Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет33/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   195
кітап тарбие туралы

3. Сынып жетекшiсiнiң қызмет-
терi. Сынып жетекшiсiнiң жұмысы 
мектеп жарғысымен белгіленеді. 
Алайда бұл тiзiм оның іс-әрекетiнiң 
барлық қызметін қамти алмайды. 
Оның іс-әрекетiнің әр түрлi бағыт-
тары көптеген зерттеулерде қа-
растырылған. 
1. Сынып жетекшісінің мектеп-
тегi қызмет-әрекетiн ұйымдастыруы 
(Н.Е. Щуркова) бойынша функция-
лары:
– әрбiр оқушыны қажеттi оқу-
лықтармен және әдістемелiк құрал-
дармен қамтамасыз ету;
– баланың көзiнiң көруi, құла-
ғының естуi, оның бойын ескерiп, әр-
бiреуiнiң қабiлетi мен белсендiлiгiне 
қарай оқу бөлмесiне санитарлық-ги-
гиеналық талаптарға сай қамтамасыз 
ету;
– сыртқы киiм мен аяқкиiм қоятын 
орынның болуы;
– мектептiң ертеңгiлiк тамағы ның 
тәртiбi мен асхананың тазалық ере-
жесiн қамтамасыз ету;


73
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
– оқушы үстi-басын ретке келтiре 
алатын дәретхана бөлмелерiнiң орна-
ласуы мен оларды пайдалану мәде-
ниетiн ескерту;
– сынып бөлмесiнiң iшкi көрiнiсiн, 
бөлменiң жарықтығы, бөлменiң көр-
кемдiгiн сақтайтын кезекшiлер қою;
– әрбiр баланың киiмi мен аяқкиiмi-
не гигиена, эстетика тұрғысынан та-
лап қою;
– әрбiр оқушыны сабақ кестесi 
мен сынып бөлмелерiнiң орнала-
суынан хабардар ету;
– оқушыға барлық сынып бөлме-
лерiнiң неге арналғанын, оларды пай-
далану ережелерiнен (директор ка-
бинетiнен бастап, ойын бөлмесi мен 
медициналық бөлмеге дейiн) түсінік 
беру;
– оқушының қоршаған заттармен 
жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, 
әдемiлiк пен тәртiптi сақтай отырып 
пайдалана білуін үйрету.
2. Сынып жетекшісінің топ тың 
пән дiк іс-әрекетiн ұйымдас тыруы:
– тұлғаны дүниедегi адам өмiрi-
не қажетті құралдары, материал-
дық құндылықтарға жататын еңбек 
іс-әрекеті;
– баланың күш-жiгерiн, өзiнiң 
денесiне, денсаулығына, ағзасының 
сұлулығы мен күшiне, адамның 
өз денесiн билей алатын спорттық 
іс-әрекет;
– балаға дүниенi көркем образдар 
арқылы тануға, көркемдiк заттар 
тудыра отырып, дүниенi көркейтуге 
мүмкiндiк беретiн іс-әрекет.
3. Өмiрдi түсiнiп, сезiнудiң руха-
ни іс-әрекетiн ұйымдастыру, ол де-
генiмiз – оқушылардың рефлексиясы, 
өмiр құндылықтарын түсiнiп, сезiну-
дегi өзiндiк талдауға және өзiнiң iшкi 
дүниесiн дамытуға жәрдем беру.
4. Тәрбие нәтижелерiнiң диагнос-
тикасы негiзiнде жеке тұлғалық да-
мудың сипаттамасы. Сынып жетек-
шiсiнiң диагностикалық іс-әрекетi 
тәрбиелiк жүйенi құрудың негiзi 
болып табылады. Жеке тұлғаның 
қалыптасуы ерекше қасиеттерiн 
анық тауға мүмкiндiк бередi. 
Жоғарыда келтiрiлген жеке тұл-
ғаның қасиеттерi оқу барысында 
сабақта да, сыныптан тыс тәрбие 
жұмыстарында да қалыптасады. 
Қазақстан Республикасы мектеп-
терiндегi тәрбие мазмұнын ұлттық 
салт-дәстүрлерге сәйкес жетiлiп ке-
ледi. Оны өнегелiлiк түрде түсiнiп, 
ұғыну – мұғалiм алдында тұрған 
маңызды мәселе. Мұғалiм оқу пән-
дерiндегi тәрбие мүмкiндiктерiн 
бiлуi тиiс. Бұл орайда гуманитарлық 
саладағы пәндердiң орны ерекше. 
Көптеген мұғалiмдердiң сабақтың 
тәрбиелiк 
мiндеттерiн 
орындау 
мүмкiндiгi деңгейiне дейiн жүзеге 
асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет