Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет113/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   195
кітап тарбие туралы

2.18. Мұхтар Әуезовтің 
тәрбиелік мұралары
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – 
Қазақ халқының әйгілі жазушы-
сы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР 
Ғылым академиясының академи-
гі, филология ғылымының тұң-
ғыш докторы, профессор. Туған 
жері – қазіргі Шығыс Қазақстан 
облысы, Абай ауданы. Ол Семейде-
гі бес кластық орысша оқытатын 
училищені, содан кейін мұғалімдік 
семинарияны бітіреді. Одан соң 
Ташкенттегі Орта Азия мемлекет-
тік университетінде, кейін Ленин-
град университетінің филология 
факультетінде оқып шығады. Мұх-
тар Әуезов негізгі ғылыми-зерт-
теулері түркі халықтарына ортақ 
«Манас» ерлік дастанын әлемдік 
деңгейдегі туынды екендігін дәлел-
деді, сонымен қатар туысқан түркі 
халықтарының әдеби мұраларын 
салыстыра зерттеп, олардың жа-
қын дасуына себепкер болды. Не-
гізгі еңбегі «Абай жолы» тарихи 
романы арқылы қазақ халқының 


213
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
мәдениетін, салт-дәстүрін, өмір 
сүру қағидаларын, т.б. дүние жүзі-
не танытты. «Абай жолы» тарихи 
романы түркі халықтарының жә-
не Еуропа елдерінің тіліне ауда-
рылып, оқырмандарға таратылды.
Мұхтар Әуезовтің негізгі ғылыми 
еңбектері түркі халықтарының фоль-
клорын зерттеп, олардың тәрбиелік 
мәнін ғылыми айналымға енгізуге 
арнады. Халықтың рухы фольклор-
да ғана сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасын тауып, халық игілігіне 
айна латынын білген болатын. Оған 
дәлел «Әдебиет ескілігін жинау-
шыларға» атты мақала жазды. Мұнда 
негізінен түркі халықтарының бай 
фольклор туындыларының тәрбиелік 
мәнін ашқан болатын. Белгілі ғалым, 
әуезовтанушы, профессор А. Тайжа-
новтың «Тағылымды танымдар» атты 
ғылыми еңбегінде: «Шығыс және 
Батыс мәдениетін өз бойына терең 
сіңірген Мұхтар Әуезовтің қазақтың 
кең даласына, жалпы түрік рухани 
әлеміне әкелген ықпалы зор. Ол – 
дүние жүзі әдебиеті мен мәдениеті 
қазынасынан тек сусындап қоймай
оның еселенуіне де есепсіз үлес 
қосқан адам. Ал қазақ мәдениеті мен 
әдебиетінің тарихын ол сонау Тәңір-
лік дәуірдегі сақ, ғұн дастандары мен 
жырларынан, түркі жазба жәдігерле-
рі «Күлтегін», «Тоныкок» жырлары, 
«Қорқыт Ата кітабы» сияқ ты рухани 
құндылықтардан бастап тарата біл-
ген. Ғалым – фольклоршы, кейінгі 
ислам дәуірі әдебиетінің де жетік 
білгірі атанған жан. Ол – осы кезең-
нің этикалық-дидактикалық поэ зия-
сынан бастап, әл-Фараби, Мах мұт 
Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ах мет 
Үйгінеки, Қожа Ахмет Йасауи, Сү-
лей мен Бақырғани шығармаларын да 
терең игерген түркітанушы ғалым. 
Ал Алтын Орда дәуірінің мәдени- 
рухани мұралары «Гүлістан», «Ма-
хаббатнаме», 
«Хұсырау-Шырын», 
«Жүсіп пен Зылиха» дастандарының 
қажетті тұстарын жатқа айтқан. 
Онан кейінгі шежірешілер мен ақын-
жырау лар жасаған мол мәдени-руха-
ни мұраның дені Мұхтар Әуезовтің 
қажымас еңбегі арқасында тек қазақ 
халқы ғана емес, бүкіл түрік әлемі 
жұртшылығының игілігіне айналды» 
деп ғылыми мағыналы бағасын бере-
ді [1, 254-б.].
Мұхтар Әуезовтің ғылыми-педа-
гогикалық мұрасы түркі халықтары-
ның тарихын, әдебиетін, арман-мүд-
делерін қарастырған халықтық пси-
хологиясына жаңаша серпін әкелген 
тағылымдық мұралардан тұрады. 
М.О. Әуезов мұраларын зерттеуші 
ғалым, филология ғылымдарының 
докторы, профессор Ә. Молдаханов: 
«М. Әуе зов үздік талант иесі болғаны-
на қарамастан, тәрбиенің бастауы 
мен қайнар көзі болған фольклормен 
байланысын зерделей түсті, ондағы 
халық педагогикасының игі дәстүр-
лерін, тіл байлығын, сөз өнерін, ой 


214
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
даналығын суреткерлік сын елегінен 
өткізіп, саналы шығармашылық идея 
негізінде ұлттық рухы, тілі, салт-
дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы, 
эстетикалық әлемі – бәрі де алдымен 
сол халықтың фольклорында екенін 
дүние жүзіне таныта білді», – деп 
келтіреді [2, 4-б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет