220
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
Қазақ болып жазылуың бекер-ақ
Абай жырын аудармамен оқысаң.
Теріс қарай бұрылмасын күн бүгін,
Жатқа еліктеу жайылмасын індеті
Абыройын сақтау үшін еліңнің,
Тілін қорғау әр адамның міндеті.
1-жүргізуші: Әрбір саналы адам-
ның өз
ана тілінде дұрыстап сөйлей
білуді мәдениеттіліктің басты белгі-
сі деп ұғынуы тиіс. Ахмет Жұбанов:
«Әр халықтың ана тілі – білімнің
кілті», – дейді. Ал кемеңгер жазушы-
мыз М. Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген адам интеллигент
емес» деген пікір
айтса, халық жазу-
шысы Ғ.Мүсірепов осы ойды: «Ана
тілін тек өгей ұлдары ғана менсін-
бейді, өгей ұлдары ғана аяққа ба-
сады», – деп одан әрі тереңдетеді.
Мағжан
Жұмабайұлының мына
өлеңі дәл айтылғандай:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,
бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін
не бардың.
Алтын күннен бағасыз
бір белгі боп
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі,
сен қалдың!
Қорытынды сөз.
Сара жолды салып кеткен зиялы
бабаларымыз: «Тіліңнің көсегесін
көгерт, қазақ!»
дегендей, болашақ
ұрпақ, біз ана тіліміздің көркеюіне өз
үлесімізді қосуымыз керек.
Тілдің құдіреті, адам өміріндегі
маңызы туралы жас ұрпаққа талай
ақын-жазушылардың
шығармалары
белгілі. Сондықтан әрбір адам елінің
болашағы үшін тіл дәрежесінің көте-
рілуіне өз үлесімізді қосу керек деген
ойымызды мына өлең жолдарымен
аяқтағымыз келеді:
Анамның тілі – ардақтым менің,
Ойлантар әркез тағдырың сенің.
Арманым – алда дамытып тілді,
Азамат болсам көркейтер елін.
Талғамы, ойы жоғары халық.
Келеді өрлеп жаңа жол салып.
Заманмен бірге, айбынды тілім,
Мәртебең биік болары анық!
Достарыңызбен бөлісу: