Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


(«Жұмабаев М. Көптомдық шығармалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет111/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   195
кітап тарбие туралы

(«Жұмабаев М. Көптомдық шығармалар жинағы» 
кітабынан, Т.1., 124-127 бб.)
Отанын сүю, ел қорғау, ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қою
Жауынгердің жыры
Желе бер, жаным Қаракөк,
Желкілде желмен, айдарым!
Қолымда найза көк болат –
Ерлігіме айғағым.
Ұлт дегенде көпіріп,
Жарайсың, қаным, қайнадың,
Ұлтымнан мен садаға,
Бекіндім, басты байладым.
Көктегі кәрі күн Куә –
Ежелден жаудан таймадым.
Қорқыныш емес нажағай,
Нажағай – өзім, жайнадым.
Білгенін енді істесең,
Өлімменен ойнадым.
Желе бер, жаным Қаракөк,
Желкілде желмен, айдарым.
Қазам жетсе майданда,
Басымда найзам – сайғағым.
Қайратты, қайтпас жан досым –
Ерлігіме айғағым.
Желе бер, жаным Қаракөк,
Желкілде желмен, айдарым!
(«Жұмабаев М. Көптомдық шығармалар жинағы»
 кітабынан, Т.1., 155-164 бб.)


211
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Қайрат-жігер, ерлік, 
батырлық туралы
Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер –
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!
Алаш – айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет