Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет122/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   195
кітап тарбие туралы

Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. 
Сыныпты дөңгелек үстел түрін-
де дайындаймыз. Оқушылар, бүгінгі 
тәрбие сағатымызды «Абайдың сөзі –
ақылдың көзі» деген тақырып-
пен алып отырмыз. Абай атамызды 
бәрің де білесіңдер, ақын, кемеңгер, 
данышпан.
Өмірбаяны. Абай Құнанбайұлы 
1845 жылы Семей облысының Абай 
ауданында дүниеге келген. Оны әке-
сі әуелі ауылдағы татар молдасына
кейін Семейдегі Ахмет-Риза медре-
сесіне оқуға береді. Медреседе оқып 
жүріп орыс тілін үйрену мақсатын-
да үш ай орыс мектебінде оқиды. 
13 жасқа келгенде әкесі оқудан 
шығарып алып, ел басқару ісіне ара-
ластырады. Осы жұмыста қазақтың 
білгір-шешендері, әнші-күйшілері, 
ақын-жыршылармен кеңірек таны-
сады.
Абайдың аудармашылығы. Герма-
нияда Абайға арналған мұражай бар. 
Ол мұражайда Абайдың, Лермон-
товтың, Гетенің портреттері ілініп 
тұр.
Абайдың «Қараңғы түнде тау 
қалғып» әні 3 тілде бірдей – бейне-
таспада қазақ, орыс, неміс тілдерінде 
бірдей ойнап тұр. Осыдан Абайды 
неміс халқының қалай құрметтегенін 
көруге болады. 
Абайдың оқу-ғылымға шақырған
өлеңдері. «Әсемпаз болма әрнеге»
«Ғылым таппай мақтанба», «Жасым-
да ғылым бар деп ескермедім», «Өлең 
сөздің патшасы»
Абайдың жеке адамның дамуы 
мен қалыптасуы жайлы 45 қарасөзі 
бар. Қара сөздеріне тоқталайық: 
Оқушы – 1-қарасөз.
Оқушы – 7-қарасөз.
Оқушы – 19-қарасөз.
Оқушы – 18-қарасөз.
Оқушы – 37-қарасөз.
Абай адам мінезінің түрлерін 
жақсы, жаман деп екіге бөлген екен. 
Жастардың белгілі бір өнер үйреніп, 
пайдалы іспен шұғылдануын уағыз-
даған.
Абайдың шешендігі. 
Абай мен Жанқұтты шешеннің 
кездесуін сахналау
Абай – оқушы
Жанқұтты шешен – оқушы


225
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Автор: 17 жасынан сөз өнеріне 
араласып, дуалы ауызды би Ша-
банбайдан бата алған Жанқұтты жа-
ман мен жақсыны, адалдық пен аяр-
лықтың, қысқа өмірдің мәнін терең 
білген кісі еді. Жолы түсіп Құнан-
байдың үйіне ат басын тіреді. Он-
дайда игі жақсы сәлем бермек, бір 
ауыз аталы сөзін естіп қалмақ ел 
дәстүрімен ауылдың үлкен-кішісі 
қоғадай жапырлап келіп Жанқұттыға 
сәлем береді. Солардың ішінде Абай 
да бар еді.
Жанқұтты: Абай шырағым, дү-
ние неге сүйенеді?
Абай. Дүние үмітке сүйінеді.
Жанқұтты: Көздің көрмесі бола 
ма?
Абай. Иә, көз қабағын көрмейді.
Жанқұтты: Шам жарығы түспес 
жер бола ма?
Абай. Шам жарығы түбіне түспей-
ді.
Жанқұтты: Болат пышақтың 
кеспесі бола ма?
Абай. Болат пышақ өз сабын 
кеспейді. 
Жанқұтты: Тамағына тартпай-
тын мақұлқат бола ма?
Абай. Өз тамағына тартпайтын 
мақұлқат болмайды. Ата, сізден бір 
сауал сұрасам рұқсат етесіз бе?
Жанқұтты: Ата баладан сұраған 
сұрақты бала атасына қойған несі 
айып, сұра, шырағым.
Абай: Ата, сұрасам, арсыз не, 
қымбат не, дауасыз не?
Жанқұтты: Мұны сен текке сұра-
мадың-ау, балам! Е, шырағым, арсыз 
өтірік, қымбат – шындық, дауасыз – 
кәрілік. 
Абай. Оныңыз рас, ата. Артыңыз-
да айта жүрер өсиет болса, соны ес-
тиін деп едім. Оны естіп, көңілім жай 
тапты.
Жанқұтты: Балам, мен бүгін бір 
жасап қалдым. Құнанбай мырзаның 
әкесінен оза туған, Өскенбай атасына 
жете туған баласы бар естуші едім. 
Соған көзім жетіп қойған жоқ, көріп, 
көңілім тасып отыр, жанарыңның 
оты бар екен – ойлылығың шығар, се-
зіміңнің нәрі бар екен – елің сұраған-
да шөл қандырар бұлағы боларсың.
(Батасын береді.)
Бір сөз айтсаң жақсыға
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға
Өмірінде ұқпайды.
Надандықтың белгісі
Өзін-өзі мақтайды 
Көкірегі соқырға
Өмірде тоқ айтпайды.
Шешеннің сөзі шын асыл,
Қап түбінде жатпайды.
Қазақ халқының музыкасы Абай 
есімімен тығыз байланысты. «Абай 
сазгер» деген тақырып бойынша 
«Желсіз түнге жарық ай» әні орын-
далады. Оқушыларға танымдық 
сұрақтар:
– Абай атаның 500-ге тарта өлеңде-
рі бар. Абайды әлемге танытқан кім?


226
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Мұхтар Әуезов қандай роман 
жазды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет