Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет143/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   195
кітап тарбие туралы

Киiз үй және оның жасаулары.
«Сағанақты кереге», 
«Шаңырақ» бiреу,
Шаңыраққа сексен «уық» 
болар тiреу.
«Алты қанат» ақ боз үй 
дейсiң мұны,
Сұраса сынап бiреу-мiреу.
Буынып, «белдеу, арқан», 
«басқұрына»,
Жабылар «төрт туырлық» 
қапсырыла.
Төрт бауырлы «түндiк» сонсоң 
орын тебер,
Киiз үй күмбезiне бастырыла. 
«Жалаң ши», «ораулы ши», «үзiк», 
«желбау»,
Бұларда қызыл-жасыл бояу 
молдау.
Жел соқса, дауыл соқса, 
шайқалмасқа,
«Желбауға» жүк байлайды сәл 
ауырлау.
Ең алғаш «күлдiреуiштен» 
сығалар таң,
Басында – керегенiң «адалбақан».


248
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Төрдегi «текеметте» малдас 
құрып,
Ертегi-аңыздарды айтар атаң.
Iргеден маңдай төсеп еспе желге
Қымыз iш, қарыз қалмас еш де-
неңде.
«Кесеқап», «аяққап», «әбдiре», 
«сандық» 
Болмаған арттық мүлiк 
көшпелi елде. 
Сықырлауық кереге шеңберiне 
басқұр арқылы тартылып, кереге ба-
уымен байланады. Есiк, табалдырық 
пен маңдайшадан, қос босағадан
жарма беттен тұрады. Шаңырақтан 
кейiнгi ерекше қастерленетiн киiз 
үйдiң бөлшегi – босаға. Жаңа 
қосылған жас жұбайларға «Қос бо-
сағаң берiк болсын» немесе «бо-
сағаны керме» деп ырымдап жатуын-
да үлкен мән-мағына бар. Босағаны 
киелi, қасиеттi деп санаған. 
Оқушы: 
Мұны мықты жасаған,
Ақ тiлектi дос адам.
Шайқалмайды шаңырақ,
Берiк болса босағаң.
Осы арқылы енедi,
Тербетiлер бесiкте,
Осы арқылы келедi
Бақыт пенен несiп те.
Босағасыз тұрмайды,
Тұрмайды әсте есiк те.
Ән: «Ақ босаға».
Киiз үйдiң жиһаздары
Қазақтың киiз үйiне лайықталып 
жасалған үй жиһаздары болған. Олар: 
кебеже, әбдіре, кереует, ағаш жастық, 
жүк аяқ, тұскиiз, кiлем. Төселетiн 
бұйымдар: алаша, текемет, сырмақ, 
тулақ, құрақ көрпеше. Тұтынатын 
бұйымдар: аяққап, кесеқап, тұлып, 
қоржын. Ыдыс-аяқ: кесе, табақ, ағаш 
аяқ, күбi, тостаған, қасық, ожау, келi, 
т.б.
Ендi осы жиһаздарға тоқталайық:
Оқушы: 
Болмас үйге түспесек,
Түктi кiлем, түс киiз.
Шалап, сусын iшпесек.
Түрлi түстi алаша.
Кiрсең бәрi дайын тұр,
Оны-мұны елеме,
Көрпе-жастық, құс төсек.
Деп қалмашы немене?
Көп ойланып қалмай-ақ,
Анау тұрған ожау мен
Ажыратасың оңай-ақ,
Қымыз торсық, тегене,
Ағаш төсек, әбдiре,
Iлулi қоржын, аяққап,
Жарасып тұр жүкаяқ.
Адалбақан – бәрi бар.
Айналаңа қарасаң,
Қалдым мен де аяқтап,
Бәрi-бәрi тамаша.
Ал өздерiң танып ал.
Оқушы: 
Кiлем – сәндi тоқылатын, баспа-
наның жылулығын сақтайтын және 


249
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
дыбысын бәсеңдететiн арнайы үй 
жиһазы. Оларды тоқу ерекшелiктерi-
не қарай түктi кiлем, тақыр кiлем деп 
бөледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет