Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет141/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   195
кітап тарбие туралы

2-жүргізуші: Киім таңдаудағы 
жақсы талғамды білдіретін көрініс 
әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы 
киім мен аяқ киімнің, бас киімнің
қол ғаптың, сөмкенің бір-біріне үй-
лесіп тұруына байланысты болып 
келеді. 
Келесі турымыз: «Сұрақ-жауап» 
деп аталады. 
1. Сән дегеніміз не?
2. Досыңыз әдемі көйлек киіп кел-
ді. Оған сіздің көзқарасыңыз.
3. Талғам дегеніміз не?
4. Қазіргі жастардың киім киісіне 
сіздің көңіліңіз толады ма?
5. «Ағаш көркі – жапырақ, адам 
көркі – шүберек» деген мақалдың 
мағынасын қалай түсінесіз?
6. Сіз қазіргі сәнмен киінесіз бе?
1-жүргізуші: 
Бұдан 
кейінгі 
турымыз «Сөздің көркі – мақал» деп 
аталады. Оқушылар әдептілік, әдемі-
лік қасиеттеріне орай мақалдар ай-
тып өтсін.
Мақал-мәтелдер айтылады.
2-жүргізуші: Киімге деген тал-
ғам паздық – адамның өзіне-өзі сын 
көзбен қарай білуінің белгісі. Киім 
адамды жұртқа тым оқшау көрсетпе-
уі тиіс. Әр халықтың өз дәстүрін, 
киім киісін, ұлттық қасиетін сақтай 
отырып киінуі сол ұлтты биіктен 
көрсететін ардақты қасиет екенін біл-
діреді. Бүгінгі өткізген тәрбие саға-
тымызда сіздерге киінудегі ұлттық, 
рухани мәдениеттің эстетикалық 
талғамының бір түрін көрсетіп өтуді 
міндет еттік. 
1-жүргізуші: Киімді әркім өзін-
ше таңдайды, таңдау кезінде жеке 
талғамы мен үлгі ағымына сүйене-
ді. Жақсы киіне білу де адамның өз 
мәдениеті, талғамы, адамгершілік 
негіздеріне сүйенетін өнер деп те-
гін айтылмаса керек. Орны-орнымен 
мақтай біл, құрметін сақтай біл де-


246
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
мекші жаңа болып өткен оқушылар 
сайысын қорытындылау сөз кезегін 
қазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: Оқушылар, бүгін-
гі тәрбие сағатында киім туралы, 
сән жайлы біраз мағлұматтар ай-
тылды. Әрине, 45 минут көлемін-
де тақырыпты толық қамту мүмкін 
емес, бірақ та бүгінгі айтылғандардан 
сіздер естеріңе сақтап, бұдан былай 
әдепті де әдемі, талғампаз оқушылар 
болады деп сенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет