Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет124/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   195
кітап тарбие туралы

Жүргiзушi: Мыңмен жалғыз 
алыс қан қазақтың жазба әдебиетi-
нiң негiзiн салушы, классик ақын 


227
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Абай Құнанбайұлы ағартушылық жұ-
мысында, өзiнiң өлеңдерi мен қара 
сөздерiнде оқу, өнер, бiлiм үйрену, 
оны халық қажетiне жұмсау, жастар-
ды адамгершiлiк қасиеттерге, өнегелi 
мiнез-құлыққа тәрбиелеу мәселелерi-
не ерекше көңiл бөлдi. 
Абай жас ұрпаққа, яғни сiздер 
мен бiздерге өмiр сүрудi үйретiп, 
оның болашақ өсу, даму жолдарын 
байқатар басты нәрсе ғылым деп 
көрсетедi. 
Оқушы: 
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба, 
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңiз, – 
деп өсиет айтады. Саналы азамат бо-
лып, саналы өмiр сүру үшiн ғылым-
ды үйренiп, тәлiмге тәнтi болу керек 
дейдi ғұлама. 
Жүргiзушi: Абайдың ағарту-
шылық идеясы «Ғылым таппай мақ-
танба» өлеңiнде айтылған «адам 
болу» қағидасымен ұштасып жатыр. 
Ғылым таппай мақтанба...
Адам болам десеңiз, – деп келедi 
де, ғылым тауып, адам болу үшiн не 
iстеу керек дегенде Абай «адам болу» 
қағидасын ұсынады. 
«Бес дұшпанға» бой алдырған өз 
замандастарының қылықтарын «Дос 
жылатып айтады» дегендей, жерiне 
жеткiзiп, сүйегiнен өткiзiп айтып
олардың «ұятын, арын оятып», адам 
болғысы келген адамның асық болар 
«бес асыл iсiн» өсиет етедi. 
«Ғылым таппай мақтанба...» 
өле ңiнде 
«Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой
Бес асыл iс көнсеңiз...» –
деп бес асыл iстi тұжырымдап бе-
редi. Ал осы ғұламаның бес асыл iсiн 
бiздер қалай түсiнемiз. Кәне, кiм ай-
тады?
Оқушы: 
Абай 44-сөзiнен: «Адам бала-
сының ең жаманы – талапсыз» деп 
бастайды да, талаптың түрлерi көп 
болатындығын баяндайды. Талаптың 
iшiндегi ең зоры – бiр өнердi таңдап, 
содан нәтиже шығармай тынбау-
шылық. 
Керек iс бозбалаға талаптылық,
Әр түрлi өнер, мiнез, 
жақсы қы лық. 
Кейбiр жiгiт жүредi 
мақтан сөйлеп,
Сыртқа пысық келедi, 
көзге сынық, –
деп Абай талаптың дарынды, ын-
таны дамытатыны, сондықтан да 
халықтың «Талапты ерге нұр жауар» 


228
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
деген сөздi бекерге айтпағаны туралы 
ой толғайды. 
Оқушы: «Еңбек» – бұл дүниедегi 
құдiреттi күш, дiни ұғымда құдай 
болса, ғылыми ұғымдағы бiрден-бiр 
жасампаз ұлы күш – еңбек» болып 
табылады. Яғни, «Адамшылықтың 
парызы үшiн еңбек қылсаң, Алланың 
сүйген құлының бiрi боласың» дейдi 
ақын.
Еңбектi «бес асыл iстiң негiзгiсi» 
деп бағалаған – Абай: 
Бақпен асқан патшадан
Ақылымен асқан қара артық. 
Сақалын сатқан кәрiден
Еңбегiн сатқан бала артық... – 
деп адамды дүние жүзiндегi өмірдің 
жасампаз күшi етiп отырған оның 
еңбегi, адамның адамгершiлiгi тек 
адал еңбегiмен бағаланатыны туралы 
ой қорытады. 
Оқушы: «Терең ой». Адамды 
адам еткен еңбек болса, сол еңбек 
дағдысы барысында қалыптасқан 
адамды барлық жан-жануардан 
ерекше айырып тұрған екi қасиет-
тi Абай жоғары бағалады. Оның 
бiрiншi сi – ақыл-ой, екiншiсi – сөз. 
Абайдың «Жа пырағы қураған ескi 
үмiтпен» өлеңiнде адам үнемi үздiксiз 
ойлауы керек, өйткенi тек тұрақты 
ақыл-ой әрекетi ғана кiсiнi алға бас-
тайды, бiрақ ой күнделiктi өмiрмен 
байланысты ақиқатты түрде болуы 
керек деп үйретедi.
Оқушы: «Қанағат». Абайдың 
адам гершiлiк, иман туралы тол-
ғаныстарында «қанағат» ұғымына 
ерекше мән бердi. Ақынның түсi-
нуiнше қанағат – барға риза болу, 
мiсе тұту, нысаптан шықпау, нәпсi-
ге ермеу. Қанағат қарын тойғызса, 
қанағатсыздық жалғыз атын со-
йғызуға жеткiзетiнін ақын: «Адам 
баласы қанағатсыздықпен... хайу-
андардың тұқымын құртты...» деп 
мiнейдi. 
Оқушы: 
«Рақым» 
дегенiмiз 
ұғым ды идеялық тұрғыдан алған-
да адамның өзге кiсiлерге жасайтын 
жақсылығы, мейiрiм-шапағаты мен 
көмегi. Абайдың пiкiрiнше, терең 
ойдың негiзгi ақыл болса, рақым-
дылықтың негiзi – жүрек пен сезiм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет