Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет125/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   195
кітап тарбие туралы

Жүргiзушi: «Бес дұшпан» – Абай 
айқындап берген адамгершiлiкке жат 
этикалық әдеп нормалары. Абай «Бес 
асыл iсiнде» нағыз адам болу үшiн 
бес нәрсеге асық болу керектiгiн айт-
са, «Бес дұшпанда»: 
Адам болам десеңiз
Оған қайғы жесеңiз, 
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ, 
Ерiншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның бiлсеңiз... –
деп адам бойындағы жағымсыз қа-
сиеттi сынға алады. Осы жағымсыз 
қасиеттерден жұртшылықты сақтан-
дырмақ болады. 


229
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Оқушы: «Өсек». Абай заманын-
да ел арасында көп тараған, адам-
гершiлiкке жат, жаман қылықтардың 
бiрi – өсек айту, өсекшiлдiк. Осы 
жайға ренiш бiлдiрген ақын 24-сөзiн-
де «Қазақ ортасынан ұрлық, өтiрiк, 
өсек, қастық қылып, өнердi, малды 
түздеп, бөтен жақтан түзу жол iздеп, 
өрiстетерлiк күн болар ма екен» деп 
армандайды. 
Оқушы: «Өтiрiк». Ақын өтiрiктi 
«бес дұшпанның» ең бiр жиiркенiштi 
түрi ретiнде сипаттап, өз халқын 
осындай бiр сұм кесапаттан та-
зартуды армандайды. Ақты қара деп, 
я қараны ақ деп, өтiрiктi шын деп ант 
ететiн кiсiлердi Абай имансыз, азған 
адамдарға жатқызады. 
«Расы жоқ сөзiнiң,
Ырысы жоқ өзiнiң. 
Өңкей жалған мақтанмен, 
Шынның бетiн бояды», –
деп өтiрiк пен өтiрiкшiлердiң бет-пер-
десiн ашады, сынайды. 
Оқушы: «Мақтаншақ». Абай 
сөзiмен айтқанда, мақтаншақтар 
бiреудi «демесiн» демейді, «дейiн» 
деп дейдi, азаптанып жүредi. «Бiре-
уi» жатқа мақтанарлық мақтанды 
iздейдi. Ол – надан, надан да бол-
са адам. Екiншiсi – өз елiнiң iшiнде 
мақтанарлық мақтан iздейдi, оның 
надандығы толық, адамдығы толық 
емес. Үшiншiсi өз үйiне келiп айтпа-
са, я ауылына ғана келiп айтпаса, өзге 
кiсi қостамайтын мақтанды iздейдi. 
Ол – наданның наданы. 
Оқушы: «Ерiншек». Адамдардың 
бойына бiткен жаман қылықтардың 
iшiндегi ең жағымсызы – ерiншектiк. 
Абайдың түсiндiруiнше, ерiншектiк –
күллi дүниедегi өнердiң дұшпаны.
Оқушы: «Бекер мал шашу». Абай 
шығармаларында қолда бар қаржы 
мен мал-мүлкiн дұрыс пайдалана ал-
майтын, өз пайдасын бiлмейтiн, сырт 
көзге жомарт болып көрiнетiн мақтан-
шақ адамдарды өлтiре сынаған. 
Жүргiзушi: Абай адамның адам 
болу қағидасымен шектелмей, адам-
тану туралы ойын әрi дамытып, те-
реңдете бердi. Ойшыл ақынды көп 
толғандыратын ендiгi бiр мәселе – 
адамның барлық жағынан жан-жақты
жетiлiп, «толық адам» болу мәселесi. 
Толық адам болу үшiн адам бойын-
дағы ең негiзгi қасиеттер – қайрат, 
ақыл, жүрек тең болуы қажет деп 
тоқтамға келедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет