Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет50/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   195
кітап тарбие туралы

Ахмет Йүгнеки. Ақиқат сыйы» 
кітабынан, 419-420 бб.)
Қайрат-жігер, ерлік, 
батырлық туралы
«Ерік күші дегеніміз – ең алдымен 
түйсіктен шығатын қалау, ол жанның 
талпынушы бөлігіне жатады, ал қа-
былдау болса сезімге жатады. Осы-
дан кейін жанның қиялдаушы бөлігі 
пайда болады, осының арқасында 
қалау пайда болады. Бірінші ерік кү-
шінен кейін екінші ерік күші келеді. 
Екінші ерік күші қиялдан шығатын 
қалау болып табылады. Осы ерік 
күшінің арқасында адам жанның 


98
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
ақыл-парасатты бөлігінде әрекетшіл 
ақыл-парасат тудыратын алғашқы 
білімді қабылдай алады. Сол кезде 
адамда үшінші ерік күші пайда бо-
лады, басқаша айтқанда ойлау қабі-
летінен шығатын қалау туады. Бұл 
ерікпен таңдау деп аталады. Бұл 
нәрсе еш жағдайда да басқа жан-
жануар ға тән емес, тек қана адамға 
тән құбылыс. Және осының арқасын-
да адам мақталатын не датталатын
жақсы не жаман қылықтар жасайды 
және сол үшін не сый-құрмет көреді 
немесе керісінше болуы мүмкін.
Алғашқы екі ерік күші ақыл-па-
расатсыз жануарларда болуы мүм-
кін. Ал егер ерік күшінің барлық түрі 
бірдей адамда болатын болса, онда 
ол қайырымдылық пен зұлымдықты, 
жақсы мен жаманды ажырата алатын 
қабілетті болып, бақытқа талпына 
алады». («Әбу Насыр әл-Фараби. 
Таңдамалы трактаттары» кіта-
бынан, 405-б.)
Еңбек-өнер тәрбиесі 
туралы өнегесі
Өз еңбегінің нәтижесін көру. 
«Қайсыбір салада оң нәтижеге жетуге 
қабілетті адамдар қабілеті жоқ адам-
дардың басшысы болады. Нәтижеге 
жетуге көбірек қабілеті бар адамдар 
қабілеті аз адамдарға басшы болады. 
Бұл адамдар тәрбиенің нәтижесінде 
қол жеткізген жақсы немесе кеңесші 
болу қабілетіне қарай ажыратылады. 
Жақсы басшылық жасап, жақсы 
ақылгөй болуға қабілеті бар адамдар 
осы нәрсеге қабілеті жоқ адамдарға 
басшы болады. Осы сияқты қайсыбір 
салада жақсы қасиеті бар адамдармен 
салыстырғанда жаратылысынан же-
тілмеген қасиеттері бар адамдар 
жақсы тәрбиенің арқасында, жара-
тылысынан өте абзал қасиеттері бар 
адамдардың тәрбиесін көрмеген-
дермен салыстырғанда, анағұрлым 
лайықты адамдарға айналады.
Қайсыбір салада неғұрлым же-
тілген, тәрбие көргендер соғұрлым 
кәміл емес тәрбие алғандарға басшы 
болады. Осындай жаратылысынан өзі 
бейім нәрсенің бәріне сәйкес тәрбие 
алғанда осы салада жаратылысынан 
тамаша қасиеті еш уақытта болмаған-
дарға басшы бола алмайды, олар жа-
ратылысынан тамаша қасиеті бар, 
бірақ тиісті тәрбие алмағандарға ғана 
немесе жеткілікті тәрбие алмаған-
дарға ғана басшы бола алады». («Әбу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет