229
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
Оқушы: «Өсек».
Абай заманын-
да ел арасында көп тараған, адам-
гершiлiкке жат, жаман қылықтардың
бiрi – өсек айту, өсекшiлдiк. Осы
жайға ренiш бiлдiрген ақын 24-сөзiн-
де «Қазақ ортасынан ұрлық, өтiрiк,
өсек,
қастық қылып, өнердi, малды
түздеп, бөтен жақтан түзу жол iздеп,
өрiстетерлiк күн болар ма екен» деп
армандайды.
Оқушы: «Өтiрiк». Ақын өтiрiктi
«бес дұшпанның» ең бiр жиiркенiштi
түрi ретiнде сипаттап,
өз халқын
осындай бiр сұм кесапаттан та-
зартуды армандайды. Ақты қара деп,
я қараны ақ деп, өтiрiктi шын деп ант
ететiн кiсiлердi Абай имансыз, азған
адамдарға жатқызады.
«Расы жоқ сөзiнiң,
Ырысы жоқ өзiнiң.
Өңкей жалған мақтанмен,
Шынның бетiн бояды», –
деп өтiрiк пен өтiрiкшiлердiң бет-пер-
десiн ашады, сынайды.
Оқушы: «Мақтаншақ». Абай
сөзiмен
айтқанда, мақтаншақтар
бiреудi «демесiн» демейді, «дейiн»
деп дейдi, азаптанып жүредi. «Бiре-
уi» жатқа мақтанарлық мақтанды
iздейдi. Ол – надан, надан да бол-
са адам. Екiншiсi –
өз елiнiң iшiнде
мақтанарлық мақтан iздейдi, оның
надандығы толық, адамдығы толық
емес. Үшiншiсi өз үйiне келiп айтпа-
са, я ауылына ғана келiп айтпаса, өзге
кiсi қостамайтын мақтанды iздейдi.
Ол – наданның наданы.
Оқушы: «Ерiншек». Адамдардың
бойына бiткен жаман қылықтардың
iшiндегi ең жағымсызы – ерiншектiк.
Абайдың түсiндiруiнше, ерiншектiк –
күллi дүниедегi өнердiң дұшпаны.
Оқушы: «Бекер мал шашу». Абай
шығармаларында
қолда бар қаржы
мен мал-мүлкiн дұрыс пайдалана ал-
майтын, өз пайдасын бiлмейтiн, сырт
көзге жомарт болып көрiнетiн мақтан-
шақ адамдарды өлтiре сынаған.
Жүргiзушi: Абай адамның адам
болу қағидасымен шектелмей, адам-
тану туралы ойын әрi дамытып, те-
реңдете бердi. Ойшыл ақынды көп
толғандыратын ендiгi бiр мәселе –
адамның барлық жағынан жан-жақты
жетiлiп, «толық адам» болу мәселесi.
Толық адам болу үшiн
адам бойын-
дағы ең негiзгi қасиеттер – қайрат,
ақыл, жүрек тең болуы қажет деп
тоқтамға келедi.
Достарыңызбен бөлісу: