Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет22/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   195
кітап тарбие туралы

3. Қоғамдық мінез-құлықты 
қа лыптастыру және іс-әрекетті 
ұйым дастыру әдістері. Іс-әрекет – 
адамдардың қоршаған ортаға белсене 
қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан 
дүниесінің көрсеткіші, дамуының, 
өздігінен жетілуінің шешуші белгі-
сі. Адамның іс-әрекетінің дамуына 


51
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
қарым-қатынас ерекше әсер ететін-
діктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің 
болуы мүмкін емес. Бала іс-әрекетіне 
қойылатын педагогикалық-психоло-
гиялық талаптар:
– іс-әрекеттің мақсатының анық-
тығы, оның жеке адамға, қоғамға, 
ұжымға пайдалылығы, оқушының 
ын та-ықыласын, қабілеттілігі мен 
іскер лігін ескеру; 
– оқушылардың ортақ істі сезім-
талдықпен орындауына қолайлы жағ-
дай жасау;
– баланың мүддесі мен бейімді-
лігін ескере отырып, оның көңілінен 
шығатын, шамасы жететін қоғам дық 
жұмысқа, еңбекке қатыстыру өзді-
гінен әрекет ету тәжірибесін кеңей-
теді;
– іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру 
балалардың белсенділігіне бай-
ланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке 
тапсырмаларды бөлу, оның нәтиже-
сін тексеру, т.б. міндеттерді балалар 
шешіп отыруы керек. Бала талабы 
мен қабілетін еңбекте көрсеткенде 
дамиды;
– тәрбиешінің басшылығы, жұмыс 
барысында кеңес беру, балалар-
дың ынтасын арттыру. Жұмыстың 
мазмұны мен түрлерін, әдістерін 
жандандыратын материалдық және 
моральдық жағдайды сақтау. Оқу-
шылар ұжымының қоғамдық пікі-
рі арқылы іс-әрекеттің нәтижесін 
қорытындылау жатады.
Педагогикалық талап әдісі іс-
әре кеттердің бір түрін тежеу, енді 
бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің 
санасын дамытады. Белгілі педагог 
А.С. Макаренко: «Егер жеке адамның 
басына тиісті талаптар қойылмайтын 
болса, онда ұжымды құруға, ұжым 
ішінде тәртіп құруға да болмайтын-
дығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті 
нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар 
қойылуын жақтайтын адаммын» деп, 
педагогикалық талап әдісінің басқа 
әдістерге қарағанда ерекшелігін атап 
көрсеткен. Оқушылардың өмірінде 
ұстаздардың талап қоюы шешуші 
роль атқарады. Нақты педагогикалық 
жағдайға байланысты талаптың түрі, 
мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен 
тәрбиеленушінің өзара әңгімесі мен 
байсалды, сенімді қарым-қатынас 
педагогикалық талаптың нәтижелі 
болуына ықпал жасайды. Тұтас педа-
гогикалық үдерісте тәрбиеленушіге 
педагогикалық талап қою мен дұрыс 
іс-әрекет ықпал етумен қатар жүреді.
Жаттығу әдісі – мінез-құлықтың 
нормалары мен ережелеріне сай тәр-
биешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйым-
дас тыруы. Тәрбиеленушілердің орын -
дайтын жаттығулары, тәрбиешінің 
та лаптарын орындап, адам игілігіне 
еңбек ету, басқаларға қамқорлық жа-
сап, қуанышқа бөленуі және оқу-
шыны объект жағдайынан субъект 
жағдайына жеткізеді. Жаттығу әді-
сінің педагогикалық-психологиялық 
ерекшелігі – жаттығулар мен әрекет-


52
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
тердің баланың ішкі қасиетіне ай-
налуы. Тапсырма бергенде баланың 
ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын 
жан-жақты терең зерттеп, қоғам-
дық белсенділігін басқару жалпы- 
адамзаттық адамгершілік қасиеті-
нің дамуына және оның дұрыс іс-
қимылы мен мінез-құлық дағдысын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Ойын – бала әрекетін дамытудың 
негізгі құралы. Ойын баланың мі-
нез-құлқын қалыптастырып, ой-өрі-
сін жетілдіріп, ортаға бейімдеп, өзін 
еркін сезуге үйретеді. Ойын – бала-
лардың бір-біріне деген қайырым-
дылық, мейірімділік, жанашырлық, 
достық, жолдастық сезімдеріне тәр-
биелейді. Балаларды қоршаған ор-
тамен таныстыру, тілін дамыту, та-
биғатпен таныстыру, бейнелеу өне-
рі пәндері оларда табиғатқа деген 
сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне 
қызығу мен сыйластық сияқты адам-
гершілік сипатын қалыптастырады. 
Ойын – мектеп балаларының негізгі 
іс-әрекеті. Ақын С. Торайғыров: «Ба-
лалықтың жанына ойын азық», – деп 
бекер айтпаған. Ойын үстінде ба-
ланың бір затқа бейімділігі, мүмкін-
дігі және қызығуы анық байқалады. 
Ойын мазмұны мен түріне қарай: 
мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, 
дидактикалық, құрылыс ойындары 
болып бөлінеді. Мазмұнды-бейне-
лі ойында балалар ойын мазмұнын 
түсінікті етіп жеткізуге тырысады, 
оған қажетті құрал-жабдықтарды 
табуға талпынады, оларды дайын-
дау үшін еңбектенеді. Бала алған 
рольдеріне сай кейіпкердің киімін 
киіп, қимылын, дауыс ырғағын мә-
нерлі жеткізуге тырысады, көркемдік 
сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері 
сабақтары) алған білімдерін пайдала-
нады, қуыршақты ұйықтату үшін бе-
сік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу 
өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй 
жиһаздарын, қағаздан құрастырған 
заттарды пайдаланады. Мазмұн-
ды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны 
балалардың өздері жасауында, ойын 
қызметі айқын өнерпаздық және 
шығармашылық сипатта болады. Бұл 
ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүм-
кін. Құрылыс ойынында бала сызық 
бойына әдемі үй құрылысын жасап, 
оның бояуларының бір-бірімен келі-
сімді болуын қадағалайды. Құрылыс 
материалдарының пішіні, түсі бойын-
ша симметриялы орналастырып, 
оларды көлемі (кең, тар), биіктігі 
(биік, аласа) бойынша салыстырады. 
Ойын барысында шығармашылық 
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, 
белсенділік 
көрсетеді. 
Өзінің 
және жолдастарының тұрғызған 
құрылыстарының сапасына баға бе-
реді. Дидактикалық ойын барысында 
есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты 
үрдістері дамып, балалар музыкалық 
ойыншықтар мен әр түрлі сазды ас-
паптардың дыбыс шығару ерекше-
лігін ажыратуға, заттарды пішініне, 
түсіне, көлеміне қарай іріктеу ге, әр 


53
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
түрлі қимылдарды орындауға үйре-
неді. Ауызша ойналатын дидакти-
калық ойындарда сұрақ, өтініш, ке-
лісімді білдіретін дауыс ырғақтарына 
еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі 
немесе әңгіменің мазмұны бойынша 
бөлек-бөлек суреттерді пайдаланған-
да оларды белгілі бір тәртіппен жи-
нау үшін байқағыштық пен тапқыр-
лық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойы-
нында балалар санамақтар, өлеңдер, 
тақпақтар қолданады. Мұндай ойын-
дарда балалардың ептілігі, қимыл-
дың әдемілігі дамып қалыптасады, 
кеңістікті, уақытты бағдарлауға үй-
ренеді, батылдық, тапқырлық, қай-
раттылық, достық, жолдастық көмек, 
тәртіптілік, ойын ережесіне бағына 
білу сияқты адамгершілік сапаларын 
қалыптастырады. Бала қоғамдық 
мәні бар іс-әрекетке деген құштар-
лығын ойын арқылы қанағаттан-
дыратындықтан, ойынның қай түрі 
болсын балалардың адамгершілік 
тәрбиесінің дамуында маңызды роль 
атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет