Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет99/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   195
кітап тарбие туралы

(Досмұхамедов Х. Эстетикалық 
тәрбиенің негіздері //Қызыл Қазақ-
стан, 1937. – №123, 6-б.) 
«Адамның тән тірлігі» (Физио-
логия-анатомия) еңбегінің бірінші
бетінде былай деп жазды: 
«Күні бүгінге дейін түрлі деңгей-
де орта білім беретін мектептердегі
шәкірттердің физиология-анатомия 
негіздерінен мағұлматы мардымсыз
екендігі хақ. Өйткені, бұл ғылым
саласы жеке пән ретінде оқытыл-
май келеді. Осының салдарынан
шәкірттеріміз ойлау, сөйлеу мәде-
ниетіне шорқақ, мінез-құлық, жігер
сезім саласынан сауаттары төмен
болатынын жасыруға болмайды
аталмыш ғылым негіздерінен жас-
тарымыздың біршама сусындауы
оларда имандылық пен адамгерші-
лік ұстанымдарының жай-жапсарын
жалпылама, үстірт ұқпай осы сала-
дағы ғылыми деректерді ұғына бі-
луге жағдай туғызады осы ниетті
көздеп біз физиологияның қазақ ті-
ліндегі нұсқасын әзірледік». 
(Досмұхамедов Х. Таңдамалы 
шы ғармалары. – Алматы: Ана 
тілі, 1998. – 360 б., 151-б.)


190
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Халел Досмұхамедовтың 
өнегелі сөздері
Тіл – жұрттың жаны. Тілінен 
айырылған жұрт – жойылған жұрт.
Біздің тәжірибемізде қазақ тілі –
бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына 
салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі 
ғылым жолына салынып реттелсе, 
ешбір жұрттың тілінен кем болатын 
емес, бұған илануымыз керек.
Ана тілін біліп тұрып, бөтенше 
жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш.
Ана тілін білмей тұрып, бөтенше 
жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.
Мәдениетіміздің негізі – білім. 
Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді 
жұрттардың тілі бай болады.
Ақындық – табиғаттың саннан 
таңдап бірен-саран адамдарға беретін 
артық өнері. «Көп берілгеннен көп 
сұранады» деген нақылды ескеріп, 
аяғына дейін түзету керек еді. Тілді 
бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – 
ақындардың мойындарына артылған 
зор борыш. 
Сондықтан оңаша жүрген елдің 
өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. 
Елдің тілін бұзатын – көршілес ел-
дердің мәдениетін үлгіге алған мәде-
ниетті елдердің әсері. 
Елдің тілі бұзылуына ең алдымен 
оқығандары себеп болады. Бұлар жат 
әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін 
өзгертуге жолбасшы болады. 
Әдебиет тілінің қаруы – баспа мен 
мектеп. Баспа мен мектеп де ген –
адам шошынарлық өте қайратты 
қару. Баспа мен мектепте қолданған 
тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. 
Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл 
болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, 
гүлдендіреді; мектеп пен баспада 
қолданған тіл шатасқан тіл болса, 
ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі 
бұзылмай қалмайды. 
Жасында ұлт мектебінде дұрыс-
тап оқыған адам ана тілінің заңын 
ұмытпайды, бөтен тіл дің сөздерін 
ана тілінің заңы мен айтамын деп ша-
тасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет