Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет134/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   195
кітап тарбие туралы

Тәрбие сағатының барысы:
Сахна алдына екі жүргізуші 
шығып, музыка сазына үйлестіре сөз 
сөйлейді.
1-жүргізуші: 
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, 
оқушылар! Сіздерді халық қаһар-
маны, алғаш рет қазақтан шыққан 
жалғыз ұшқыш қыз Хиуаз Доспано-


238
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
ваның өмір жолын, отансүйгіштік се-
зімін, Отаны үшін жанқияр ерлікте-
рін паш етуге арналған әдеби-сазды 
монтажды тамашалауға шақырамыз!
2-жүргізуші: 
Ерлікті бағалайтындарды шығыс 
әлеміне жалт қаратқан қос жұл-
дызымыз – Әлия мен Мәншүкті 
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 
жиі еске алып жүрген жайымыз бар 
еді. Екі қыз қазақ қаһармандарының 
ешқашан тот баспайтын екі белгісі 
еді. Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы 
бір қаһарман қызымызды таныдық.
1-оқушы:
Авиация тарихында әйелдер 
авиаполкі 1942 жылдың көктемінде 
жасақталды. Осы полктің құрамын-
да қазақ қызы Хиуаз Доспанова да 
болған еді. Ол сол кезде бар болғаны 
20-ақ жаста екен. Сол 20 жасында ол 
адам таңқаларлық ерліктер жасады. 
Жау шебіне 300 мәрте ұшып барып, 
неміс фашистерін зор шығынға 
ұшыратады. Сол үшін «Қызыл Жұл-
дыз», І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан 
соғысы ордендерімен марапатталған.
2-оқушы: 
1930 жылдардың соңында 
«жастарға қайда барса да жол ашық» 
деген ұранның буы жастарды шыр 
айналдырып, ерлікке, батырлыққа 
бастап, жан таптырмайтын еді.
 3-оқушы: 
Мысалы, кеңестік ұшқыш Вале-
рий Чкаловтың Еуропадан Амери-
каға Солтүстік полюс арқылы барған 
ерлігінің зор дәріптелгені сондай, 
бала атаулы Чкалов боламыз деп елі-
руші еді...
 4-оқушы:
Осындай ерліктердің жастарды 
ерлікке, қаһармандыққа жігерлен-
діргені рас. Солардың бірі Орал қа-
ласындағы №1 мектепте оқитын Хи-
уаз Доспанова еді. Жақсы оқитын, 
жігерлі де белсенді қазақ қызына сол 
кезде алынбайтын қамал жоқ секілді 
көрінген. Ол да өзінше ұшқыш бо-
луды армандады. Бірақ Чкалов секіл-
ді бола алмаймын-ау, ол ер адам ғой 
деп өкініп жүргенінде, Валентина 
Гризодубова, Полина Осипенко және 
Марина Раскова үшеуі Мәскеуден 
Қиыр Шығысқа дейін қонбай ұшып, 
өзі де желкілдеп жүрген қызды одан 
бетер таң қалдырды. Сол екпінмен 
Хиуаз қаладағы аэроклубқа жазыл-
ды.
5-оқушы:
Сонымен алған бетінен қайтпай-
тын қаһарман қыз 1940 жылы мектеп-
ті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш 
деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп 
Мәскеуге жол тартып, Хиуаз Мәске-
удің 1-медициналық институтына 
оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз 
құрбыларының алды болып жүре-
ді. Сабақты жақсы оқумен қатар ол 
спорттық гимнастикамен де айналы-
сады әрі қоғамдық жұмыстардың 
белсендісі болады. Сөйтіп жүргенде 
бір жыл өте шығып, жазғы сессия 
күндері басталады.


239
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
2-бастаушы: 
Осы мезетте талай жастың өмірін 
қиған, талай ананың өзегін өртеген, 
талай балаға жетімдік көрсетен соғыс 
басталды. 1941 жыл... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет