Шоқайұлы Түркістанда 
орнаған Кеңестік биліктің отаршыл 
сипатын қатесіз тани білген және 
онымен күреске ғұмырын арнаған, 
сондай-ақ бұл күреске бұрын Түркіс-
тан халықтары тарихында болмаған 
жаңа мазмұн, сипат беріп, оны өзінің 
қажырлы еңбегімен жаңа интеллек-
туалдық көкжиекке көтерген, түр-
кі патриотизмінің негізін қалаушы 
қоғам қайраткері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет