230
3-тарау. Жалпы білім беретін орта
мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
сен, екеуiнiң де iздегенiн тауып берiп
жүресiң, соның жаман.
«Қайрат»: Ей, қайрат, сен де
жақсылықты берiк ұстап кетесiң –
соның жаман.
Ортада ой таластырған үшеуге
әдiл төрелiкке «Бiлiм ата» келедi.
Басына шалма ораған, ойлы қолында
кiтап.
«Бiлiм»: Сенің үшеуiңнiң ба-
сыңды қоспақ менiң iсiм. Бiрақ сон-
да билеушi, әмiршi жүрек
болса
жарайды. Осы үшеуiнiң басын қос,
соның iшiнде жүрекке билет.
Жүргiзушi: Абайдың айтуы бо-
йынша, үш-ақ нәрсе адамның қасие-
тi:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек.
Бiреуiнiң күнi
жоқ бiреуiнсiз,
Ғылым сол үшеуiнiң жолын бiл-
мек.
Қорытынды: Сонымен, оқу-
шылар, «Қалың елiм, қазағым, қай-
ран жұртым» деп тебiренген Абай
халқына деген бар күйiнiші мен
сүйiнiшiн
сыйғыза отырып, ақын
шығармашылығының
кемелдену
барысында бүкiл адамзатқа ақыл-ой,
бiлiм, парасат, адамгершiлiк қасиет-
тердi саралап, аты алтын әрiппен
жазылар нағыз адамға жылы жүрек-
тен
тұрар мейiрiм, шапағат-нұрын
дарытуды мақсат еттi. Баршаға ортақ
ізгілiк ой-қазынасын ұсынып, адам-
заттың Абайы бола бiлдi.
Достарыңызбен бөлісу: