Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет139/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   195
кітап тарбие туралы

7-оқушы:
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың,
Елі текті, киелі, қасиетті.
8-оқушы: 
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қорлаған жау басқыншы халыққа 
мұң.
Қобыланды, Ер Тарғын
Алпамыстар,
Қорғап қалды ел бағын алыптарым.
9-оқушы:
Бауыр басқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз,
Кең даланың қазақ дейтін 
халқымыз,
Өзге ұлттай бар дәстүрі мен 
салтымыз.
10-оқушы:
Төле би, Қазыбек би, орақ тілді 
Әйтекем,
Асқар тау, Қазығұрттай 
білімді еді,
Бірі күн, бірі туған айдай болып,
Заманға сәйкесімен келіп еді.
Біздің ата-бабаларымыз данышпан 
шешен болған, олар кез келген 
сұрақтарға, жұмбақтарға ойланбай 
жауап берген.
Көрініс: Әз-Жәнібек сұрайды: 
– Дүниеде не өлмейді?
Би: Ағын су өлмейді, асқар тау өл-
мейді, аспанда ай мен күн өлмейді, 
әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне 
қарсы шығыпты.
Жиренше:
Ағын судың өлгені –
Алты ай қыста қатқаны
Асқар таудың өлгені –
Басын бұлттың жапқаны 
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны. 
Қара жердің өлгені – 
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ –
Бір Алланың қақпаны.
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Мұғалім: Балалар он түрлі жұм-
бағым бар, шешесіңдер ме?
Оқушы: Айтыңыз, шешеміз.
Мұғалім: Айтсам, он түрлі жұм-
бағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, 
алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
• Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел 
жаман.
• Екі дегеніміз – егесіп өскен ер 
жаман.
• Үш дегеніміз – шідеріне ша-
лынған ат жаман.


244
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
• Төрт дегеніміз – төсектен безген 
жас жаман.
• Бес дегеніміз – белдесіп өткен 
жау жаман.
• Алты дегеніміз – асқынып кеткен 
ауру жаман.
• Жеті дегеніміз – жас келіншек 
жесір қалса сол жаман.
• Сегіз дегеніміз – сыйы кеткен ер 
жаман.
• Тоғыз дегеніміз – торқалы той, 
топырақты өлімге бас көрсетпесе сол 
жаман.
• Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке 
дауа болмас.
Хор «Ата дәстүрлері».
«Бесікке салу» дәстүрі.
Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен ба-
баларымыздан қалған қасиетті мұра. 
Қазақта «Ел боламын десең, бесігің-
ді түзе». Сондай-ақ «Есік көргенді 
алма, бесік көргенді ал» деген ұлағат-
ты сөздер бар.
Әже (бесікті ашып):
Алас-алас,
Бар пәледен қалас,
Асқар-асқар таумен кет,
Ағыны қатты сумен кет,
Тастай қаткен түнмен кет, 
Ұйытқып соққан желмен кет,
Бисмиллә балам,
Ұйқың тәтті болсын,
Күлкің шатты болсын, – деп бесік-
ке салады.
Ана: 
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көкала иттің құйрығын 
Жіпке тағып берейін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет