Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет48/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   195
кітап тарбие туралы

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МҰРАЛАРЫ
Кішіпейілділік, қол ұшын беру
«Адам туралы айтсақ, оларды қо-
сатын, байланыстыратын дәнекер 
тұтқа адамгершілік болып табылады. 
Сондықтан адамзат тегіне жататын 
болғандықтан, олар өзара бейбіт-
шілікті, татулықты сақтаулары қа-
жет». (Көбесов А. «Әл-Фараби мен 
Абайды қатар оқығанда: Зерттеу 
еңбегі» кітабынан, 10-б.)
Адамгершілік-имандылық 
тәрбиесі туралы өнегесі
Мәрттік, жомарттық; (мінез-құлық 
туралы) «Біз мінез-құлық са па-
ларының абзалы да, оңбағаны да жүре 
келе пайда болады дейміз. Адамда 
қалыптасқан мінез-құлық бол маса, 
қарама-қарсы мінез-құлыққа өз ер-
кімен көшіп кетуі мүмкін. Адам-
ның белгілі бір мінез-құлыққа ие 
болуына немесе жақын жұғысудың 
арқасында бір мінез-құлықтан басқа 
бір мінез-құлыққа ауысуына себеп-
ші болатын нәрсе – әдет, ал әдет деп 
мен белгілі бір әрекеттің жиі және 
ұзақ уақыт қамтылуын айтамын. Мі-
нез-құлықтың қалыптасуы жолдары 
өнер үйрену жолдары сияқты...»
(Көбесов А. «Әл-Фараби мен 
Абайды қатар оқығанда: Зерттеу 
еңбегі» кітабынан, 12-б.)


96
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
Қайырымды қала
 басшысының 
қасиеттері туралы
Қайырымды қаланың бірінші 
басшысы, ол – қайырымды халықтың 
басшысы және жер жүзін мекендей-
тін елдің басшысы. Өз бойында туа 
біткен он екі қасиетті ұштастырған 
адам ғана осындай бола алады. Бірін-
шіден, бұл адамның мүшелері мүлде 
мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің 
күші өздері атқаруға тиісті қызметті 
аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы 
бейімделген болуы керек, сонда егер 
осы адам әлдебір мүшесінің жәрде-
мімен әлденедей бір іс істемек болса, 
ол мұны оп-оңай атқаратын болады
жаратылысынан өзіне айтылғанның 
бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді 
сөйлеушінің ойындағысындай және 
істің жай-жағдайына сәйкес ұғып 
алатын болуы керек; өзі түсінген, 
көрген, есіткен және аңғарған нәрсе-
лердің бәрін жадында жақсы сақтай-
тын, бұлардан еш нәрсені ұмытпай-
тын болуы керек. Әйтеуір бір заттың 
кішкене ғана белгісін байқаған кезде 
сол белгінің ишаратын іліп әкетерлік-
тей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі 
болуы шарт: Өткір сөз иесі және ойы-
на түйгеннің бәрін айдан анық ай-
тып бере алатын ділмар болуы шарт. 
Өнер-білімге құштар болу, оқып-үй-
ренуден шаршап-шалдықпай, осыған 
жұмсалатын еңбектен қиналмайтын, 
бұған оңай жететін болу керек. Тағам 
қабылдағанда, сыр-сұхбат құруға кел-
генде қанағатшыл болу керек, жара-
тылысынан сауыққұмарлықтан аулақ 
болып, бұдан алатын ләззатқа жирене 
қарауы шарт. Шындық пен шыншыл 
адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен 
суайттарды жек көру керек. Жаны 
асқақ және ар-намысын ардақтай-
тын болуы шарт. Оның жаны жара-
тылысынан пасық істердің бәрінен 
жоғары болып, жаратылысынан игі 
істерге жақын болуы тиіс. Дирхем, 
динар атаулыға, жалған дүниенің 
басқа да белгілеріне жирене қарауы 
керек; жақындарына да, жат адам-
дарға да әділ болып, жұртты әділетті-
лікке баулып, әділетсіздіктен зардап 
шеккендердің залалын өтеп, жұрт-
тың бәріне өз білігінше жақсылық 
пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет. 
Әділ болуы керек, бірақ қыңыр бол-
мауы керек, әділеттілік алдында мі-
нез көрсетіп қасарыспау керек, бірақ 
әділетсіздік пен пасықтық атаулыға 
мүлде рақымсыз болуы шарт. Өзі қа-
жет деп тапқан істі жүзеге асырғанда 
қолдау көрсетіп, бұл ретте қорқыныш 
пен жасқану дегенді білмейтін ба-
тыл, ержүрек болуы керек. («Қазақ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет