233
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың
әдістемесі
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып
сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан
дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау,
орман-тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ,
шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады, –
деген ақын Өтебай Тұрманжанов-
тың
өлең жолдарын оқи отырып,
оқушылар, сіздерге мынандай сұрақ
қойғым келеді. Отан дегеніміз не?
«Отан отбасынан басталады» дегенді
қалай түсінесіңдер?
Оқушы: Отан дегеніміз – отба-
сынан басталады. Одан шексіз,
шетсіз қияға өрлеп кете бастады.
Ауылдың жұпар иісті жусаны, оның
кеудеңе
құйылған мөлдір ауасы, жо-
таға өрлеген жалғыз аяқ жолдары –
осының бәрі-бәрі біздің туған еліміз-
ді, Отанымызды құрайды.
Оқушы: Туған жерсіз адамның
күні жоқ. Алыс кетсең өз үйіңнің
ыстық-суығына дейін сағынасың.
Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан
сені қол бұлғап шақырады.
Оқушы: Туған ел мағынасы те-
реңде жатыр. Күлдір-күлдір кісі-
неп, айнала шапқылаған құлыншақ!
Сәуірде бүршік атқан қылтиып күн
көзіне көрінген балауса шөп! Күннің
қызғылт шапағына бөленген үйлер –
осының бәрі тұтас тұрған туған ел!
Достарыңызбен бөлісу: