Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет138/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   195
кітап тарбие туралы

3.6. Эстетикалық тәрбиеге 
арналған тәрбие сағаттарының 
үлгісі
Тақырыбы: «Халық өнері – асыл 
қазына»
Мақсаты: Ұмыт болған салт-дәс-
түрлерді дәріптеу, оқушылардың өз 
халқына, ұлтына, туған жерге деген 
сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөз дер 
жазылған слайдтар, суреттер, буклет-
тер, «Халық өнері – асыл қазына» 
атты фотоальбом.
Тәрбие сағатының барысы: 
І. Кіріспе сөз.
Құрметті оқушылар! Сіздер бү-
гінгі халық өнері асыл қазына атты 
тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Әр 
ұлттың өзіндік ерекшеліктері салт-
дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біз-
дің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, 
ана әлдиінен, атаның қасиетті сөзде-
рінен бастау алады. Халқымыздың 
әдет-ғұрпы мен дәстүрін біліп, оны 
қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз-
дің нәрлі қайнарына айналдыру – аза-
маттық борышымыз.
Хор «Қазақы дастарқаным».
ІІ. Әр топ өздерін жеке-жеке та-
ныстырып өтеді.
«Мұрагер» тобының ұраны:
Салт-дәстүрлерді қастерлеп сақ-
таймыз.
1-оқушы:
Ассалаумағалейкум, халқым менің
Ардақта дәстүріңді, салтыңды, елім.
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.
2-оқушы:
Біздер бұрын көрмеген
Салт-дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп
Заманымда өрлеген.
«Құлагер» тобының ұраны:
Ата-бабамыздың өнерін, салт-дәс-
түрін әрі қарай жалғастырамыз.
3-оқушы:
Егемен болмай ел болмас,
Етек-жеңі кең болмас,
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
4-оқушы:
Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры,
Кеше ғана керексіз қып тастаған
Ғажап екен қазағымның ғұрыпы.
Сәнге толы қазағымның тірлігі,
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді,
Сезіміңді серпілтетін жыр гүлі.
5-оқушы:
Әнге толы бабалардың даласы
Ақпейілді баласы мен данасы.
Ардақтылар ақтаңдақтан көрінбей
Күлгін тартты артып дұшпан 
жаласын.
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз,
Барлық ұлтпен бауырласып 
жетерміз


243
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Ақ-қараны тілеп тұрса сөзіміз.
6-оқушы:
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері,
Қазақ елі – қырағы ерлер елі,
Елі кедей болмаған – жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі.
Азат бүгін байлыққа тұнған елім,
Азап жүгін, ел жауын қуған ері,
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған елі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет