10.2.
Жылулық шамалар, олардың
бірліктері мен жүргізу тәсілдері
Өлшеу
бірліктерінде
негізгі
жылулық
шама
ретінде
температура қабылданған. Температура бірлігі кельвин К болып
табылады. Температура сонымен қатар Цельсий градусымен (°С)
ұсынылған. Абсолюттік температуралардың айырмашылығы
Цельсий шкаласы бойынша температуралардың айырмашылығы
ретінде кельвинмен өрнектеледі. Кельвиннің еселік жəне үлестік
бірліктері жалпы ережелерге сай түзіледі.
Газды термометрлердің көмегімен термодинамикалық шкала
бойынша температураның өлшемімен байланысты техникалық
қиындықтар тəжірибелік мақсаттар үшін Халықаралық тəжірибелік
температуралық шкала (ХТТШ) қабылданғанына əкелді. Бұл шкала
барлық метрологиялық органдар үшін міндетті болып табылады.
1968
жылы
қабылданған
халықаралық
тəжірибелік
температуралық шкала (ХТТШ -68) температураның белгілі
мəндері берілген кейбір заттардың тепе-теңдіктің жүргізілетін
күйлері (реперлік нүктелер) қатарына негізделеді. Реперлік нүкте -
«судың үштік нүктесі» - қалыпты атмосфералық қысымда (760
мм.сын.бағ) судың балқы температурасына сəйкес келеді жəне 0°С
(дəлірек 0,01 °С) немесе 273,16 К сəйкес келеді. Шкаланың реперлік
нүктелері
арасындағы
интерполяция
3,81
К...630,74
°С
диапазонында кедергінің эталондық платиналық термометрі
көмегімен жəне 630,74.1 064,43 °С диапазондағы эталондық
платиналы-платиналы родийлі термобудың көмегімен жүргізілед. 1
064,43 жоғары ХТТШ 133,58 К бастапқы температурада жəне С
2
=
0,014388 м • К тұрақты сəуледе Планка сəулелену заңына сəйкес
іске асырылады.
Қолданыста тағы да аспаптар бар болғандықтан, бірінші кезекте
градусталуы ХТТШ-68 сəйкес орындалған кедергі термометрлері
жəне термобулар оларды жөнделген нəтижелерді алу үшін
пайдаланғанда түзетулер енгізу қажет.
10.1 жəне 10.2 кестелерде маңызды жылулық шамалар мен
коэффициенттердің жиынтығы келтіріледі.
ХТТШ-68 жүргізуге арналған мемлекеттік (біріншілік) эталон
ретінде өлшеу құралдарының кешені қолданылады, ол -259,34.+1
064,43 °С температуралар диапазонында реперлік нүктелерді
жүргізуге арналған құрылғылардан (10.3-кесте), кедергінің
платиналық термометрлері, платиналық-платиналық родийлік
термобулар жəне электрондық өлшеуіштік аппаратурадан тұрады.
Біріншілік эталондық кешен өлшеудің үлгілік құралдарына
температура бірлігін беру қызметін атқарады (10.3-кестені қараңыз).
10.3-кестеде көрсетілген өлшеу дəлдігі туралы мəліметтер
184
|