240
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
кина, Мария Смирнова, Дуся Носаль,
Юлия Пашкова,
Марина Чернева,
Ирина Себрова сияқты құрбылары
еді. Солардың бірі Кеңес Одағының
Батыры атағын алған, эскадрилья ко-
мандирі Марина Чечнева «Менің қа-
рулас достарым» атты кітабында Хи-
уаз Доспановаға он бес бет арнапты.
Соның
бір жерінде қазақ қызының
штурман ретіндегі шеберлігіне былай
тоқталады: «Дос панова әрдайым өзі-
нің ұшағын нысанаға дәл бағыттап
және өзінің әуежайына да дәл шығып
отыратын еді».
11-оқушы:
Кавказ, Қырым майдандарындағы
шайқастардың өзінде де қыз-келін-
шектерден
жасақталған авиаполк
үкіметтің жоғарғы наградаларын
алып жатты. Алдымен оған «гвардия-
лық» деген атақ берілді, сосын «Та-
мань», артынан оның туына «Қызыл
Ту», «Суворов» ордендері қадалды.
12-оқушы:
Кеңес әскерлері 1945
жылы Бер-
линді алған күндердің бірінде Мемле-
кеттік қорғаныс комитеті қыз-келін-
шектер авиаполкін алғашқы болып
таратып,
оларды әскер қатарынан
босатады.
2-бастаушы:
Соғыстағы ерліктері үшін Хи-
уазға «Қызыл Жұлдыз», «ІІ дәрежелі
Отан соғысы» ордендері, «Кавказды
азат еткені үшін» медалі беріледі.
Әскери атағы да аға лейтенант шені-
не өседі.
1-бастаушы:
2004 жылы 15 желтоқсанда Рес-
публика
Президенті Нұрсұлтан На-
зарбаев Тәуелсіздік күні қарсаңында
өзінің Жарлығымен елімізге сіңір-
ген айтарлықтай еңбектері,
респуб-
ликаның әлеуметтік-экономикалық
және мәдени дамуына қосқан зор
үлестері үшін
марапатталған Қазақ-
станның бір топ азаматтарына мем-
лекетіміздің жоғары наградаларын
тапсырды.
Достарыңызбен бөлісу: