Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет97/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   195
кітап тарбие туралы

ХАЛЕЛ 
ДОСМҰХАМЕДОВТЫҢ 
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бесік жырының тәрбиелік мәні 
туралы
«Бесік жыры – әр халықтың төл 
тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, 
ежелгі наным-сенімінің, дүниета-
нымының көрінісі, ұлттық тәрбие нің 
кәусар бұлағы. Оның негізгі қызме-
ті – бесік тәрбиесіне ыңғайлы сазды 
әуен, ырғақты сөзбен баланың жан 
жүйесі мен санасына ұлттық тәлімді 
сіңіру». 
(Жарықбаев Қ., Иманғалиева Н.
 Х. Досмұхамедов бесік жыры 
бала жанының қалыптасуындағы 
басты дәнекер екендігі туралы //
Мектептегі психология. 2007, 
№6, 5-6 бб.)
Оқушылардың салауатты өмір 
салтын қорғау үшін айтылған
ойлары
 
Адам ағзасына әсер етуші сырт-
қы ортаның факторларын химиялық, 
физикалық, биологиялық, психоген-
дік, қоғамдық, т.б. топтарға бөледі. 
Химиялық әсерге ауаның, судың, 
топырақтың, тамақтың құрамындағы 


188
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
заттар жатады. Олардың көпшілігі 
адам ағзасының қалыпты тіршілігіне, 
белгілі мөлшерде ғана денсаулығына 
қажет. Бірақ ол заттар қажетті мөл-
шерден асса не азайса, аурудың пайда 
болуына себепші болады. Мысалы, 
тамақтың құрамындағы йод жеткілік-
сіз болғанда, Базед ауруының пайда 
болуы немесе таулы жердегі ауада 
оттегі аз болғандықтан, биіктік ауруы 
не ауада көмірқышқыл газы, хлор, 
т.б. көбейгенде, адамның улануына 
соқтырады.
Физикалық әсерлерге температу-
ра, ылғал, ауа қозғалысы, атмосфер-
лік қысым, күн радиациясы, шу, элек-
тромагнит, т.б. жатады. Бұлардың да 
көпшілігі ағзаның өмір сүруіне қа-
жет. Ал қажетті мөлшерден тыс жағ-
дайда адамға жағымсыз әсер етеді. 
Мысалы, шамадан тыс жоғары тем-
пература күннің ағзаға артық өтуі, 
қатты айқай-шудың есту қабілетін 
төмендетуі, тіпті саңырау болып қа-
луға жеткізеді, т.с.с.
Ағзаға биологиялық әсер ететін 
ауру туғызатын микробтар, вирус тар, 
құрттар, т.б. бар. Олар түрлі жол-
дармен денеге өтсе, жұқпалы, пара-
зиттік ауруларды тудыраты ны белгі-
лі.
Психогендік әсерлерге сөз арқылы 
немесе ұжымдық қарым-қатынас 
нәтижесінде туындайтын түрлі жағ-
дайлар жатады. Олар адамның жаны 
жайлы болса – жағымды, ал сүйек-
тен өтер сөз қорқыныш, ашу, қайғы, 
реніш болса, мұның бәрі жағымсыз 
эмоциялар тудырып, ағзаны түр-
лі өзгеріске ұшыратады. Ал еңбек
үй-тұрмыс және саяси-экономикалық 
жағдайлар – қоғамдық әсер. Ғылыми- 
зерттеулер арқылы кейбір аурулар-
дың халыққа көп таралуы қоғамдық 
әсердің ықпалынан екені танылып 
отыр.Экономикалық-әлеуметтік жа-
ғынан қамтамасыз етілмеген от-
басыларында, жұмысшы-шаруалар 
арасында туберкулез, нервтік-психи-
калық аурулар көп кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет