Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет129/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   195
кітап тарбие туралы

Сынып жетекшісі: Отанымыз 
туралы, еліміз туралы түсінгенімізді 
жақсы айтып жатырмыз. Ал енді біз-
дің жыршы-жырауларымыз «Отан» 
туралы айтқан ұлағатты сөздеріне 
мән беретін болсақ. 
Оқушы: Асан қайғы бабамыз 
алысқа аттанарда осындай әдемі жер-
ді қимай, тебіреніп тұрып төмендегі 
жыр жолдарын арнапты:
Басқаның бәрін қисаң да,
Туған жерді қимайсың.
Бөктеріп алып кетер ем
Ат сауырына сыймайсың, – деп 
күрсінген екен.
Оқушы:
Алатаудың қыраны мол еді,
Қырағы болсын құлыным.
Қойнау суға мол еді, – 
Бұлағы болсын құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді, –
Сыңарлы болсын құлыным!
Әумин! – деп бата беріп отырған.
Оқушы:
Туған жерім арналы сай,
Ішсем суы татиды шекер, балдай.
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жо-
ңышқа,
Сенен артық жер, шіркін, өтер 
қандай! – 
деп Бауыржан Момышұлы туған 
жерінің табиғат бесігінде тербеліп, 


234
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
саф алтындай салқын самал ауасын 
жұтып еркін өскен. 
Сынып жетекшісі: Отан десек, 
біздің көз алдымызға кең-байтақ 
ұшы-қиыры жоқ «Қазақстан» деген 
жеріміз елестейді. Біздің туып-өскен 
жеріміз – Қазақстан. Қазақстан же-
ріндегі әлемде жер көлемі жөні-
нен тоғызыншы орын алады. Көк-
тем жылуы оңтүстіктен Қызылқұм, 
Бетпақдала және Тянь-Шань тау-
ларынан, солтүстіктегі кең далаға 
дейін аяңдап барғанынша екі ай 
уақыт өтеді. Жеріміздің солтүстігін-
де әлі қар мызғымастан жатқан кезде, 
оңтүстіктегі тау етегінде өрік гүлдей-
ді. Бұл өлкеде басын мәңгі қар басқан 
зеңгір таулар, белесті үстірттер, 
кең-жазира жазықтар мен ойпаттар 
ұштасып жатады. Ал қанекей, кар-
тадан Қазақстанның географиялық 
орналасуын айтып берейік.
Оқушы: Каспий теңізінің сол-
түстік-шығысы мен Арал теңізінің 
солтүстік бөлігі біздің аумаққа кі-
ріп жатыр. Республика жерінде он 
мыңнан астам өзен мен көл бар. Қа-
зақстан батысы мен солтүстігінде 
Ресеймен, оңтүстігі мен оңтүстік-ба-
тысында – Түрікменстан, Өзбекстан 
және Қырғызстанмен, оңтүстік-
шығысы мен шығысында Қытаймен 
шектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет