Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет96/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   195
кітап тарбие туралы

верситеттің барлық мамандық-
тарының оқу жоспарына міндетті 
түрде енгізілді. Осы жылы педа-
гогика ғылымдарының докторы, 
профессор Қ.Б. Сейталиевтің және 
педагогика ғылымдарының кан-
дидаты, доцент Ғ. Базарғалиев-
тің құрастыруымен «Халелтану» 
курсының бағдарламасы мен «Ха-
лелтану» оқулығы жарық көрді. 
Бірінші республикалық Досмұха-
медов оқуларының ұсыныстары 
негізінде университетте «Халелта-
ну» ғылыми-педагогикалық зерт-
ханасы ашылды. Зертхана қазіргі 
кезде Х. Досмұхамедов атындағы 
Атырау мемлекеттік университеті 
жанындағы ғылыми-педагогика-
лық зерттеулер орталығына ай-
налды. 
Қайшылығы мол кезеңде өмір 
сүріп, ұлтына адал еңбек етіп, қағи-
даға айналған қанатты сөздері мен 
өшпес атын, саналы ұрпақ тәрбие-
леудегі ұлағатты ойларын қалдырған 
асыл азаматтарымыздың бірі, ағар-


179
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
тушы-ғалым, педагог, дәрігер, қоғам 
қайраткері – Халел Досмұхамедов. 
1931 жылы НКВД тергеушісіне 
өз қолынан толтырған мәлімдеме-
сінде: «Он бір жасымда бастауыш 
мектепті бітірдім. Одан соң Орал қа-
ласындағы реалдық училищеге оқуға 
түстім. Оны 1903 жылы үздік бітіріп 
шықтым. Сол жылы Санкт-Петер-
бургтегі әскери-медициналық акаде-
миясына латын тіліне қосымша емти-
хан тапсырып түстім», – деп келтіре-
ді [1, 15-б].
Құмда аунап өскен ойын ба-
ласы ат жалын тартып мініп, Пе-
терборда оқиды. Академия қа-
бырғасында 1903-1909 жылдары 
Х. Досмұхамедовтың ғылыми дү-
ниетанымының, саяси көзқарасының 
қалыптасуына әсерін тигізді. Оқуды 
бітірген соң 1909 жылы Пермь гу-
берниясында, содан соң 2-қазақ-орыс 
атқыштар батальонында дәрігер мін-
детін атқарады. Әскери борышын 
өтеп жүргенде 1916 жылы Ресейде 
ақпан төңкерісі болып, ғалымның 
саяси көзқарастары өзгеріп өз ұлтына 
еңбек етуге белін буады [2, 275-276-
бб].
Қоғам және мемлекет қайратке-
рі энциклопедист-ғалым, профессор 
Х. Досмұхамедовтың көптеген зерт-
теу еңбектерінің бірінде: «Бұл дү-
ниеде түрлі данышпан, шешендер, 
шеберлер, батырлар, ақындар көп өт-
кен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ 
арасында да аз болмаған. Өз жұртына 
жұмыс қылып, еңбек сіңірген адам-
дарды қадірлеу – елдіктің белгісі», – 
деп көрсеткен [3, 87-б].
Әділетіне жүгінсек, тәуелсіз ел 
тұғырының биік болуы үшін жан ая-
май еңбек еткен Халел Досмұхамедов 
сынды біртуар азаматтардың рухын 
еске алып, есімін қастерлеу әрі оны 
«Дара тұлға» деп ұлықтау бәрімізге 
ортақ парыз болуға тиісті.
Қазақстан Республикасының ел-
дігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, 
туған халқының көкірегіне сәуле 
құюды мақсат еткен қазақтың көп-
теген асыл азаматтары ХХ ғасырдың 
30-жылдарында тағдыр тауқыметін 
тартып, жалаға, жауыздыққа ұшырап, 
қиянат құрбандығы болды. Тек кейін-
гі кезде ғана сол зұлымдықтардың 
беті ашылып, жазықсыз жазаланған 
аяулы азаматтарымыздың есімдері 
ортамызға қайта оралды. Солардың 
бірі – Атырау өлкесінің ардақты пер-
зенті – профессор Халел Досмұха-
медов. Ол жоғары білімді дәрігер 
ғана емес, сонымен бірге тарихшы, 
табиғат зерттеуші, әдебиетші, тіл та-
нушы, аудармашы, ағартушы-ұстаз,
қоғам және мемлекет қайраткері бо-
лып табылады.
Бұл турасындағы салиқалы да, 
салмақты бағаны алғаш көрнек-
ті сөз зергері Әбіш Кекілбаев бер-
ген болатын: «Өзіне табиғат аямай 
берген дарынды терең біліммен то-
лықтырып, ана тілімізге қоса латын, 
араб, парсы, түрік, орыс, неміс және 


180
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
француз тілдерін қажетті дәрежеде 
меңгеріп, сол тілдерде еркін оқып, 
сөйлеп, жаза білген Х. Досмұха-
медұлы көзінің тірі кезінде алдына 
жан салмас ғажайып лингвист, фоль-
клорист, тарихшы-этнограф, педагог, 
психолог, аудармашы болған. Жан-
жақты, көл-көсір, әмбебап білімнің 
арқасында ол биология, зоология, 
медицина салаларында да көп еңбек 
қосқан ғалым», – деп келтіреді [4, 6-б].
Қазақ халқының өркениеттің 
өріне сүйреген көсемдердің көзге 
шалынар басты қасиеті олардың қай-
қайсысы болсын жан-жақты «сегіз 
қырлы, бір сырлы» тұлғалар болатын. 
Профессор Халел Досмұхамедов cа-
яси күрескер, жалынды патриот әрі 
ғалым әрі киелі өнер иесі және өз 
мамандығының білгірі болуы кейінгі 
толқын жастарға үлкен өнеге болып 
табылады.
Профессор Халел Досмұхамедов 
осы кезеңде қандай қызмет атқар-
ды десек, бұл туралы 1930 жылдың 
10 наурызында өз қолымен орыс 
тілінде жазылған ғұмырнамадағы 
мына бір жолдардан жауап алуға 
болады. Патша өкіметі құлатылған 
соң, 1917 жылы сәуірде қазақтар-
дың Орал облыстық атқару комите-
тінің төрағасы болып сайланды. 1917 
жылы желтоқсандағы жалпы қазақ 
съезінде Алашорда Халықтық-ре-
волюциялық кеңесінің мүшелігіне 
өтті. Мұнда Кеңес үкіметі орнағанға 
дейін Земстволық мәдени-ағарту 
жұмыстарын атқарды. 1918 жылы 
наурыз айының соңында Халел Жан-
ша Досмұхамедұлымен бірге Мәскеу-
де РСФСР Халық Комиссарлар Кеңе-
сінің төрағасы В.И. Ленинмен, ұлт 
мәселесі жөніндегі Халық Комис-
сары И.В. Сталинмен Қазақ автоно-
миялы республикасын құру туралы 
келіссөз жүргізеді. Өкінішке орай, 
бұл келіссөз нәтижесіз аяқталады. 
Бұдан кейін Халел Досмұхамедов 
Түркістан және Қазақ Кеңес автоно-
миялы республикаларында әр түрлі 
қоғамдық-саяси қызметтер атқарды.
Халел қажырлы қоғам қайратке-
рі болумен қатар, ағартушы, ғалым, 
дәрігер екендігін де есте ұстауға 
тиістіміз. Қазан төңкерісіне дейін 
қазақтар арасында арнаулы білімі 
бар 20 ғана дәрігер даярланған екен. 
Халел 1913-1920 жылдары Темір 
уезінде учаскелік дәрігер қызметін 
атқара жүріп, оба ауруын жою ісіне 
қатысады. Ауруға сапалы медици-
налық көмек беретін ешкімнің бол-
мағанына, сүзектен, суық тиюден, 
мерезден, обадан, тырысқақтан, қа-
расан, қызылша, безгек, туберкулез, 
т.б. аурулардан халық жаппай қыры-
лып жат қан кезде, осынау үркердей 
топтың қарлығаштың қанатымен су 
сепкендей болмашы іс-әрекетінің 
өзі біраз адамдардың өмірін араша-
лап қалды. Сол бір үркердей топтың 
ішінде қазақтың Ибн-Синасы (Еуро-
паша Авиценна), ғұлама ғалымы, сан 
қырлы дарын иесі, Халел Досмұхаме-


181
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
довтың болуы, әрине, үлкен тағылым 
алар мақтаныш!
Қазақ халқы алдындағы перзент-
тік парызына өмірінің соңғы сәтіне 
дейін адал болған Халел Досмұха-
медов – халқымыздың тарихы мен 
мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған 
біртуар перзенттердің бірі. Күні ке-
шеге дейін бүгінгі ұрпақ оны «Алаш-
орданың» көрнекті қайраткерлерінің 
бірі ретінде ғана білген болса, оның 
ғылыми-ағартушылық, 
педагоги-
калық мұрасы жеткілікті зерттелмеді. 
Кезінде жеке адамға табыну мен за-
ңсыздықтың құрбаны болған Халел 
Досмұхамедұлы артына орасан зор 
сарқылмас мұра қалдырды. Ғылы-
ми-зерттеу жұмысымызда біз қай-
тпас та, қажымас қайраткер, дара да, 
дана тұлға, әмбебап энциклопедистің 
ғылыми мұрасын жан-жақты зерт-
теп, кеңінен насихаттап, сол мұраның 
асылдарын халқымыздың рухани 
мүддесіне жарайды деген сенімдеміз.
ХХ ғасырдың 30-жылдардың 
екінші жартысынан бастап, волюн-
таристік шешімдердің, қоғамдық 
және партия өмірі саласында өрескел 
жіберілген қателіктердің, әкімшілік-
әміршілдік басқару әдісінің күшеюі, 
қазақ халқына қарсы бағытталған 
ауыр қылмыс түрінде байқалған 
және жеке басқа табынудың шектен 
шыққан өрескел көрінісінің кезеңі 
басталғанын тарихи құжаттар дәлел-
дейді.
Белгілі ғалым, академик-жазушы 
Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айт-
қанда: «Шын мәнінде халқымыздың 
ояну дәуірі туғызған алыптардың қа-
тарында жарық жұлдыздар шоғыры 
секілді Ахмет Байтұрсынов, Мір-
жақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, 
Мұстафа Шоқаев есімдерімен қатар, 
Халел Досмұхамедов есімінің ата-
луы бұл өмірге сирек келетін дарын 
иесі, әмбебап ғалым», – деп Халел 
бабамызға берілген әділ баға болып 
табылады [5, 94-б].
Профессор Халел Досмұхаме-
дов Атырау облысы Қызылқоға өңі-
рі, әсіресе Исатай мен Махамбеттей
қол бастаған батырларды пана еткен, 
Мұрат сынды ел мұңын жырлаған 
жыраулар шыққан, қазақ әдебиеті мен 
өнерінің талай-талай өкілдері өскен 
Тайсойған жерінде он тоғызыншы 
ғасырдың аяғында дүниеге келіп, сол 
заманның, сол қоғамның ең таңдау-
лы өкілдері ғана оқитын жоғары оқу 
орны Санкт-Петербургтегі Импе-
раторлық әскери-медициналық ака-
демияны алтын медальмен бітіруі –
бұл таңғажайып қабілеттің, табиғат 
сыйлаған ерекше дарынның белгісі.
Студенттік жылдары Санкт-Пе-
тербургте жас Халел Досмұхаме-
довтың ағартушылық дүниетаны-
мының қалыптасуына ерекше әсер 
еткен әлемге аты белгілі ғұлама ға-
лымдар академияның алғашқы ұстаз-
дары: ғұлама физиолог-психолог, 
ғалым, Нобель сыйлығының лауреа-


182
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
ты, академик Иван Петрович Павлов, 
көрнекті шығыстанушы, академик 
Василий Васильевич Радлов, қазақ 
лингвистикалық мектебінің негізін 
салушы, Ресей ғылым академия-
сының мүше-корреспонденті, про-
фессор Бодуэн де Куртэне болды.
Халел Досмұхамедовтың табиғи 
дарынының ғалым ретінде бай мүм-
кіншіліктерінің жан-жақты дамыған 
кезеңі кеңестік кезеңде болатын. 
Оның энциклопедист ғалым ретін-
де қоғамдық-педагогикалық, ғылы-
ми жұмысының ең жемісті кезеңі 
1920 жылдан бастап, 1930 жылдарға 
дейінгі Ташкенттік кезеңі еді. 
Бұл кезең Х. Досмұхамедовтың 
әр түрлі қоғамдық, мемлекеттік, ғы-
лыми-педагогикалық, оқу-ағартушы-
лық, ұйымдастырушылық, ұстаздық 
сан қилы, әр түрлі деңгейдегі жа-
уапты жұмыстарды атқарумен тығыз 
байланысты. Оның сіңірген еңбегі 
мен жан-жақты ғылыми және рухани 
мұрасын дұрыс бағалау үшін сол кез-
дегі республикамыздың қоғамдық-
сая си, ағарту майданында өзімен бір-
ге атсалысқан, әділдіктің туын биікке 
көтерген белгілі қоғам қайраткерлері 
мен ұлтымыздың зиялылары, өз тұс-
тастары мен ғылыми ортамен тығыз 
байланыста, бірлікте қарастырған 
жөн.
Сол кездегі белгілі қоғам және 
мемлекет қайраткерлері, қазақ зиялы-
ларының көрнекті өкілдері, ғалым-
дар, қазақ өнері мен мәдениетінің 
танымал майталмандары Халелмен 
бірге Ташкенде Санжар Асфендия-
ров, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек 
Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Мұқтар 
Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіп-
бек Аймауытов, Темірбек Жүрге-
нов, Әлімхан Ермеков, Мұхамеджан 
Тынышбаев, Әбубәкір Диваев және 
т.б. Түркістан Республикасының 
басшы орындарында ғылыми меке-
мелер, халық ағарту орындары мен 
жоғары оқу орындарында жұмыс іс-
теді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Х. Дос-
мұхамедов Халық ағарту Комисса-
риатының Білім комиссиясын бас-
қарып тұрған кезінде бір топ қазақ 
зиялыларына қазақ тілінде жоғары 
оқу орындары мен ұлт мектептеріне 
арналған әр түрлі ғылым саласында 
оқулықтар мен оқу құралдарын жа-
зуға тапсырма беріп, ұсыныс жасады. 
Алғаш рет Мағжан Жұмабаев қазақ 
тілінде «Педагогика» оқулығын, ал 
Жүсіпбек Аймауытов «Психология» 
оқулығын жазды. Бұл оқулықтардың 
бүгінгі күнге дейін өз мәні жойылған 
жоқ. Ол оқулықтар бүгінде баспадан 
қайта басылып, қазақ студенттерінің 
қолдан-қолға түспейтін оқу құрал-
дарына айналды.
Қазір ұлт мектептері мәселелері 
күн тәртібіне қойылып отырған жағ-
дайда ХХ ғасырдың 20-жылдарының 
өзінде ең алдымен халыққа қажет 
кезек күттірмейтін зәру мәселелерді 


183
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
оның ішінде тұңғыш қазақ тілінде 
оқулықтар жазуды қолға алуы оның 
көрегендігін аңғартады. Ана тілі-
нің, мемлекеттік тілдің жағдайы, ұлт 
мектептерінің, ұлттық терминология 
мәселелері бүгінгі таңда да өзек-
ті, маңызды, күн тәртібінен түспей 
отырған мәселелер болып табылады. 
Оның Қазақстанда жоғары мектептің 
қалыптасуына, ұлт кадрларын даяр-
лауда, баспа ісінің қалыптасуына, 
жаңа ашылған қазақ мектептері үшін 
оқулықтар мен оқу бағдарламаларын 
жасауда өзіндік қолтаңбасы бар ғұла-
ма ғалым.
Профессор Халел Досмұхамедов – 
жаратылыстану цикліндегі пәндер 
бойынша алғашқы қазақ мектептері-
не арналған оқулықтардың авторы. 
Оның қаламынан, әсіресе І және ІІ са-
тыдағы қазақ мектептеріне арналған 
«Өлі табиғат» оқулығы (1920), «Жа-
нуартану» (3 бөлімнен тұрады), 
«Табиғаттану» (1922), «Оқушылар 
гигиенасы» (1925), «Адамның тән 
тіршілігі», «Денсаулығыңды сақта» 
және т.б. оқулықтары кезінде жаңа-
дан ашылып жатқан қазақ мектепте-
ріне өте қажетті оқулықтар болған 
болса, бүгінде өз мәнін жойған жоқ.
Профессор Халел Досмұхаме-
довтың ғылыми мұрасының ең не-
гізгі бағыттарының бірі – тіл білімі 
мен әдебиет, тарих және этнография 
мәселелері. Оның «Қазақ әдебиеті», 
«Аламан», «Мұрат ақынның сөзде-
рі», «Шернияз шешен», «Исатай-Ма-
хамбет», «Жалаңтөс батыр шежіре-
сі», «Диуани лұғат ат түрік», «Қазақ 
тіліндегі сингармонизм заңы» атты 
ғылыми еңбектерін жазуы, оның 
жан-жақты терең, энциклопедиялық 
білімін аңғартады.
Архив деректеріне сүйене оты-
рып профессор Халел Досмұхамедов 
ғылыми-зерттеу еңбектерін төрт ар-
наға бөліп қарастыруға болады: 
1 – баспа бетінде жарық көрген 
ғылыми-әдеби, әдістемелік еңбектері 
мен мақалалары;
2 – жариялауға даярланған қол-
жазбалары;
3 – жалпы редакциясын басқарған 
еңбектерінің тізімі;
4 – аударма еңбектерін айтуға бо-
лады [6]. 
Профессор Халел Досмұхаме-
довтың сан-сапалы ғылыми мұра-
сының ішінде халық ағарту ісінің 
көрнекті қайраткері, ғалым-педагог 
ретінде Қазақстанда Жоғары педаго-
гикалық мектептің қалыптасуы мен 
даму тарихында алатын орны ерек-
ше.
Негізгі деректерге келетін болсақ: 
«1920 жылы 2 желтоқсанда Ташкент-
те қазақ тілінде оқитын Қазақтың 
халық ағарту институтын ашу туралы 
Түркістан Республикасы Халық Ко-
миссарлар Кеңесінің қаулысы жария-
ланды. Осы ірі мәдени орталықта 
Қазақтың халық ағарту институты 
тез қарқынмен нығайып, өз қызметін 
жан-жақты дамытты. Оның оқу-тәр-


184
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
бие және ғылыми жұмысына Х. Дос-
мұхамедұлы да белсене араласты» 
деп келтірген [7].
1925 жылдың 15 тамызынан бас-
тап, Ташкент қаласында «Қазақтың 
жоғары педагогикалық институты 
«Казпедвуз» деген атпен ашылып, 
жұмыс жасауға кіріскен болатын-ды.
Бұл педагогикалық институттың 
оқу жоспарын жасау үшін арнайы 
комиссия құрылып, оның құрамы-
на Ташкент қаласындағы белгілі 
әдіскерлер мен профессор ғалымдар 
шақырылды. Шақырылған ғалым-
дардың ішінде: «Професссор Х. До-
смұхамедов, профессор Н.А. Димо, 
професссор А. Шмидт, профес-
сор В.И. Романовский, профессор 
Н.Н. Фиолетов, доцент Д.М. Барбот-
кин, профессор Н.Л. Лаппо-Дани-
левский және басқалар болды», – де-
лінген [8]. 
Професссор Х. Досмұхамедов-
тың жетекшілігімен жұмыс істеген 
комиссия Ташкенттегі Қазақтың Жо-
ғары педагогикалық институтының 
оқу жоспарының жобасын жасаған-
да РСФСР педагогикалық инсти-
туттарының жобасынан өзгеше жа-
салынды. Мұндағы басты қағида 
– пәндер бағдарламаларында жергі-
лікті ұлттық ерекшеліктерді ескеру. 
Ташкенттегі Қазақтың жоғары педа-
гогикалық институтының жұмысына 
Орта Азия университетінің ең таң-
даулы ғалымдарымен қатар Моск ва 
және Ленинград қалалары нан бел-
гілі академия ғалымдар В.В. Бар -
тольд, С.Е. Малов түрік-моңғол ха-
лықтарының тарихынан және т.б. 
ға лымдар шақырылды. Сонымен қа-
тар институтта оқу-тәрбие жұмысы 
мен дәріс беруге жергілікті қазақ 
зиялыларының арасынан шыққан 
Т. Жүргенов, Ә. Ермековтермен қатар 
профессор Х. Досмұхамедов та бол-
ды.
Ташкент қаласында ұйымдасқан 
Қазақтың жоғары педагогикалық 
инс титутының тұңғыш ректоры бо-
лып Орта Азия университетінің түле-
гі, халық ағарту ісінің көрнекті қай-
раткері Т. Жүргенов тағайындалды, 
оның проректоры болып Х. Досмұха-
медұлы жұмыс істеді. Ол институтта 
педология пәнінен дәріс берді.
1928 жылы Ташкент қаласындағы 
Қазақтың жоғары педагогикалық 
инс титутының негізінде ұйымдасқан 
Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны –
қазіргі Абай атындағы Қазақтың 
ұлттық мемлекеттік университеті-
нің негізін қалаушылардың бірі, бі-
рінші проректоры Халел Досмұха-
медов болды. Ол 1924 жылы Ресей 
академия сы Орталық өлкетану бю-
росының корреспондент мүше болып 
сайланды. 1929 жылы университет-
тің педология кафедрасының профес-
соры ғылыми атағына ие болды.
Қазір біз өз тарихымызды терең 
зерттеп, тіліміздің, өнеріміздің, ру-
хани мұраларымыздың терең тамы-
рын тануға кірістік. Халқымыздың 


185
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
ғылымын дамытуға, тілін сақтауға, 
тарихын зерттеуге, өнері мен әде-
биетін өркендетуге, білім беру мен 
денсаулық сақтау салаларын ұйым-
дастыруға өлшеусіз үлес қосқан, 
аласапыран жылдарда қазақ елінің 
болашағын ойлап, өз өмірін құрбан 
еткен алыптарымыздың қатарында 
ғұлама ғалым, қоғам және мемлекет 
қайраткері, ағартушы, педагог, дәрі-
гер, профессор Халел Досмұхамедов 
болатын. 
Дейтұрғанмен, халелтану ғылы-
мын қалыптастыруда ұлы ғұламаның 
жан-жақты ғылыми мұрасын то-
лықтай танып болдық, зерттелді деп 
айта алмаймыз. Небәрі 56 жас өмір 
сүрген мемлекет және қоғам қай-
раткері, ағартушы-педагог, психолог, 
дәрігер, профессор Халел Досмұха-
медов бүгін, ертең, одан арғы күндері 
де халқының мақтанышы болып, ту 
етіп ұстар ұлағатты ұланына айна-
латыны ақиқат. Халелді, Халел Дос-
мұхамедов етіп көрсетер жалынды 
патриот, көрнекті қайраткер етіп 
есімін аспанға әуелетер ісі артында 
қалды. Ол – туған халқының бақыты 
үшін, оның өсіп-өркендеуі үшін бар 
күш-жігерін аямаған дарқан дарын-
дарымыздың бірі. Аяулы азаматтың 
қай қырынан келіп зерделесек те, 
оның ерекше қырлары мұндалап көз-
ге ұрып тұрары даусыз.
Қазақ халқы алдындағы азаматтық 
парызына өмірінің соңғы сәтіне дейін 
адал болған Халел Досмұхамедовтың 
рухын қастерлеуді, мұраларын на-
сихаттауды, көпшілік көкейінде зер-
делеуді ұмытпауымыз керек. Сон-
дықтан халқының жан саулығы мен 
тән саулығының шипагері, қажымас 
қайраткері, әмбебап энциклопедист 
Халел Досмұхамедовтың қоғам-
дық-саяси қызметтері, мәдени-ағар-
тушылық, тәлім-тәрбиелік көзқарасы, 
ұстанған идеялық бағыт-бағдарлары 
бүгінгі өскелең ұрпақтың жадында 
сақталып қана қоймай, келешектегі 
игілікті істеріне де өнегелі үрдіс бо-
луы қажет.
Оның ғылыми-зерттеу жұмы-
сының негізгі бағыттары қазақ хал-
қының педагогикалық және психо-
логиялық ой-пікірлердің тарихы мен 
этнопсихология мәселелері болатын.
Халел Досмұхамедовтың ең басты 
ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты 
қазақ психологиясының тарихының 
қалыптасуы мен дамуын негізгі 3 ке-
зеңге бөле отырып, әр кезеңнің өзін-
дік ерекшелігіне, қазақ топырағында 
дүниеге келген ілкі ортағасырлық 
ғұламалардан әл-Фараби, Жүсіп Ба-
ласағұниден бастап, ХХ ғ. бас кезіне 
дейін Қазақстанда психологиялық 
ой-пікірдің дамуына сипаттама беріп, 
ғылыми деректермен өз тұжырымда-
масын дәлелдейді.
Профессор Х. Досмұхамедов 
ұлт тық психологияға қатысты ой-
ларды ортағасырлық ғұламаларды 
Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхам-
мед Хайдар Дулати, Қадырғали Жа-


186
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
лайри еңбектеріне тоқталып, жан 
құбылыстарын зерттеп, түсінік бере-
ді.
Жыраулар поэзиясының өкілдері 
Асан қайғы, Бұқар жырау, Ақтамбер-
ді, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. шыға-
рамаларындағы жан құбылыстарына 
нақты талдау жасайды.
ХІХ ғасыр екінші жартысымен ХХ 
ғ. бас кезіндегі Шоқан, Абай, Ыбырай 
еңбектерімен қатар ХХ ғ. бас кезін-
дегі қазақ Ренессансының іргетасын 
қалаған Шәкәрім Құдайбер діұлы, т.б. 
педагогикалық-психоло гиялық көз-
қарасына ғылыми сипаттама береді. 
Сонымен қатар, профессор Х. Дос-
мұхамедов республикада алғаш рет 
физиология, жас ерекшелік психо-
логия ғылымының қалыптасуы мен 
дамуы және көрнекті өкілдерінің 
психологиясы ғылымын дамытудағы 
сіңірген еңбектеріне тоқталды.
Профессор Х. Досмұхамедов тың 
педагогикалық және психология-
лық мұраларында ғұлама бабамыз 
әл-Фараби ілімінен бастау алған 
психо логия ғылымы шын мәнінде 
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында 
басқа қоғамдық ғылым-білім сала-
ларынан бөлініп, дербес ғылым бо-
лып қалыптаса бастағанын талдаған. 
Бұл тарауда ХХ ғ. бас кезінде Қаза-
қстанда психология ғылымының 
қалыптасуы мен дамуында өзін-
дік із қалдырған қазақ психология 
ғылымының көрнекті өкілдерінің 
психологиялық мұралары зерде-
ленді.
Профессор Х. Досмұхамедовтың 
қазақ халқының ұлттық психоло-
гиясы, соның ішінде ұлттық мінез 
бітістерін былайша сипаттайды: 
«Сұ лулығының әсерінен ғасырлар 
бойы қалыптасқан дархан жомарт-
тық, адамға деген мейірімділік пен 
өнерпаздық, биосферасының өзін-
дік ерекшелігінен туындаған асқан 
қонақжайлық, жойқын соғыс пен 
қуғын-сүргінге ұшырау салдарынан 
тірнектеп жинаған рухани мұраны 
өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қа-
лыптасқан – балажандық, үнемі мал 
шаруашылығымен айналысудан қа-
нымызға мейірімділік, ешуақытта 
басқа жұрттың жеріне көз алартпаған 
бейбітшіл саясат, өз тиген дұшпан-
ның қабырғасын қақырататын көзсіз 
батырлық, «мың өліп, мың тірілген» 
кездері керемет шыдамдылық пен 
барға қанағатшылық», – біздің ұлт-
тық мінезіміздің жоталы бітістері, 
халқымыздың ұлттық мақтанышы 
деп жазды [9, 56-б].
Ғалым күні бүгінге дейін түрлі 
деңгейде орта білім беретін мектеп-
тердегі шәкірттердің психология 
негіздерінен мағлұматы мардымсыз 
екені хақ дейді. Өйткені, бұл ғылым 
саласы жеке пән ретінде оқытылмай 
келді. Осының салдарынан шәкірт-
теріміз ойлау, сөйлеу мәдениетіне 
шорқақ, мінез-құлық, жігер, сезім 
саласынан сауаттары төмен болға-


187
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
нын жасыруға болмайды. Аталмыш 
ғылым негіздерінен жастарымыздың 
біршама сусындауы – оларда иман-
дылық пен адамгершілік ұстаным-
дарының жай-жапсарын атүсті, 
жал пылама, үстірт ұқпай осы сала-
дағы ғылыми деректерді ұғына бі-
луге жағдай туғызады. Психология 
ғылымының негізгі қағидалары мен 
ғылымының негізгі мәселелері де жиі 
өзгеріске түсе қоймайды. Төл тілі-
мізде ғалымның құрастырып отырған 
«Адамның тән тірлігі» еңбегінің бір 
ерекшелігі – мұнда халқымыздың сан 
ғасыр бойына ұлттық тәлім-тәрбие 
саласында тірнектеп жинаған небір 
асыл түйіндерінің молынан берілуі.
Профессор Х. Досмұхамедов қа-
зақ мектептерінде және жоғары оқу 
орындарында оқытылатын пәндердің 
бағдарламаларын жасау, оқулықтар, 
кітаптар, ғылыми терминологияны 
қалыптастыру, халық ауыз әдебие-
тінің үлгілерін жинау, бастыру жұ-
мыс тарын белсенді түрде жүргізе 
бастайды.
Демек, профессор Х. Досмұхаме-
дов педагогикалық мұрасынан ала-
тын тағылым орасан. Олардың қай-
қайсысы да жеке тұлғаның ұлттық
санасын оятуға, ұлттық рухани құн-
дылықтарымызды ұштауға, дербес
елдігімізді тәуелсіздікке ұластыруға
қажетті тәрбие құралы болып та-
былады. Осындай ұлы мақсаттардан
шыға отырып, туған халқы үшін
риясыз еңбек етті. Бүгінгі ұрпақ
осы асыл қазынаны игере отырып, 
ұлттық мұраттардан тағылым ала
білуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет