244
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың
әдістемесі
• Төрт дегеніміз – төсектен безген
жас жаман.
• Бес дегеніміз – белдесіп өткен
жау жаман.
• Алты дегеніміз – асқынып кеткен
ауру жаман.
• Жеті дегеніміз – жас келіншек
жесір қалса сол жаман.
• Сегіз дегеніміз – сыйы кеткен ер
жаман.
• Тоғыз дегеніміз – торқалы той,
топырақты өлімге бас көрсетпесе сол
жаман.
• Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке
дауа болмас.
Хор «Ата дәстүрлері».
«Бесікке салу» дәстүрі.
Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен ба-
баларымыздан қалған қасиетті мұра.
Қазақта «Ел боламын десең, бесігің-
ді түзе». Сондай-ақ «Есік көргенді
алма, бесік көргенді ал» деген ұлағат-
ты сөздер бар.
Әже (бесікті ашып):
Алас-алас,
Бар пәледен қалас,
Асқар-асқар
таумен кет,
Ағыны қатты сумен кет,
Тастай қаткен түнмен кет,
Ұйытқып соққан желмен кет,
Бисмиллә балам,
Ұйқың тәтті болсын,
Күлкің шатты болсын, – деп бесік-
ке салады.
Ана:
Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ
бесікке жат бөпем,
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көкала иттің құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Достарыңызбен бөлісу: