Қорытынды: Мұхтар Әуезовтің
50 томдық жеке шығармалар жинағы
бар. Сонымен, бүгінгі сабақта Абай
асыл сөздерінің қай заманда да ала-
тын орны ерекше екендігін ескере
отырып,
Абай – әлемнің Абайы,
Абай – аудармашы,
Абай – табиғат жыршысы,
Абай – сазгер екендігін біліп
таныстық.
Абайдан алдым сабақ бала жастан,
Тең барма ойға терең одан асқан.
Алды бейіш, арты ырыс болсын,
Мен оның шәкірті едім ізін басқан, –
деп сабақты аяқтаймыз.
3.3. Ізгілік тәрбиесіне арналған
тәрбие сағаттарының үлгісі
Тақырыбы: Адам болам десеңiз
Мақсаты: Абай жас ұрпаққа
өмiр сүрудi үйретiп, оның бола-
шақта қалыптастыру, даму жол-
дарын байқатар басты нәрсе ғылым
деп көрсетедi. Әдептi болуға үйре-
ту – жақсылыққа тәрбиелеу. Үйрету,
үлгi көрсету, жақсыға жанастыру,
дағдыландыру, жақсы салтты дәстүр-
ге айналдыру, яғни игiлiктi iс-әре-
кеттердi қалыптастыру, саналы аза-
мат болып сапалы өмiр сүру үшiн,
ғылымды үйренiп, тәлiмге тәнтi болу
керек. Азбайтын, тозбайтын басты
байлығымыз – бiлiм мен ғылымды
жастардың санасына сiңiру.
Көрнекiлiгi: Қанатты сөздер:
адамгершiлiк, ғылым, бiлiм жайын-
да. Абайдың өлеңдер жинағы, қара-
сөздерi. Үнтаспадан өлең оқылады.
Абайдың портретi.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Жүргiзушi: Құрметтi ұстаздар
мен оқушылар, бүгiнгi «Адам болам
десеңiз...» атты тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялаймыз.
Жүрегiн шырақ етiп жандырған
кiм?
Жырымен жан сусынын қан-
дырған кiм?
Қастерлеп сөз асылын өлеңменен,
Мұра қып кейiнгiге қалдырған
кiм?
Үнтаспадан Абайдың бiр шумақ
өлеңi оқылады:
Жүрегiмнiң түбiне терең бойла,
Мен бiр жұмбақ адаммын, оны да
ойла.
Соқтықпалы, соқпақты жерде
өстiм,
Мыңмен жалғыз алыстым, кiнә
қойма.
Достарыңызбен бөлісу: |