241
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың
әдістемесі
қызымыздың ерлігі осылай баға-
ланып, мерейі тасыды!
2-бастаушы:
Хиуаздың есімін қазақ жұрт-
шылығына алғаш танытып,
мақала
жазған сол кездегі майдандық газет-
тің тілшісі, ақын Сағынғали Сейітов
екен.
1-бастаушы:
Сонымен қатар Хиуаз Доспано-
ва туралы батыр қыздың досы Раи-
са Аронованың естелік кітабында,
соғыс кезінде әскери ұшқыш болған
П. Батлуктың «Гвардиялық полктің
штурманы», эскадрилья командирі
Марина Чечневаның «Менің қарулас
достарым»
атты кітаптарында атап
өтілген.
2-бастаушы:
Хиуаз Доспанованың 1960 жылы
жарық көрген «Под командованием
Расковой», 1963 жылы шыққан
«Халқым үшін» атты кітаптары бар.
Батыр қыздың ерлікке толы жылдары
туралы мағлұматтар осы кітаптарда
берілген.
1-бастаушы:
Соғысты екінші топтағы мүгедек
болып аяқтаған Хиуаз мединститутқа
қайтып келіп, оқуын жалғастырмақ
болады. Бірақ тағдыр оған басқа
жолды жазыпты.
Майданнан жаңа
қайтқан жаралы қарындаспен әң-
гімелесіп отырып, оның бойындағы
белсенділігі мен қажырын байқап
қалған сол кездегі Орал обкомының
бірінші хатшысы Мінайдар Салин
оны қоғамдық қызметке шақырады.
Сөйтіп, өзі туған облыста нұсқаушы
болып жүрген Хиуазды обком келесі
жылы
Алматыдағы жоғары партия
мектебіне оқуға жібереді.
2-бастаушы:
Бұл
Хиуаздың
бойындағы
дарынын ашуға серпін берген қадам
болды. Аталмыш оқу орнын үздік
бітірген ұшқыш қызды үкімет Қазақ-
стан ЛКСМ Орталық Комитеті нің
бірінші хатшысы қызметіне сай-
лайды.
1-бастаушы:
Осындай қызметте жүрген батыр
қыздың ұйымдастырушылық қабі-
летімен қоса шындыққа шырылдап
ара түсетін, принципшіл, алған беті-
нен қайтпайтын табанды қырлары да
көрінеді.
2-бастаушы:
Батыр
қыз Хиуаз Доспанованы
Бауыржан Момышұлы, Сағынға-
ли Сейітов секілді ел азаматтары
құрмет тұтып, жоғары бағалаған.
Хиуаз батыр ойшылдығымен, отан-
шылдығымен, ұлтжандылығымен,
жоғары
адамгершілік қасиетімен
елеу лі. Ол өз халқының адал перзенті
дәрежесіне дейін көтерілген азамат.
Қорытынды: Хиуаз – халқының
сүйіктісі, сол себептен де оның ерлі-
гін елі ұмытпай, елеп өтуде. Батыр
қыздың ғажайып тұлғасын аңызға
айналдыру – жоғары отаншыл-
дықтың белгісі, жас ұрпақтың жетуге
талпынатын мұраты.