213
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
мәдениетін, салт-дәстүрін, өмір
сүру қағидаларын, т.б. дүние жүзі-
не танытты. «Абай жолы» тарихи
романы түркі халықтарының жә-
не Еуропа елдерінің тіліне ауда-
рылып, оқырмандарға таратылды.
Мұхтар Әуезовтің негізгі ғылыми
еңбектері түркі халықтарының фоль-
клорын зерттеп, олардың тәрбиелік
мәнін ғылыми айналымға енгізуге
арнады. Халықтың рухы фольклор-
да ғана сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасын тауып, халық игілігіне
айна латынын білген болатын. Оған
дәлел «Әдебиет
ескілігін жинау-
шыларға» атты мақала жазды. Мұнда
негізінен түркі халықтарының бай
фольклор туындыларының тәрбиелік
мәнін ашқан болатын. Белгілі ғалым,
әуезовтанушы, профессор А. Тайжа-
новтың «Тағылымды танымдар» атты
ғылыми еңбегінде: «Шығыс және
Батыс мәдениетін өз бойына терең
сіңірген Мұхтар Әуезовтің қазақтың
кең даласына, жалпы түрік рухани
әлеміне әкелген ықпалы зор. Ол –
дүние жүзі әдебиеті мен мәдениеті
қазынасынан
тек сусындап қоймай,
оның еселенуіне де есепсіз үлес
қосқан адам. Ал қазақ мәдениеті мен
әдебиетінің тарихын ол сонау Тәңір-
лік дәуірдегі сақ, ғұн дастандары мен
жырларынан, түркі жазба жәдігерле-
рі «Күлтегін», «Тоныкок» жырлары,
«Қорқыт Ата кітабы» сияқ ты рухани
құндылықтардан бастап тарата біл-
ген. Ғалым – фольклоршы, кейінгі
ислам дәуірі әдебиетінің де жетік
білгірі атанған жан. Ол – осы кезең-
нің этикалық-дидактикалық поэ зия-
сынан бастап, әл-Фараби,
Мах мұт
Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ах мет
Үйгінеки, Қожа Ахмет Йасауи, Сү-
лей мен Бақырғани шығармаларын да
терең игерген түркітанушы ғалым.
Ал Алтын Орда дәуірінің мәдени-
рухани мұралары «Гүлістан», «Ма-
хаббатнаме»,
«Хұсырау-Шырын»,
«Жүсіп пен Зылиха» дастандарының
қажетті тұстарын жатқа айтқан.
Онан кейінгі шежірешілер мен ақын-
жырау лар жасаған мол мәдени-руха-
ни мұраның дені Мұхтар Әуезовтің
қажымас еңбегі арқасында тек қазақ
халқы ғана емес, бүкіл түрік
әлемі
жұртшылығының игілігіне айналды»
деп ғылыми мағыналы бағасын бере-
ді [1, 254-б.].
Мұхтар Әуезовтің ғылыми-педа-
гогикалық мұрасы түркі халықтары-
ның тарихын, әдебиетін, арман-мүд-
делерін қарастырған халықтық пси-
хологиясына жаңаша серпін әкелген
тағылымдық мұралардан тұрады.
М.О. Әуезов мұраларын зерттеуші
ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор Ә. Молдаханов:
«М. Әуе зов үздік талант иесі болғаны-
на
қарамастан, тәрбиенің бастауы
мен қайнар көзі болған фольклормен
байланысын зерделей түсті, ондағы
халық педагогикасының игі дәстүр-
лерін, тіл байлығын, сөз өнерін, ой
214
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
даналығын суреткерлік сын елегінен
өткізіп, саналы шығармашылық идея
негізінде ұлттық рухы, тілі, салт-
дәстүрі,
әдет-ғұрпы, дүниетанымы,
эстетикалық әлемі – бәрі де алдымен
сол халықтың фольклорында екенін
дүние жүзіне таныта білді», – деп
келтіреді [2, 4-б.].
Достарыңызбен бөлісу: