Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


жері – қазіргі Солтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
бет109/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   195
кітап тарбие туралы

жері – қазіргі Солтүстік Қазақстан 
облысы, Булаев ауданы. Ол жас-
тайынан оқу-білімге өте зерек бо-
лып өседі. 1905 жылы Қызылжар-
дағы медреседе білім алады. Одан 
кейін Уфадағы Медресе-Ғалияны 
бітіріп шығады. Ол кезде универ-
ситетпен бірдей деңгейдегі Омбы 
қаласындағы мұғалімдер семи-
нариясын тамамдайды. Негізгі
шығармалары: «Мен жастарға се-
немін», «Педагогика», «Қорқыт», 
«Батыр Баян», «Түркістан», т.б.
Қазан төңкерісі тұсында қазақ 
халқының бостандығын шынайы 
аза маттық тұрғыдан сезініп, әділ ба-
ғасын берген түркішіл-патриот Мағ-
жан Жұмабайұлының шығармалары 
түркілік тәрбие бағытындағы проб-
леманы негізге алады. Оның «Тірші-
лік көркі – ерік», «Қазағым», «Туған 
жер», «Батыр Баян», т.б. шығарма-
ларын шынайы отаншылдық мәні зор 
еңбектер деп айтамыз. Ақын:
«Жаратылдым топырағыңнан 
сенің бүгін.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен 
жаны-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан – Айым, сен – 
Күнім», –
деп туған жердің қадір-қасиетін ұлт-
жандылық тұрғыдан сипаттайды [1, 
55-б.]. 
Ол өзінің «Педагогика» атты еңбе-
гінде ұлттық мәселелерді орынды 
көтеріп, ғылыми мәнді пікірлер кел-
тірген. Өмірдің өзекті мәселелерін 
жүректің нәзік қылымен өрнектей 
білген Мағжан ұлттық тіл, ұлттық
тәрбие туралы да өрелі ойларын айт-
қан. Яғни: «Тәрбиеден мақсұт – адам-
ды һәм сол адамның ұлтын, асса бар-
лық адамзат дүниесін бақытты қылу. 
Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты бол-
са, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің 
мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, 
адамзат дүниесі бақытты», – деп өзі-
нің гуманистік пікірін жеткізеді [2, 
99-б.].
Мағжан Жұмабайұлы – елім, 
халқым деп ұрандаған жалынды 
ұлтжанды азамат. Пантүркішіл-
дікпен, ұлтшылдықпен айыпталып, 
бар бол ғаны ел тарихының негізін 
зерттеп, өзінің шынайы түркітек-
ті екенін жырлап, халқын сүйгені 
үшін жазықсыз жазаға ұшырады. 
М. Жұмабайұлының тағылымдық 
мұраларының жұрт жанына жақын, 
жүрегіне жылы тиюінің сыры, олар 
хал қының дағды салтындағы, түркі-
лік дәстүрлерді саналы таңдау жасау 
қабілеттілігінен көрінетін оң жасам-


205
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
паз дүниетанымға ие, отаны, қоғамы, 
өз иелігіне мақсатталған дербес ше-
шім қабылдай алатын азаматтарды 
тәрбиелеу, қоғамдық қалпындағы 
әдет, ырым, этнографиялық көрініс 
құбылыстарға негізделе жазылды. 
Ағартушы Мағжан Жұмабайұлын 
Түркістанды, Тұранды жырлағаны 
үшін түркішілсің деген. Осы орай-
дағы оның «Жан сырымды түсіндір-
сеңдерші, жан даусымды естісеңдер-
ші» деп өтінген үні абзал ақынды 
«аһ» ұрғызып, оның «улы сиясынан» 
мұң-зар болып құйылды. Дегенмен, 
Мағжан Жұмабайұлы өзінің отан-
сүйгіштік идеясынан жаңылыспады, 
керісінше от боп жанып, «Түркілік 
рухты» жоғары қойып:
«Тұранға жер жүзінде Жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Тұранда – түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от боп жан туып па?
Көп Түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қарашаңырақ қалған 
жоқ па?» – 
деп, Мағжан Жұмабайұлы «түркі-
лік рухтың» негізі қазақ халқында 
екендігін ашып айтып, сол халықтың 
құрамындағы тұлғалардың өздеріне 
тән халықтық рухани-мәдени және 
материалдық құндылықтарын сақтай 
отырып, елдің ілгері дамуын, өмір 
сүруін қамтамасыз етуді көздейтін 
негізгі нысаналы ортақ мақсатын 
негізге алады. Сонымен қатар, түр-
кілердің әлем өркениетіндегі алатын 
орнына объективті сипаттама береді. 
Түркі ғұламаларын өзіне пір тұтып 
айтқан «Қорқыт» поэмасында ежел-
ден белгілі өлімнен қашатын Қорқыт 
жайын шабыттана жырлауы – өлім-
нен қанша қашсаң да, алдыңнан сон-
шалықты қабір тұруы ықтимал деген 
тұжырым жасап өтеді, яғни:
Өмірде арманым жоқ
Қорқытқа ерсем,
Қорқыттай жанды жаспен 
жуа білсем.
Жас төгіп, сұм өмірде 
зарлап-сарнап,
Құшақтап қобызымды 
көрге кірсем.
Ажал – хақ, сондықтан да өмір 
жібінің түйінінде өлімді табиғи ке-
сім ретінде болмай қоймайтын өмір 
ақиқаты ретінде уағыздайды. 
Мағжан қазақ халқының бақытқа 
жетер жолы тек ұлттық тәуелсіз-
дікке, өз тағдырын өзі шешетін жағ-
дайға жету деп білді. Оның ертедегі 
ерлер ісіне қайта оралып келе беретін 
себебі осыдан.
Күңіреніп ойлағанда 
Алаш жайын,
Жанымды орай берді ұлы уайым.
Кеудеме күннің нұры 
толғандай боп
Жырлаймын алты алаштың 
Абылайын…


206
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Халық басынан кешкен қанды 
оқи ғаларының жасырылмайтын жан-
ды рухани тілде қалатынын жақсы 
түсінген. Оның:
Бірлік, елдік, қайрат, 
бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жайды бәрін – 
не бардың.
Алтын күннен бағасыз 
бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, 
сен қалдың, – 
деген бір жол өлеңінде терең мағына 
сыйып тұр. Тіл – тағдыры екенін күні 
ілгері болжаған кемел ойшыл сурет-
керлердің негізі қазақ тілінің қадірін 
арттыру жолында бұл күндері көте-
ріліп жатқан жұртшылық пікірімен 
мейілінше үндес екенін атап айту ке-
рек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет