Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет16/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   195
кітап тарбие туралы

Негізгі әдебиеттер:
1. Педагогика: Учебник /И.Ф. Харламов. – Минск, 2002. – 560 с.
2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогиче-
ских колледжей /Под ред. П.И. Пидкасистого. – Москва, 2004. – 608 с.


38
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
3. Педагогика: Оқу құралы. /Жалпы ред. басқарған А. Құдиярова. – Алматы: Дарын, 
2004. – 448 б.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология. – Алматы, 1993. – 198 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 
2004. – 152 б.
2. Педагогика: теории, системы, технологии: учебник для студ. высш. и сред. учеб. 
заведений / С.А. Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов и др; под ред. С.А. Смирнова. – 
7-е изд.. – М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 515 с.
3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. – Алматы, 2001. – 240 б. 
1.3. Жеке тұлғаның 
дүниетанымы
Жоспары:
1. Дүниетанымның мәні және оның 
түрлері, типтері, қызметтері.
2. Дүниетанымның құрылымы.
3. Жеке тұлға дүниетанымының 
қалыптасу процесінің заңдылықтары.
4. Дүниетанымның қалыптасу 
жолдары мен құралдары.
Негізгі ұғымдар: дүниетаным, 
дүниеге көзқарас, әлеуметтік орта, 
көз қарас, сенім, әлеуметтік бағдар-
лау.
Басқа пәндермен байланысы: 
философия, әлеуметтану, психоло-
гия, физиология, педагогика тарихы, 
этнопедагогика.
1. Дүниетанымның мәні және 
оның түрлері, типтері, қызметте-
рі. Дүниетаным – бұл ақиқат дүние-
ге және ондағы тұлғаның алатын 
орнына, оны қоршаған болмысы-
на және өз-өзіне қатынасына деген 
көзқарастар жүйесі, сонымен қа-
тар адамдардың осы көзқарастар 
арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік 
ұстанымдары, наным-сенімдері, мақ-
сат-мұраттары, таным мен қызмет 
принциптері, 
құндылық 
бағыт-
тарынан тұрады. Дүниетанымды 
қалыптастыру – тек жеке тұлғаның 
ғана емес, сонымен қатар белгілі бір 
әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың 
жетілуінің елеулі көрсеткіші. Бола-
шақтағы болмыс шынайылығының 
тәсілдерін аңғара отырып, дүние-
таным өзіне өмірлік қағидаларды 
енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің 
сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамның жалпы 
және жоғарғы ойлау сатысы болып 
табылады. Ол өз түрлеріне тән бірне-
ше элементтерден қалыптасады (фи-


39
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
лософия, ғылым, эстетика, мораль, 
т.б.) олардың қатарында философия-
лық, ғылыми, саяси, адамгершілік 
және эстетикалық көзқарастар үлкен 
роль атқарады.
Философиялық көзқарастар және 
сенімдер бүкіл дүниетаным жүйе сі-
нің негізін құрайды. Философи яның 
өзі таным қызметтерінің ұтым ды-
ұғымды мәнерін және дүниетаным 
бағдарын негіздейді: ол ғылыми де-
ректер мен тәжірибе жиынтығын те-
ориялық тұрғыда ұғындырады және 
шындық бейнесін объективті және та-
рихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. 
Ғылыми білім дүниетаным жүйе-
сіне ене отырып, адамды қоршаған 
әлеуметтік және табиғи орта шын-
дығына бағыттау мақсатында, сон-
дай-ақ шындыққа қатысты тиімді-
лікке, адасулар мен ескілік көзқа-
растардан арылуға қызмет етеді. 
Адамгершілік қағидалар мен өлшем-
дер адамдардың мінез-құлқы мен 
өзара қарым-қатынасын реттеуге 
және эстетикалық көзқарастармен 
бірге қоршаған ортаға қарым-қа-
тынасын анықтауға, іс-әрекет түрле-
ріне, мақсаттары мен нәтижелеріне 
қызмет етеді. Білімнің, тәжірибенің 
және көңіл күй бағамын жалпылай 
отырып, адамның қоғамдық тұрмыс 
ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның 
дүниетанымы мен тарихи айқын 
жүйесінің бүкіл өмірлік және іс-әре-
кетінің бағытын анықтайды. Егер 
дүниетаным объективті көзқарастар-
дың дамуын бейнелесе, адам ойла-
уының және қоғамның, табиғаттың 
заңдарын ғылыми тұрғыда тануға не-
гізделсе, онда ол барлық адамзаттың 
қызығушылығының және ақиқатты 
өзгертудің күшті құралы болып та-
былады. Дүниетаным когнитивтік 
танымдық көзқарас тұрғысынан 
сипатталса, онда ол объективті дү-
ниені соншалықты дұрыс және терең 
бейнелейді, ол шын және жалған, 
ғылыми және абстрактілі, материа-
листік және идеалистік түрде болуы 
мүмкін. Ғылыми дүниетаным объек-
тивті нақты болып табылады. Ғылы-
ми дүниетаным дүниенің ғылыми 
бейнесіне, ғылыми талдаулар негі-
зінде жасалған қорытындылар мен 
негіздеулерге, табиғи және қоғам-
дық құбылыстардың дамуын сипат-
тайтын, себеп-салдарын теориялық 
ұғынуларына сүйенеді. Ғылыми дү-
ниетаным алдын ала көрудің, сол 
және одан да басқа құбылыстардың, 
процестердің дамуын және оларды 
саналы түрде басқаруға мүмкіндік 
береді. Барлық берілген ғылымдарға 
дұрыс түсініктемені тек қана диалек-
тикалық және тарихи материализм 
береді, яғни адамды танымды дұрыс 
түсініп-білуі, әлеуметтік өмірдің 
және табиғи құбылыстардың өзгеріс-
тері арқылы сипатталады. Ғылыми 
дүниетаным негіздеріне сыртқы қор-
шаған ақиқат дүниеге бағдарлануы, 
қоғамдық қатынастар жүйесіндегі 
өзінің өмір сүруінің маңыздылығын 


40
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
түсінуі, өз өмірін саналы түрде құ-
руға деген терең әлеуметтік қажет-
тіліктері жатады. Оқушылардың 
ғылыми дүниетанымы ғылыми-фи-
лософиялық білімдерді, қазіргі ғылы-
ми жаңалықтарды, сонымен бірге 
шынайы дүниетанымдарының жалпы 
әдістер жүйесін, шынайы дүниені 
түсіндіру деректерін, әдіснаманы 
бірізділікпен меңгеру нәтижесінде 
қалыптасады. Қоғамның, ойлаудың, 
табиғаттың даму заңдылықтары және 
мәнін түсіндіруші дүниетаным идея-
ларының жиынтығы оқушылардың 
дүниетанымында көзқарас, сенім, 
ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші 
идеялар, әр түрлі жаратылыс және 
қоғамдық процестерді, құбылыстар-
ды түсіндіре отырып, ғылыми негізін 
құраушы сол және басқа ғылымның 
нақты ұғымдары ретінде бейнелене-
ді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дү-
ниені түсіну, дүние туралы белгілі 
ғылымдардың жиынтығы жатады. 
Дүниетаным тек қана білімді мең-
геру процесінде ғана емес, сонымен 
бірге ғылыми емес, қарапайым көз-
қарастарды жеңу нәтижесінде қалып-
тасады. Ол қоғамның жаңаруына, 
қоғамдық және жаратылыстану ғы-
лымдары дамуына сәйкес жетілу 
үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа 
ғылыми деректер, қоғамдық және 
жаратылыстану ғылымындағы зерт-
теулер нәтижесі жаңа қоғамдық тәжі-
рибелермен толықтырылып, нақты-
ланып, бұрыннан қалыптасқан көзқа-
растар мен ойлау стеротиптерінің 
өзгеруіне алып келеді.
Аксиологиялық көзқарас тұрғы-
сынан оқушылардың дүниетанымы 
оның іс-әрекетіне байланысты сипат-
талады. Ол оптимист немесе песси-
мист, белсенді шығармашыл немесе 
баяу мазмұнды болуы мүмкін. Оқу-
шылардың дүниетанымын психоло-
гиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің 
оның санасында бейнелеуінің жалпы 
жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылы-
ми түсініктер, өлшем, баға жүйесі 
ретінде, сонымен бірге психикалық 
іс-әрекет өзінің тәрбиесінде және 
дүниеге деген өзінің қатынасын рет-
теу үшін дүниетанымдық мақсатта 
бейнелерді пайдалануға бағытталған 
іс-әрекет пен қабылдаудың таным 
операциясының жүйесі ретінде қа-
растыру қажет.
Тұлғаның дүниеге әлеуметтік 
бағдарлау процесі «Мен-тұжырым-
даманы» жүзеге асырушы қызмет 
атқарады. Басқа әр түрлі заттармен 
салыстырғанда, инвариант бола оты-
рып «дүниетанымдық» іс-әрекет, 
мақ саты, мотвациясына және опера-
циялық механизмінің құрамы бойын-
ша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны 
жүзеге асыру әлеуметтік бағдарлау-
дағы жеке әдісті қалыптастыру бо-
лып табылады, яғни қоғамдық тәжі-
рибенің ғылыми білімдер жүйесіне 
белгіленген және жеке тұлғаның 
әлеуметтік талаптар мен нәтиже-


41
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
леріне, тәрбиесіне мақсатты түрде 
бағытталуына сәйкестігін қамта-
масыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет