Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет112/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   195
кітап тарбие туралы

(«Жұмабаев М. Көптомдық 
шығармалар жинағы» кітабынан
Т.1., 47-48 бб.)
Мағжан Жұмабайұлының
 өнегелі сөздері
Тіл – әрбір адамға осындай қым-
бат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. 
Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дү-
ниеде ұлт болып жасай алмақ емес. 
Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт бо-
луы үшін бірінші шарт – тілі болу. 
Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың 
құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа ті-
лінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. 
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – 
тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын ба-
уырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, 
тілім! 
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың 
жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айна-
дай ашық көрініп тұрады. Қазақ ті-
лінде қазақтың сары сайран даласы
біресе желсіз түндей тымық, біресе 


212
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
құйындай екпінді тарихы, сар дала-
да үдере көшкен тұрмысы, асықпай-
тын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі 
көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, 
тілі де бай. 
Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде 
қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл 
жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген 
түрік балалары күндерде бір күн ай-
налып қазақ тіліне келмекші. 
Бала тілінің дұрыс өркендеуінің 
бірінші шарты – балаға сөзді бұзып 
сөйлемеу керек.
Әрбір тәрбиешінің қолданатын 
жолы – ұлт тәрбиесі. ...Ұлт тәрбие-
сі баяғыдан бері сыналып, көп буын 
қолданып келе жатқан тақтай жол 
бол ғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз 
жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға 
тиіс.
Әдебиеттер
1. Жұмабаев М. Шығармалар: Үш томдық. – Алматы: Білім, 1995. – Т.1. – 256-б.
2. Жұмабаев М. Көптомдық шығармалар жинағы: 1-том. Өлеңдер, дастандар, 
әңгіме. – Алматы: Жазушы, 2008. – 208 б.
3. Жұмабаев М. Көптомдық шығармалар жинағы: 2-том. Өлеңдер, дастандар, аудар-
малар. – Алматы: Жазушы, 2008. – 208-б.
4. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. 3-том. Аудармалар, ғылыми еңбек
мақалалар. – Алматы: Жазушы, 2008. – 232-б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет